3-тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік рөлі.
Бүгінде қазақ балаларының психологиясы мен мінез-құлқында,
жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола бастады. Ұлттық
болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық
және т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас
тұсындағы қарым-қатынаста қажетті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі
мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық
және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам
156
талаптарына айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты да-
мып жетілуі үшін тәрбие институттарының бар мүмкіндіктерін
қолдануда.
4-тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тен-
денциясы
Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы
болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары сапалы білім алып, жан-
жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы
мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен
қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие
болып отыр.
Отбасының даму тенденциялары бүгінгі нарықтық қатынас
ықпалынан туындап отырғандығы белгілі. Осы тенденция-
лар оқушыларды қоғам талаптарына сай қалыптастыру мен
әлеуметтендіру міндеттерін шешуде басшылыққа алатын бірнеше
қағидаларды айқындауға мүмкіндік береді. Олар:
1. Балалардың қоғамға енуінде және әлеуметтенуінде қажетті
қасиеттерді бойына қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және
басқа да арнаулы институттардың тәрбиелік мүмкіндіктерін
инте-
грациялау;
2.
Тәрбиені ізгілендіру.
Балалар бойында жоғары интеллектуал-
дық, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруда әрбір баланы қоғамның
ең жоғары әлеуметтік байлығы, құндылығы деп санап, онымен
ізгілікті қарым-қатынас жасау;
3. Мектептің педагогикалық ұжымының отбасымен тығыз байла-
ныс жасай отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға
мүмкіндік жасауын
даралау және жалпылау;
4. Мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың бел-
сенділігін, бастамашылдығы мен шығармашылдығын арттыруды
демократияландыру.
Я. А. Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағыт-
талған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы
жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап
етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен
хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана
мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді
педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А. С. Мака-
157
ренко, А. В. Сухомлинский, Н. К. Крупская және т.б. педагогтар
еңбектерінде кеңінен орын алған.
А. С. Макаренко отбасындағы тәрбиенің негізі еңбекте екенін
айта келіп, балаларды отбасы өміріне қатыстыру ерте кезден ойын
әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу арқылы басталуы керек дейді.
Оның «Ата-аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Ба-
лаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және т.б. еңбектері ата-
аналарға отбасы тәрбиесінде кеңес беруге арналған. Ата-аналардың
бүгінгі міндеттері бала тәрбиесі екенін кеңес педагогтарының бірі –
В. А. Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде
өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаныз-көрнекті жазушы не-
месе ғалым т.с.с. болу міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп-ақ,
өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз», – деп ата-ананың
қоғамдағы ең бірінші міндеті бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай
болуын қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келіп: «Адам –
дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы. Біздің
әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана, мынаны түсінуіміз керек:
тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдер-
мен аспанға көтерілген самолетпен бірдей - өзі де күйрейді, жұртқа
да өлім әкеледі», – деді.
В. А. Сухомлинский: «Рухани қозғау дегеніміз бұл – «мәпелеу»,
өйткені балғын шағында мәпелеу көрмеген бала жеткіншек кезі
мен жаңа есейе бастаған уақытында дөрекі, тас бауыр болып
кетеді, мұндай жағдайлардың бой көрсету себебі ата-аналардың
билікті дұрыс қолдана білмеуінен», – деп түсіндіреді. Ол ата-
аналарға: «Баланың жақсы болғысы келетін тілегін қастерлеңіз, ол
қылығын адам жанының аса бір нәзік рухани қозғалысы ретінде
аялаңыз, билігіңізді шектен тыс қолдана көрмеңіз, ата-ана билігінің
парасаттылығын рахымсыз, есерсоқтыққа ауыстырып алмаңыз», –
деп кеңес береді.
Қазақ ағартушылары да отбасы тәрбиесін назардан тыс қалдырған
емес. Оның ішінде Абай Құнанбаевтың поэтикалық шығармалары
педагогикалық көзқарасымен бөліп алғысыз байланыста. Оның
Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі,
Көкірегінде көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
158
Не бітті? - деген өлең жолдарында ата-аналарға бала тәрбиесінде
кеңес берген. Баланы шектен тыс еркелетіп, оның талап-тілектерін
орындап отыру, бала ер жеткенде кері нәтижесін кәрсететінін
ескертеді. Сондықтан баланы жастайынан дұрыс әрекетке
қалыптастырып, дұрыс талап қоя білу қажет екенін айтады.
Абай отбасында баланы тәрбиелегенде оның жас және
исихологиялық ерекшелігін ескеріп отыру керектігін насихаттайды.
Оның ойы бойынша баланың ең бірінші әрі ең негізгі тәрбиешісі ата-
ана болуға тиіс. «Әне, оны әперем, міне мұны берем» деп басында
балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса,
кімнен көресің? – деп теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға
алады (10-сөзі).
Абай өмірдің мәні дүниеде, байлық пен мансапта емес, мәдениет
пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп:
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез де-
ген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің
бәрі де – ақымақтық», – деп адамның ең негізгі артықшылығы
тәрбиесінде екенін айтады (18-сөзі). Абай сол тәрбиені беруші,
баланың өсіп жетілуінің бәрі отбасына, өскен ортасына, көргендері
мен байқағандарының салдары екенін, сондықтан бала жақсы тәрбие
алу үшін оның ортасын, оған әсер етуші ықпалдардың жағымды бо-
луын 19-сөзінде дәріптейді.
Қазақтың аты әлемге әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері,
зерттеуші М. О. Әуезов те отбасы тәрбиесі мәселелерін кеңінен
қарасгырған. Оның шығармаларында көптеген педагогикалық про-
блемалар кеңінен орын алған. Қазіргі халық педагогикасын орынды
қолдану мәселесін шешуде ұлы жазушының шығармалары таусыл-
мас қайнар бұлақ болып табылады. Көптеген шығармаларында отба-
сы тәрбиесінің сан алуан ерекшеліктері әдеби көрсетілгенімен, мәні
ғылыми түрде талданған. Соның ішінде отбасылық өмір салтын
көрсетіп, ондағы ер кісі мен әйел, ата-ана мен балалары арасындағы
қарым-қатынасты, ер кісі мен әйелдің үйдегі орнын, рөлін, тұрмыс
салтының ерекшелігін суреттеп бейнелеген. М. Әуезов «Адамдық
негізі – әйел» деп аталатын мақаласында адам баласының даму та-
рихына көз тастай отырып, о бастан тіршілік көзі де, ұрпақ жалғасы
да әйелден басталатынын айтады. Ер жағы қара басынан басқаға
қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұжымның ба-
сын құраған әйел екенін, алғашқы қауымнан бүгінге дейінгі әйел
бейнесін суреттейді. М. Әуезов баланың дамып, болашақта өз
159
қоғамының талаптарына лайықты жақсы азамат болып жетілуінде
оның өскен ортасы мен отбасы ахуалының ықпалы ерекше екенін
айтады. «Біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі
елжіреп сүйетін кісіміз, ол біздің анамыз», - деп әкеміз қандай ғалым
болсын, адамшылығына ірге болатын құлықты бәрібір анадан ала-
тынымызды айтады. Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерек-
ше маңыздылығын түсіндіре келіп, М. Әуезов тәрбие түзелу үшін,
ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының
дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын
талап етеді. Оны «... адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген
– әйел. Сол себепті әйелдің басындағы тұман айықпай халыққа
адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ, мешел
болып қалам демесең, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің
халін түзе», – деп әйелдерге бала тәрбиелеуде ерекше қамқорлықтың
қажет екенін айтады.
Отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелерін қарастырған казақ
әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Спандияр Көбеевтің
жазушылық және педагогикалық қызметі тығыз байланыста да-
мыды. Оның өлеңдері мен әңгімелері жастарға тәрбие берерлік
мазмұнға бай. Әсіресе, С. Көбеев отбасы тәрбиесіндегі ізгілікке
көп көңіл бөлген. Оның «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген кітабы
осының айғағы. Онда ата-аналарға баланы жастайынан отбасында
тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп береді.
Ол ата-анасы баласын әдепті де өнегелі етіп тәрбиелеуі үшін
оның әрбір әрекетінің дұрыс болуын қадағалап, бақылап отыруы
керектігін ұсынады. Сонымен қатар, мектеппен байланысты күшейту
және отбасы тәрбиесінде қажет болатын педагогикалық білімдермен
қарулануда тиісті әдебиеттерді жүйелі оқып отыруды кеңес береді.
Отбасында балаларды тәрбиелеу мәселелері мен оның
педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында өмір
сүрген қазақ ағартушылары да өз ойлары мен еңбек үлестерін қосты.
Осы тұста М. Жұмабаевтың «Педагогика» деп аталатын еңбегін айта
аламыз. Онда баланы тәрбиелеудің жолдары айқын жазылған. Ол:
«мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келе-
шек өз заманына лайық кылып шығару»,– дейді.
М. Жұмабаев бұл еңбекте баланың жан-жақты жетілуінің
психологиялық мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата-аналар
мен тәрбиешілерге балалардың ересектерден ерекшелігін біліп,
ескере отырып тәрбиелеуді ұсынады.
160
Отбасындағы тәрбие ата-ананың жеке басының ықпалымен
жүзеге асады. Тіпті баланың мінез-құлқы да отбасында ата-ана
ықпалымен, отбасындағы психологиялық ахуал жағдайына байла-
нысты қалыптасады. Мұның себебін психолог Н. Айғабылов былай
түсіндіреді: «Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінезіне
өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума
қасиетке ие емес пе екен» деген ойға келеді. Бала мінезінің әке-
шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, отбасында
барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі болса, екіншіден,
баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады.
Бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының
нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның
мектепте алған тәлім-тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын
табуы бәрі де ата-ананың басшылығы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-ананың бала тәрбиесіне ықпал ете білу шартының бірі –
олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара
қарым-қатынас баланы еріксіз ата-анаға жақындатып, олардың
айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды
ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге
тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше.
Отбасының ықпалы мен педагогткалық мүмкіндіктері көптеген
педагог-ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Т. М. Афана-
сьева өзінің «Семья» деген еңбегінде: «Кез келген жұмыс саласы
және бос уақытты өткізуге біздің өзіндік ерекшелігіміз, қабілетіміз,
сапалық қасиетіміздің қандай да бір бөлігі қажет болып жатады.
Бір жерде біздің ақылымыз, екіншісіне шеберлігіміз, үшіншісіне
ептілігіміз, төртіншісіне сезімталдылығымыз және т.б. қажетке аса-
ды. Ал балаға ата-ананың жеке басындағы қасиеттер толығымен ке-
рек: ақылы да, шеберлігі де, күші де, мейірімі де, көз әлпеті де, дауыс
ырғағы да, тіпті балаға әке-шешесінің иісі де қымбат, әрі маңызды»,
– делінген. Жеке бастың рухани және эмоциялық негізін қалау – от-
басы тәрбиесінің мақсаты мен мәні. Отбасы тәрбиесінің керемет
мүмкіндіктерімен қатар онда проблемалар мен қиыншылықтар да
жоқ емес. Осы тұста В. Катановский мен Е. Камильянова-Тетери-
на ата-аналардың бала тәрбиелеуде жіберген кемшіліктері туралы
былай дейді: «Бала өскен сайын және ер жеткен сайын, оның өз
бетінше өмір сүруге деген ынтасы күшейе бастайды, сөйтіп ата-
ана баланың көздеген мақсатына жетудегі табандылығын тежеуге,
тәрбиешінің ырқына көнбеуін басуға тырысады. Ата-ананың бірінші
161
қатесі – осы. Ал қалған кемшіліктер – бала талабын шексіз орындап
отыру, баланың арасына түсіп, орынсыз қорғау, тәрбие үрдісін дұрыс
пайдалана білмеуі», – деп көрсетеді.
Ал Ж. Б. Қоянбаев кейбір отбасыларындағы тәрбиенің қиындығы
мынада деп түсіндіреді: «Әке мен шеше өздерінің кемшіліктерімен
күреспейді, қайта оны жуып шаяды. Солай бола тұрса да олар ба-
лаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдай балалар-
ды дұрыс жолдан тайғызып, оларды «екі жүзділікке» итермелейді.
Демек кейбір ата-аналар балаларды тәрбиелеудегі ең бастысы -
тәрбиелеу мен жетілдіру үрдісін дұрыс басқаруды біле бермейді».
Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай
– еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі – оқу. Баланың жақсы оқып,
табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты
түснуі – оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларын-
да баланы тәрбислеу үрдісі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ.
Себебі онда балаларды болашақ өмірдің қиындықтарына дайын-
дау қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында, мектепте көп
баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді
ешбір қиындықсыз оңай ажыратуға болады. Бұл балалар биязы,
пысық, іске икемді, өз бетімен жұмыс істей алатын, көбінесе олар-
да жүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым, менмендік,
өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де отбасындағы жалғыз бала-
лар үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе,
көп балалы қазақ отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай
төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырым жасауға болады:
1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді.
Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы - ата-
аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар, әртүрлі нанымдар мен тыйымдар және т.б;
2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына
қамқоршы да көмекші болу керектігін, олардың болашағына
жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады;
3. Балаларды өз бетінше еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдар-
ға үнемі көмектесуге дайын болуға тәрбиелеп, адамдық қасиеттер
негізін қалайды;
4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін
(сөз шешендігі, қарым-қатынас мәдениеті, күй, ән, т.б.) қалып-
тастырады.
162
Кейбір отбасыларында тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан
дәстүрді байқауға болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек
әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие жұмысын жоғарылатып, жақсы
сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы, жігерлі
болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе,
отбасының рөлі зор.
Сонымен, қазақ отбасындағы тәрбиелік ықпалды біріне-бірі
ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол ата-әже, әке-
шеше, ұл мен қыз – осы үш ұрпақтың арасындағы міндеттері мен
парыздары. Әрбір ата-ана ұл-қыздарын бағып, тәрбиелеп, оларды
жақсы азамат, бауырмал, еңбекқор етіп тәрбиелеумен қатар, өздерін
кезінде тәрбиелеп өсірген ата-аналарын күту мен оларға қызмет
көрсету парызын өтеуге борышты. Өз кезінде олардың да балала-
ры өз парыздарын осылайша өтейді. Мұны ел аузынан тараған мы-
надай әңгіме дәлелдей түседі: «Маңдай терін төгіп жүріп тапқан
еңбек ақысын үшке бөліп жатып: Бірінші бөлігін қарызымды өтеуге
беремін, екінші бөлігін қарызға беремін, ал үшінші бөлігі өзімдікі»,
– депті (ел аузынан).
Бұл қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық негізін дәлелдейтін
мысал.
Жоғарыда келтірілген ғалымдар көзқарастары мен еңбектеріне
шолу отбасы балаларды тәрбиелеудегі негізгі фактор болатынын
дәлелдейді. Дегенмен жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін
фактор отбасы, мектеп, орта (қоғамдық орта, ауылдағы, жолдаста-
ры және т.б.) көпшілік хабар құралдары (газет-журнал, теледидар,
радио және т.б.), т.б. ішінен біз отбасын ең негізгі фактор деп бөліп
алғанымызбен, ол қоғамнан, әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі
мүмкін емес..
Сондықтан бүгінгі қоғамдық жағдайда отбасы мәселелерін ше-
шуде әртүрлі саладағы мамандар өз пікірлерін ұсынуда. Олар нарық
талаптарын ескерген демократиялық-құқықтық қоғамда отбасының
құрылымдық моделі қандай болуы керек деген сұрақ аясында пікір
таластырды.
Нарықтық қатынастың бүгінгі жағдайындағы отбасының
құрылымдық сипатын әлеуметтанушылар М. Тәжин, Б. Аяғанов бы-
лай деп түсіндіреді: «Біріншіден, қазіргі қоғамның экономикалық
өмірі кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында,
үлкен отбасыларымен салыстырғанда қайшылықтары көп жанжал-
дардан құтылуға икемделгіш болып алады.
163
Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп,
отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған
қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады», – деп шағын
отбасын мақұлдайды.
Сондай-ақ, Ресейлік ғалым Б. Н. Миронов та осы пікірді мақұлдап
былай дейді: «Если мы хотим жить в правовом демократическом го-
сударстве, нам нужно не пытаться реставрировать большую патриар-
хальную семью, а всеми силами развивать малую демократическую
семью... Демократизация семьи готовит демократизацию общества».
Бірақ демографтар (М. Тәтімов және т.б.) үлкен отбасылардың
болуын мақұлдап, бала санын көбейтудің жолдарын қарастыруда.
Оның үстіне отбасындағы педагогикалық жағдай көпбалалы от-
басыларында әлдеқайда жеңіл болатынын көрсетеді. Олай бол-
са, қоғамдық қажеттілікке айналып отырған қазақ халқының са-
нын көбейту мәселесін қолдай отырып, бүгінгі нарық қыспағынан
қиналмай, заман талабына сай білім мен тәрбие алып даму үшін
қазақ отбасыларында кем дегенде қанша бала болуы керек?
Ғалым-педагог В. И. Гребенников өзінің «Основы семейной жиз-
ни» деген еңбегінде ұрпақ жалғастырып отыру үшін әрбір отбасында
екіден ғана бала тәрбиелеудің аз болатынын түсіндірді. Себебі әрбір
ер кісі әке атанбайды, сол секілді әрбір әйел ана атанбауы мүмкін.
Екіден баласы бар әрбір отбасы отыз жылда өзінің жалпы санының
үштен бір бөлігін жоғалтып отырады екен. Жалпы халықтың саны
сақталып, жалғасып отыру үшін бүкіл халықтың жартысы үштен,
қалған жартысы екіден балалы болуы керек. Бірақ қоғам талабы
халық санын өсіруді мүдделеп отырғандықтан, халықтың тең жар-
тысынан көбі кем дегенде үш балалы болуы керек деген сөз.
Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс
ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең
алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет.
Отбасының қызметін зерттеген ғалым-педагогтар (Г. К. Байдельди-
нова, В. И. Гребенников, Б. Ж. Қоянбаев және т.б.) өз еңбектерінде
әртүрлі деңгейде қарастырған. Онда басым көпшілігі отбасы
негізінен ұрпақ жалғастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады
дейді. Ал ғалым педагог В. И. Гребенников отбасы қызметін бес
топқа, яғни ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелілік,
қарым-қатынастық және бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру деп
бөледі. Әлеуметтанушылар (М. Тәжин, Б. Аяғанов) өз зерттеулерінде:
«Қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге ұрпақ әкелу;
164
шамасы келетін жауапкершілікті әйелге сеніп жүктеуге болады.
Отбасының материалдық жағдайының негізі - ондағы ересектердің
қоғамдағы, үйдегі, тұрмыстағы еңбегі мен табысы болып табылады.
Еңбек – әрбір отбасының тек материалдық жағдайының көзі ғана
емес, ондағы әрбір мүшенің жан-жақты дамуының маңызды құралы
да болып есептеледі. Ақша кірісінің негізгі көзі еңбек айлығы болып
табылады. Ауылдық жерлерде бау-бақшаларында қажетті заттарын
егіп жинап алу арқылы материалдық жағдайын көтеруге қосымша
көмек жасайды. Оны тиімді пайдаланумен қоса кейбір шығынның
да орындалуы міндетті. Ол ай сайынғы тамаққа, пәтерге, жол
көліктеріне, шаруашылық заттары мен мәдени орындарға кететін
ақшалай шығындар. Ересектер мен балалардың күнделікті қажетіне
кететін қаражаттар, денсаулықты сақтау мен нығайту, киім мен үй
бұйымдары тағы бар.
Кіріс пен шығыс сәйкес келу үшін және отбасы мүшелерінің
қажеттерін толық өтеу үшін қаржыны жоспарлау қажет. Кейбір от-
басыларында ақшаны жоспарлау мен бөлу міндетін әйел өз еншісіне
алған. Ал кейбір отбасыларында бұл міндет былай бөлінген: әйел
тамаққа қажетті қаржыны өзі жоспарлап бөледі, ал ері басқа қажетке
керекті ақшаны жоспарлап, бөледі. Үшінші бір отбасыларында бұл
мүлдем басқаша жоспарланған. Онда ақша бәрі жиналып бір жерде
сақталады. Оның қай жерде және қанша екенін отбасындағылардың
бәрі біледі. Керек кезде шетінен алып жаратады да, өз әрекеттері ту-
ралы кезінде есеп беріп, ескертіп отырады. Ақшаны жаратуға бәрі
қатысады және өз әрекеттеріне жауап береді.
Балаларды отбасында қаржыны бөлу мен жұмсауға
қалыптастырудың тәрбиелік мәні үлкен. Бұл оларға отбасы қандай
қажеттілікке мұқтаж, ол қаншалықты маңызды (зәру) екенін,
сондықтан ең алдымен не істеу керек, өз қалауы мен өзгелер
қалауының қайсысы маңызды әрі барлығы үшін пайдалы екенін
түсініп өседі. Мұндай жағдай балалардың қарапайым, ұқыпты,
еңбекқор болып өсуіне мүмкіндік туғызады.
Отбасы қаржысына қатысты мәселенің ішіндегі ең күрделісі –
ересектер мен балалардың күнделікті қажетіне жаратуға берілетін
ақшаның бөлінуі. Бұл қаржының балаларға да берілуінің мынадай
үш себебі бар:
1. Баланың күнделікті қажетін өтеу (көлік, мектептегі тамақ,
оқу құралдарын сатып алу, кино және т.с.с.);
165
2. Қазіргі қоғамда ақша қарым-қатынасы орнап тұрғандықтан,
балаларды да ақшаны дұрыс жұмсап үйренуге баулу;
3. Баланың өз еркіне ақша беру, оған деген сенімнің белгісі. Се-
нім арту арқылы тәрбиелеу. Ол балаларды өзіне-өзі сеніммен қарауға,
ақшаны үнемдеп жұмсап, ересектер көңілінен шығуға талпындыра-
ды. Бір сөзбен айтқанда, балаға жаратуға ақша беріп отырудың өзі
оның дұрыс өсіп жетілуіне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.
Егер балаға күнделікті қажетіне керек ақшаны беріп отыратын
болсақ, бала ақшаны жұмсап үйренбейді. Себебі ол қолындағы
ақшаны ойланбастан жаратады. Өйткені ол ақша тиынына дейін са-
нап берілген.
В. И. Гребенниковтың көзқарасына сүйенетін болсақ балаға
қажетті ақшаны екі аптаға немесе бір айға деп беру керек. Ол
ақшасын неге жұмсаса да, бірінші кезекте не алса да өз еркіне берілуі
керек. Кей жағдайда ата-ана дұрыс жұмсауына көмек беріп отырғаны
жөн. Ең негізгісі қордың кіріс бөлімі шығыс бөлімінен артық болуы
керек. Соны балаға да түсіндіріп отыру қажет. Сондықтан сатып
алуға керекті заттарымыз бен қалауымызды кіріс мөлшеріне қарай
анықтап үйренуіміз керек.
Осы тұста ұлы ғұлама әл-Фараби ақшаны үнемді жұмсау мен
ысырапкершілікке жол бермеу тұлға бойынан табылуға тиісті са-
палар деп көрсеткен. Әл-Фараби қаржыны жұмсаумен байланысты
туындайтын бала әрекетiнiң қалыптасу сипатын бүгінгі қоғамдық
талаптар тұрғысынан қарастырған. Әл-Фараби ұрпақтарының қар-
жыны жұмсауда да шамаға лайықтылықты меңгеруін қажет деп са-
найды. Ол: «Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға
қарай жомарттық туады. Шектен тыс үнемшілдік не ақшаны кем
жұмсау сараңдыққа соғады, ал мұның өзі адам басындағы жаман
қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл
болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам басындағы
қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады», – деп балаларды жас-
тайынан «сауап», «обал» секілді түсініктермен таныстырып, үнемді
болуға үйретудің отбасы тәрбиесі арқылы қалыптастырылатынын
ескертеді. Бұл ұсыныстар қазiргi қазақ отбасы тәрбиесiнде өте
қажеттi нарықтық қатынас жасаудың талаптарына сай тұлғаның
экономикалық жетілуіне бағыт-бағдарды нұсқайды. Ғұламаның
ақша қатынасын да назардан тыс қалдырмай, адамзат қоғамының
бір маңызды қасиеттерінің бірі ретінде қарастыруы бүгінгі нарық
заманында өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
166
Отбасының ұрпақ жалғастырушылық және экономикалық
қызметінің педагогикалық мұмкіндіктері бірінші кезекте отбасындағы
балалар санына қатысты болады. Егер отбасында бірнеше бала бол-
са, онда толық бағалы отбасылық ұжымның қалыптасуына табиғи
жағдай пайда болады. Бұл отбасындағы әрбір адамның өмірін байы-
та түседі және отбасының
Достарыңызбен бөлісу: |