170
ды көпшіл, сабырлы, кең пейілді, бауырмал етіп қалыптастырған.
Енші алып бөлек кеткен ұлдары болса, олар да ата ақылынан тыс
кете алмаған. Барлық тұрмыс мәселелерін әулеттің атасы шешкен.
Мұндай отбасылары оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбірлігі
нығайып, біріне-бірі сүйеніш болып, табалдырықтары мықты
болған.
Осы тұста ғалым Әбуали Қайдар өзінің «Қазақ қандай халық?»
деген кітабында «...қазақта бір тұқымнан тараған әулеті неғұрлым
көп болса, халықтың ішінде ең күштісі сол, өйткені ол қажет
болған жағдайда әділдік орнына да, қорғануға да өз әулетінің күшін
жұмсай алады. Сондықтан қазақтарды бір іске итермелеу керек
болса, мұндайда ханның келісімінен гөрі өскен-өнген әулеттердің
басшы адамдарының айтқаны өтімді» – деп отбасында көп бала-
лы және олардың барлығының өз ортасында жоғары беделді болуы
үлкен күш екендігін сипаттайды. Сондықтан отбасы тәрбиесінің
тиімділігі ондағы баланың көптігінде дегенді айтады.
Ақын Ақтамберді:
Атадан алтау туғанның, жүрегінің баста-
ры, алтын менен бу болар. Атадан жалғыз туғанның, жүрегінің
бастары, сары да салқын су болар, жалғыздық сені қайтейін,
– деп
әрбір қазақ отбасы үшін жалғыз баласы бардың болашағы қиын бо-
лады дегенге келтіреді. Себебі қазақ қашан да көптеп өніп-өскенді
қалайтын халық емес пе? Содан болар халқымызда балалардың
көптігі берекенің молдығымен байланыстырылған. Мұндай ойлар-
ды көп балалы отбасындағы шаруашылықтың бөлінуімен, өзара
әрекеті қарым-қатынастың орнауымен, ата-аналарға қолқанат бо-
лар көмекшілердің табылуымен, тіпті дау-жанжалда да олардың
даусының басымдығымен байланыстыра сипаттап, былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: