Алеуметтик педагогика indd


отбасының бос уақытты және демалу-



Pdf көрінісі
бет63/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

отбасының бос уақытты және демалу-
ды ұйымдастыру қызметі
күшейіп келеді. «Бос уақыт деп 
жұмыстан басқа, яғни адамның өз еркіне берілген уақытты ай-
тамыз». Бос уақыт жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында 
адамның рухани және дене күшінің қалпына келтіруінде теңдесі 
жоқ әлеуметтік құндылықтардың маңыздыларының бірі. Бос 
уақытты ұйымдастырудың рөлін көтеру отбасы өмірінің тәртібі 
мен әрекеттерінің дұрыс орындалуын, отбасындағы адамдардың 
міндеттерінің дұрыс бөлінуін, еңбек пен демалуды дұрыс 
ұйымдастыруға қабілетті етеді. Отбасында бос уақытты ұйымдастыру 
мыналарды қамтиды:
– кітап оқу;
теледидардан бағдарлама көру;
– туған-туыс, достармен кездесу;
– театр, концерттерге бару;
саяхатқа шығу;
– спортпен шұғылдану, музыка, өнер мектептеріне бару, т.с.с. 
көңіл көтеру кештерін ұйымдастырулар жатады.
Отбасы өмірі – көпқырлы. Біздің жоғарыда қарастырғандарымыз 
тек оның негізгі қызметтері. Отбасы адамның жеке қажеттілігін, 
топтық жене қоғамдық маңызды қажеттерін қанағаттандырады. 
Қоғам отбасына ықпал етіп отырады, отбасы да қоғамның дамуына 
және өмір сүру дәстүрінің өзгеруіне әсерін тигізіп отырады.
Отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында ұнамды қасиеттерді 
қалыптастыру белгілі бір білімділік пен әрекет дағдыларының, 
әсіресе сезімдік қасиеттерін қалыптастырумен анықталады.
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін, ең 
алдымен отбасы қызметін жақсы білуі тиіс. Балаларды тәрбиелеуде


174
ата-аналарға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет бола-
ды. Осы тұста Н. И. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында: 
«Баланы дұрыс түсініп, қарым-қатынас жасау үшін оны біздің 
өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың ойлау өрісіне енуіміз 
қажет», – деп ата-аналарға балаларды түсіну үшін олардың ойы-
мен ойлап, солардың көзімен көре білудің қажеттілігін түсіндіреді. 
Осы тұста А. О. Пинт: «Ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін 
оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге 
қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез келген ата-анаға да 
педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап қалудан 
немесе әртүрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, 
өздері тарапынан орын алатын дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы 
олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді», –
дей келіп, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық 
байқағыштық, педагогикалық елестету, педагогикалық такт және 
ұйымдастырушылық қабілеттіліктердің болуын ұсынады, ал
О. Р. Кунц: «Жақсы адам, тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана 
қалыптасады», – деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың қоғамдық 
мекемелермен байланысын ұдайы орнатып отыруы тиімді болаты-
нын ескертеді.
Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық 
сауаттылығын көтерудің ошағы мектеп болып отыр. Сондықтан ең 
алдымен ата-аналармен жұмыс жүргізіп, олар білуге тиісті білімдерді 
өмір талабына сай насихаттап отыру сынып жетекшілерінен терең 
білімділікті қажет етеді.
Тұжырым: 
1. Отбасы баланы әлеуметтендірудің шешуші факторы 
ретінде бірқатар қызметтерді жүзеге асырады, ол қоғамдық 
құбылыс ретінде өзгеріп отырады.
2. Әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне байланысты тәрбие 
дәстүрлері мен функциялары ерекшелікпен іске асырылады.
3. Отбасы қызметтерін тиімді ұйымдастыру ондағы бала 
әлеуметтенуіне оң ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет