196
жағдайсыз өздігінен білім стандартын меңгеруге кедергі болатын
дене бітімінде, психикасында ақаулары бар балалар жатады. Со-
нымен қатар, әлеуметтік педагогикада «кемістік» түсініктері де
жиі қолданылады. Ғалым М. А. Галагузова оларға: дене жағынан
кемістік, психикалық кемістік, күрделі және ауыр кемістіктерді
жатқызады.
Дене жағынан кемістігі бар балаларға дамуында немесе дене
мүшесінің дұрыс қызметінде кемістігі бар балалар жатады.
Психикалық кемістікке оқуда қиындық туғызатын баланың
психикалық дамуында кемістігі болғанда, яғни соның салдары-
нан сөзінде, эмоциялық-басқару мүшесінде, ойлау қабілетінде,
психикалық дамуында кешеуілдік байқалатын балаларды жат-
қызамыз.
Күрделі кемістік деп баланың дене дамуында да, психикалық да-
муында да кемістігі болған жағдайды түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: