Алеуметтик педагогика indd


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет74/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Әлеуметтiк педагогикадағы «қалып» және «қалыптан ауытқу» 
ұғымдарына сипаттама берiңiз.
2. Ауытқудың түрлерiн атаңыз және оның себептерiне сипаттама берi-
ңiз. 
3. Бойында ауытқуы бар балалардың белгiлерiн атаңыз және әлеумет-
тiк ауытқулар арасындағы байланыстылықты дәлелдеңiз.


201
4. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік ауытқуы бар балалармен жұмыстың 
жүргізілуіне көзқарасыңыз қандай? Көзқарасыңызды нақтылы аргумент-
термен дәлелдеңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное посо-
бие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. – М.:Гуманист. 
Изд.центр ВЛАДОС, 2003. – 416 с.
2. Мудрик А. В. Социальная педагогика. Учебник для педагогичеких ву-
зов /под. ред. В. А. Сластенина – М., 2000.
3. Азаров Ю. П. Искусство воспитывать. – М.: Знание, 1971. С. – 32.
4. Семейное воспитание. Краткий словарь. – М.,Издательство полити-
ченской литературы, 1990. – 313 с.
5. Мудрик А. В. Общение в процессе воспитания. – М.:Педагогическое 
общество России., 2001. – 320 с.
6. Дружинина В. Н. Психология семьи. 3-ое издания.– М.: 2006.– 176 
стр.
7. Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –
Шымкент: Нұрлы бейне. 2006. – 188 б.
3.2 Девиация 

 әлеуметтiк-педагогикалық проблема
3.1.1 Девиация ұғымы, девиантты мінез-құлық туралы түсінік
3.1.2 Девиантты мінез-құлықты балаларға тән қасиеттерге си-
паттама 
3.1.3 Девиантты мінез-құлықтың түрлері және оларға сипат-
тама
«Девиация» кездейсоқ себептердiң әсерiнен заттың қалыпты 
жағдайынан ауытқуы деген мағынаны бiлдiредi. Жасөспiрiмдiк шақ 
– балалық шақтағы ең қиын және ең күрделi кезең. Бұл кезеңдi өтпелi 
кезең деп те айтады. Себебi бұл кезде жасөспiрiмдер балалық шақтан 
жiгiттiк шаққа өтедi. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерiстер бо-
лады. Ол физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік 
өзгерiстерден көрінеді.
Өтпелi кезеңде балалар сабағы өзгередi, жақсы оқып жүрген 
балалардың сабағы нашарлайды немесе кейбіреулерінде ынта 
пайда болады. Балаларда өзiндiк «мен» сезiмi пайда болады. Олар 
ерлiк жасауға құмар келедi. Тым елiктегiш болады. Жасөспiрiмдiк 


202
шақта өзiн-өзi тануға деген ұмтылыс күштi байқалады. Олардың 
өз көзқарастары мен пiкiрлерi әрекеттерi барысында айқын 
көрінеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде балалар отбасынан, мектептен 
оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар, әсiресе, 
өздерiн еркiн сезiнетiн ортаға араласуға бейiм болып келедi. Олар 
спорт секциялары, техникалық үйiрмелер болуы мүмкiн, тiптi темекi 
шегетiн, арақ iшетiн орын ретiнде үйлердiң жертөлелері болуы да 
мүмкiн. Бұл кезеңде балалардың көпшілігі ересектермен, әсiресе, 
ата-аналарымен көбiрек ерегiске барып, ортақ тiл табыса алмайды. 
Балалар ата-аналарының тең, құрдастай қарым-қатынас жасауын 
қалайды. Бұл кезде балалар көбiрек өз бетiнше өмiр сүруге тырыса-
ды. Олар өздерiне «кумир» сайлап алады да, соған елiктейдi. Басқа 
балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда қалыпты мiнез-құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» 
немесе «тәрбиесi қиын» бала деп санау қабылданған. Тәрбиесi қиын 
балалардың әрекетiн «девиация құбылысы» деп атайды. Мiнез-
құлқында, iс-әрекетiнде ауытқуы бар балаларға мыналар жатады: 
– мектепке, сабаққа бармайтын балалар; 
– жетiм балалар;
– әлеуметтiк жетiм балалар;
– улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспiрiмдер;
– жеңiл жүрiске түскен жасөспiрiмдер;
– тәртiп бұзатын жасөспiрiмдер.
Девиация девиантты, деликвенттi және криминалды мiнез-
құлықты қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет