Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет75/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Девиантты мiнез-құлық
деп мiнез-құлқындағы нормадан 
ауытқуы бар балаларды айтамыз. Бұл топтағы адамдарды тәртiпсiз, 
әдепсiз деп атауға да болады. Девиантты мінез-құлықтың көрінуі
балалар мен жеткіншектердің ортаға деген реакциясы, яғни агрес-
сия, өз бетінше және жүйелі түрде сабақтан қалуы, еңбектенуге 
құлқының болмауы; жүйелі түрде үйінен кетіп қалып қаңғырып 
жүруді әдетке айналдыруы, балалар мен жеткіншектердің ішімдікке 
әуестенуі; ерте нашақорлыққа қызығушылық танытуы, суицидтік 
әрекеттерге баруға талпынысының байқалуымен сипатталады.
Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі 
– анық немесе жасырын психопотологияның барлығын білдіретін 
психикалық саулықтың қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. 
Екіншісі – әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптар-
ды бұзатын антисоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, 


203
оларды құқық бұзушылық деп қабылдаймыз да, ал салмақты бол-
са әрі жазаланса қылмыс деп атаймыз. Бұл жерде делинквенттік 
(құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер мен мінездер туралы 
айтылып отыр.
Делинквенттi мiнез-құлық.
Бұл мiнездегi балалар девиантты 
мiнез-құлықты балалар қылығын қайталайды. Сонымен бiрге оларда 
көбiнде құқықтық нормаларды бұзушылық әрекеттер басым келедi, 
бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартуға баланың жасының 
кішілігі мен қоғамға келтірген зиянының аса қауіпті болмауынан
жазалауға тартылмайтын әрекеттер басым болады. Делинквентті 
мінез-құлықты балаларға мынадай қасиеттер тән: 
– зорлық көрсету, балағаттау, ұрып кету, адамзатқа қарсы 
әрекеттер жасайды;
– материалдық пайда табуды көздейтін қоғамдық көліктердегі 
ұрлық, машина алып қашу және т.б. айналысады;
– наркотик сату, тарату және т.б.
Бұл мiнездегi балалардың сыртқы әрекеттерiнде ғана емес, iшкi 
дамуында да көп ауытқулар болады.
Делинквенттік мінез-құлықты балалар тек сыртқы көрінісі 
жағынан ғана емес, ішкі тұлғалық жағынан да өзгерісті болады, яғни 
жеткіншектің құндылық бағдарында деформация болғанда ішкі өзін 
басқару жүйесінде де, өзін-өзі бақылауында еріктік-әлсіздік болады.
Криминалды мiнез-құлық
заңға қайшы әрекеттерi арқылы 
анықталады. Жасына қарай қылмыс кодескiнiң белгiлi статьясына 
байланысты қылмыстық iс қозғайды. Олардың іс-әрекеттері қоғамға 
және қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп табылады. 
Заңды бұзатын, мiнез-құлқында ауытқуы бар балаларға тән сипат 
мыналар:
– қылмыс түрлерi мен адамзатқа жат қылықтар жасау;
– iшкi құрылымдық ауытқу (яғни ауытқу белгiлi бiр әлеуметтiк 
топқа байланысты болса);
– ауытқудың сыртқы ортаға бағытталуы (отбасындағы ұрыс-
керiс нәтижесiнде қылмысқа барса) немесе өзiне зиян келтiрсе (ал-
коголизм және т.б.)
Жеткіншектегі ауытқыған жүріс-тұрыс өз-өзін дәлелдеп көрсету 
үшін пайда болады. Ғалым П. М. Якобсон мінез ауытқуларын оның 
ішкі түрткілеріне қарай негізгі үш түрге бөліп қарастырған:
1. 
Дүниеқорлыққа бағдарланған ауытқу.
Дүниеқорлыққа ба-
ғытталған әлеуметтік ауытқулар материалдық, ақшалай, мүліктік 


204
қажеттілікке қол жетуімен тығыз байланысты болып, оған құқық 
бұзушылық және зиян қылықтар жатады. Жеткіншектер арасындағы 
мұндай ауытқулар қылмыстық жазаланатын әрекеттер және 
қылықтар мен аморалды жүріс-тұрыстар ретінде көрініс береді.
2. 
Агрессивтілікке бағдарланған ауытқу.
Агрессивті бағдарлан-
ған әлеуметтік ауытқуларға тұлғаның жеке басына қарсы бағытталған 
әрекеттерді (тіл тигізу, бұзақылық жасау, ұрып-соғушылық, зорлау 
және адам өлтіру) жатқызады.
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет