Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әлеуметтік-пассивтік ауытқу.
Бұл түрі қоғам өмірінің 
белсенділігінен азаматтық міндеттерінен бас тартуында көрініс 
береді. Мұндай көріністерді жұмыс пен оқудан, тұлғалық және 
әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалын тигізбеуінен, қиял мен 
психиканы бұзу әлемінен байқауға болады. Ең соңғы позициясы – 
бұл өз-өзіне қол салу немесе суицид.
Осы арқылы асоциалды жүріс-тұрыс тек мазмұны мен мақсатымен 
ғана ерекшеленбей, сонымен қатар, қоғамға қауіптілігінің деңгейімен 
де ерекшеленеді. Бұған қоса, түрлі әлеуметтік ауытқуларда 
ерекшеленіп, көрініс береді.
А. Е. Личко жеткіншектердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-
тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар:
1. 
Ішімдікке салыну (маскүнемдік).
Бұл құбылыс күннен күнге 
көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-
әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді:
– Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде 
ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі;
– Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық 
түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір 
қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда 
жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі;
– Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз 
тәуелділік сезіміне негізделеді.
2.
Нашақорлық.
Есірткілерді пайдаланған кезде жеткіншектер 
белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жа-
сау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді. А. Е. Личко бойынша, 
нашақорлықтың түрлі деңгейлері бар.
Олар:
– Бір рет немесе сирек пайдаланатын нашақорлар;
– Физикалық және психикалық тәуелділік белгілерсіз жиі 
қолдану;


205
– Психикалық тәуелділік қалыптасуында жағымды сезімдерге 
бөлену үшін әлі есіркі заттарға физикалық тәуелділік болмаған 
кездегі нашақорлықтың бірінші кезеңі;
– Нашақорлыққа физикалық тәуелділік болатын екінші кезең;
– Толықтау психикалық және физикалық деградация. Бұл үшін-
ші кезең болып саналады.
3. 
Агрессивті мінез-құлық.
Жеткіншектер агрессиясы олар-
дың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін 
сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады. 
Мұндай қатігездік отбасында әбден еркелетіп өсірген, өз істеріне 
жауап бере алмайтындарда да кездеседі.
4. 
Суицидиалды мінез-құлық.
Осы бағытта ғалым А. Е. Личко 
жеткіншектердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы 
жеткіншектердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын 
анықтаған;
Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауына түрткі болатын 
конфликтілік жағдайларының алдын алу, жетелеген қолайсыз 
психологиялық климатты болдырмау бұл әрекеттерге тосқауыл 
болуға мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева «девиантты мінез-құлық» 
деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды:
– Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, 
мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, 
түрлері); 
– Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері ба-
ғытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зор-
лау);
– Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке 
мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суи-
цид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жал-
тару.
Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың 
реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі 
негізінде қарастырылады. Сондықтан бір жағынан баланың мінез-
құлқында теріс белгі, дабыл, нышанның пайда болуы, дамуы, 
екіншіден, жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік 
әсердің сапа көрсеткішінің төмендеуіне алып келеді.
Мінез-құлықтағы кертартпалық жағымсыз жағдай немесе 
өмірдегі жүйелі, бір жақтылы әрекет біртіндеп жиналып кейіннен 


206
өткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтың деңгейіне
қырсықтық, шектелу, қашу, агрессия жатады. Бұл мінез көрсеткіштері 
белгілі бір психологиялық жағдайларда пайда болып, жеткіншек 
оның мән-мағынасына түсініп, одан арылуға ниет етіп, күш салғанда 
жоюға болады. Егер сол ыңғайсыз жағдайлар қайталана берсе, 
психологиялық «толық емес» сезім қалыптасады. Мінез-құлықтағы 
белсенділікпен және енжарлықпен икемделу топ ішінде немесе жеке 
әрекеттер арқылы жүреді. Мұндай жағдайлар орын алмаған кезде 
мінез-құлық бұзылып, агрессия, қойылған талапты орындаудан қашу 
секілді әрекеттер байқалады. Мінез-құлықтың сипатына қарай өзара 
әрекеттерінің тәсілдеріне байланысты және қоғам нормаларының 
бұзылуына сәйкес К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес 
түрге бөліп көрсеткен: 
1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу);
2. Аддиктивті мінез-құлық;
3. Патомінездік мінез-құлық;
4. Психопатологиялық мінез-құлық;
5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық.
Адамның қылмыстық мінез-құлқы түрлерінің бірі – делинквент-
тік мінез-құлық, бұл қылмыстық жазаға тән жағдайлардағы 
ауытқулар. Делинквенттіліктің, криминалдық мінез-құлықтың басқа 
девиация түрлерінен айырмашылығы құқық бұзылушылықтың 
ауырлығында, қоғамға қарсы көрсетілген әрекеттің сипатында. 
Құқық бұзушылықты қылмыс және шектен тыс әрекеттер деп екіге
бөлінеді. Шектен тыс әрекеттердің мағынасы тек қоғамға қауіп 
келтіру емес, заңға қарсы әрекеттерімен ерекшеленеді.
К. К. Платонов қылмыскерлік девиацияны тағы жіктеп келесі 
түрлерге бөлген:
1) қылмысты қайталауға іш тартып, соған сәйкес қылықтарымен 
айналысуға құмарлықтың орын алуымен байланысты қылмыс жа-
сайтындар;
2) ішкі психологиялық әлемінің тұрақсыздығымен байланысты 
өзге адамның немесе қоршаған ортаның әсерімен қылмыс жасай-
тындар;
3) құқықтық сезімі жоғары дамыған, бірақ құқықтық нормала-
рын бұзушыларға қызығушылығымен байланысты қылмыс жасай-
тындар;
4) құқықтық сезімі жоғары дамыған, құқық пен нормаларды 


207
бұзушылармен белсенді күресуге бағытталған әрекеттер кезінде 
басқаларға зорлық көрсетіп қылмыс жасайтындар;
5) кездейсоқ қылмыстық әрекетке душар болғандар.
Делинквентті мінез-құлқы бар адамдар тобына екінші, үшінші 
және бесінші топ өкілдерін жатқызады. Мұндай индивидтер 
өзгелердің заң бұзуына ішкі қарсылық әсеріне бөленіп, өз әрекетінің 
нәтижесі қандай болатыны туралы ойланбай құқық бұзушыға қарсы 
әрекеттер жасайды. Белгілі бір әрекетке оятатын күш оның теріс 
нәтижеге алып келу мүмкіндіктерін талдауын тежейді. Деликвенттік 
әрекеттерді ситуациялық, импульстік немесе аффектогендік мо-
тивтер басқарады. Л. Ф. Бурлачук ситуациялық-импульстік 
қылмыс әрекеттер негізіне қанағаттанбаған қажеттілік жатады деп 
түсіндіреді.
Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. 
әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен неме-
се (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара 
жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы 
мүмкін. Бұзықшылық жасап аэропорт диспетчеріне самолетте бом-
ба қойылғаны туралы қоңырау соғуы мүмкін. Өзінің жеке басына 
назар аударту үшін жас жігіт телевизиялық мұнараға шығуы не-
месе психологтың сөмкесінен жазба блокнотын ұрлауы және т.с.с. 
әрекеттер жасауы мүмкін.
Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамды кепілге 
алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып-
сатарлық жасау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық 
және тағы басқалармен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. 
Қылмыс жасаған жеткіншектердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс 
жасап сотталғандар. Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің 
қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе 
түсуде. Жасы кәмелетке толмаған қылмыстық ауытқушылығы 
барлардың 90–95%-ы ер балалар. Бұлардың қылмысына не себеп 
дегенге келсек, олардың көпшілігі оқуға, еңбекке ынта қоймайды, 
бос уақыттырын қаңғыбастық пен құмар ойындарға, ішімдікке, 
нашақорлық және басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға және 
т.б. істермен айналысуға арнайды. Қоғамға жат осындай іс-әрекеттер 
сөз жоқ оларды қажетті қаражат табу үшін ұрлыққа, тонауға және 
басқа да пайдакүнемдік қылмыстық әрекеттер жасауға итермелейді. 
Маскүнемдікке салынған қылмыскерлер көп реттерде «өзін нағыз 


208
еркек» етіп көрсету мақсатында кез келген қылмысқа барудан тай-
ынбайды, қылмыстың жазаланатындығына онша мән бермейді.
Аддиктивтік мінез-құлық – девианттық мінез-құлық түрлерінің 
бірі. Ғалымдар З. И. Файнбург, Т. А. Донских бұл мінез-құлықтағы 
адам ақиқаттан жасанды жолмен, психикалық күйін жасанды 
өзгертумен шығады деп түсіндіреді. Аддиктивті түрге бейім жеке 
адамның негізгі мотиві оларға қызықсыз, «сұр» болып көрінетін 
психикалық күйінің өзгеруі болып табылады. Мұндай адамға 
іс жүзінде оның назарын аударып, қызықтыратын қандай да бір 
қызмет саласын табуға мүмкіндік туады. Өмір оған қызық емес 
сияқты, біркелкі қараңғылық болып көрінеді.
Қоғамда қалыпты болып табылатын жайттарды, мысалы, бір 
нәрсе жасау қажеттілігін, қандай да бір іспен, қызметпен айналысу-
ды, отбасында немесе қоғамда қабылданатын қандай да бір дәстүрлер 
мен нормаларды сақтауды жаны қаламайды, оны қабылдамайды. 
Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі 
белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау 
адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге 
алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті 
көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс 
беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән:
– Қиыншылықтарды бастан кешіруге төзімділігінің төмендігі;
– Сыртқы ортаға икемделу келбетінің толыққанды еместігі;
– Тұрақты эмоциалық жағдайда қорқыныш сезімінің басым бо-
лып, социабильдікпен үйлесетіндігі;
– Көп жағдайларда өтірік айтуы;
– Айыпты болмаса да басқаларды айыптауы;
– Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартуы;
– Жағымсыз стереотиптік мінез-құлықты қайталауы;
– Өзгелерге тәуелділігі;
– Өзінен күштілерге алаңдаушылығы.
Аддиктивті адам жеке тұлғаның классикалық түрінің антиподы 
болып табылады. Ал қарапайым адам әлеуметтік ортаға, отбасы, 
туысқан, жақын адамдар мен өмірге бейімделген адамдар болып 
табылады. Нақ осы қарапайым адамның өзі қоғам көтермелейтін 
нормалары болып қалған дәстүрлерін өндіреді. Ол өзіне сенімді, 
бірбеткей, қоршаған ортада өзгерістер жасауға бейім, ақиқатқа риза 
(өмірдің кішкене қуаныштарына) тәуекелділікті кемітуге әрекет жа-
сайды, ол өзінің «дұрыс» өміріне риза. Одан аддиктивті адамның 


209
айырмашылығы ол керісінше, тұрақты емес, «туылған кезден бастап 
оның әрекеттерінде не болатынын және тағдырын болжау, оны кері 
тітіркендіретін сәтті анықтау қиын.
Олардың бастан кешірген кризистік оқиғалары, аффектілері өз-
өзіне сенімділік тудыратын, өзін-өзі сыйлайтын және басқалардан 
асып түстім деген сенімділік туғызады. 
Психологиялық ашығудың девианттылыққа жетелейтіндігі 
ғылымда дәлелденген. Э. Берннің пікірі бойынша адамда пси-
хологиялық ашығудың алты түрі бар:
– сенсорлық стимуляцияға ашығу;
– өзгелерге өзін мойындату бойынша ашығу;
– қарым-қатынас жасауға ашығу;
– физикалық жақындасуға және сексуалдық қатынасқа ашығу;
– психологиялық құрылымдық ашығу;
– тіл табысуға келіспеушілік жағдайында ашығу.
Девиациялық мінез-құлықтың шегінде көрсетілген ашығу 
түрлерінің әрбірі өрши түседі. Адам ашығу сезіміне қанағат таппай-
ды және осы ақиқат жағдайда сол ыңғайсыздықты шешуге ұмтылады. 
Ол сенсорлық стимуляцияның (күш берудің) жоғары деңгейіне жету-
ге ұмтылады (қарқынды әсерлерге, қатты дауысқа, өткір иіске көңіл 
бөледі). Сонымен қатар, күнделікті өмірдің қиыншылықтарын игере 
алмауы, жақындарынан ұдайы ескертулер естуі, кемшілігін бетіне 
басуы мұндай аддиктивті адамдарда «жабық толыққандылық емес» 
кешенін қалыптастырады. Олар басқалардан ерекше болғаны үшін 
жапа шегеді, адамдар сияқты өмір сүре алмайтынына азаптанады.
Алайда мұндай «толыққанды емес кешені» гиперкомпенсаторлық
реакцияға айналады. Мұндай адамдарға социум жағынан басымдық 
жасау қарқынды жүреді, аддиктивті адамдарға қоғамға, оның нор-
маларына қарай бейімделуіне тура келеді, «бөтендер арасындағы 
өз рөлін» ойнауға тура келеді. Осының нәтижесінде, ол қоғам 
міндеттейтін әлеуметтік рөлдерді орындауға үйренеді. Мысалы, 
үлгілі бала – инабатты. Ішкі әлеуметтік қатынастарды оңай түзеу 
манипулятивті мінез-құлықпен және эмоциялық байланыстармен 
сүйемелденеді. Мұндай адам тұрақты эмоциялық қатынастармен 
және ұзақ қатынаспен үйлесе алмай, бойын қорқыныш билейді, 
нәтижесінде сол бір адамға деген қызығушылығы жоғалып, ол 
қандай да бір жауапкершіліктен қорқа бастайды. «Сұр бойдақтың» 
мінез-құлқының мотиві, егер онда аддиктивті мінез-құлық пайда 


210
болса, онда ол отбасы құрудан, әйелі мен балаларының алдындағы 
жауапкершіліктен қорқады.
Девиациялық мінез-құлық психологиялық ауытқумен байланыс-
ты болғанда ол көптеген дезадаптациялық құбылыстармен байла-
ныста көрініс табады: өтірік айтуға ұмтылу, қоршаған ортаны, 
айналасындағы адамдарды алдау, сонымен бірге өз қажеттігі
үшін басқаларды айыптау, күнделікті міндеттерге толы өмірден 
қорқу, қандай да бір жағдай үшін жауапкершіліктен қорқу 
аддиктивті адамның құрылымынан шығады, ол қоршаған ортасы-
нан, айналадағылардан өзінің «толыққанды емес» кешенін жасыруға 
әрекет жасайды. Аддиктивтік мінез-құлық кезінде ақиқаттан қашу 
жүзеге асады, яғни адамның белсенділігі бір бағытта ғана жүреді. 
Бұл мәселені өзіне ыңғайлау үшін адам қызметтің азды-кемді бір са-
ласына икемделеді және барлық өмірін сол қызметке бағыштайды. 
Д. Миллер концепциясының тұжырымына сәйкес «ақиқаттан 
қашудың» төрт түрі бар:
1. Денеге қарай қашу;
2. Жұмысқа қашу;
3. Қатынасқа (контактіге), жалғыздыққа қашу;
4. Қиялға берілу.
«Денеге қарай қашу» түрін таңдау негізінде отбасыға дәстүрлі 
өмірден қызметтік дәрежесінің өсуіне, күнделікті өмірді өзгертуге, 
яғни өзіндік физикалық және психикалық жетілуіне ғана бағытталған 
әрекеттің қайта бағытталуында өтеді. Бұл кезде өзін сауықтыру ша-
ралары сексуалдық өзара әсерлермен, жеке келбетімен, демалыс са-
пасы мен демалыс тәсілдерімен айналысу әрекеттері басым болады.
«Жұмысқа қашу» – адам жұмысқа шектен тыс уақыт бөліп, 
қызметтік жұмыстарында дисгармониялық тіркеумен сипаттала-
ды, еңбекқор атанады. Коммуникативтік құндылықтарын өзгерту 
«қатынастан қашу немесе жалғыздық» түріндегі мінез-құлықта 
қалыптасады. Бұл жағдайдағы қарым-қатынас адамның қажеттілігін 
қанағаттандыратын жалғыз тәсіл болып, қарым-қатынас минимумға 
дейін баратын жағдайлар да болады. Олар ой-қиялға берілуге бейім, 
өмірге қандай да бір үлесін қосуға белсенділік төмен, қандай да 
бір нақты белсенділікті көрсетуге пассив болады. Мұндай түрдегі 
қашудан философиялық ізденістерге, сонымен бірге діни фанатизм-
ге, иллюзиялар әлеміндегі өмірге деген қызығушылық туады. 
Девианттық мінез-құлықтың патосипаттық түрлері тәрбие 
процесінде қалыптасқан мінездің патологиялық (ауытқу) 


211
өзгертулерімен шектелген. Оларға жеке адамның көңіл күйінің 
бұзылуы (психопатия) және мінездің анық акцентуациялары жата-
ды. Мінездің дисгармониялық түрі адамның психикалық қызметінің 
барлық құрылымының өзгеруіне әкеліп соғады. Ол өз қимылында 
нақты және теңбе-тең шартталған мотивтерді емес, «психопатиялық
өзін-өзі актуализациялауды» басшылыққа алады.
Берілген мотивтердің маңызы – идеал болатын «Мен» және өзін-
өзі бағалау аралығындағы жеке диссонансты жою. Л. В. Балабанова-
ның мәліметтері бойынша жеке адамның эмоциялық тұрақсыздығы 
мен көңіл күйінің бұзушылық кезіндегі мінез-құлықтың жиі 
кездесетін себебі тартылу деңгейінің адекватсыз қимылын 
жүзеге асыруға ұмтылу, сонымен қатар өкпелегіштік, қырсықтық, 
шыдамсыздық болып табылады.
Девиациялар адамның бүкіл өмір қызметін тізімдейтін 
невротикалық ритуалдар түрінде көрсетіледі. Клиникалық 
құбылыстарға байланысты адам ақиқаттың қарсылық тәсілдерін 
таңдай алады. Мысалы, адам өзінің жоспарларына қайшы келетін 
стереотиптік әрекеттерді (мысалы, есікті ашу, жабу, аялдамаға 
жақындаған троллейбусты бірнеше рет өткізіп алу) жасайды, ондағы 
мақсаты – эмоциялық күш пен дабылды алып тастау. 
В. Г. Степанов, В. Г. Крутецкий мектептегі мінез-құлықтың 
қиындық туғызатын мәселелерін қарастыра келе, оқушыларды екі 
топқа бөледі. Бірінші топқа адамгершілік дамуында және мінез-
құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар 
оқушыларды жатқызады. Олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, 
өтірікші балалар. Екінші топқа акцентуациясы анық байқалатын 
және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.
Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен, 
тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамай-
тын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмай-
тын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық да-
муы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ болып келеді.
Оқушылардың мінез-құлықының бұзылуы немесе девиантты 
мінезі бірнеше түрде көрініс береді:
– гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы
– мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы
– әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы
– әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы
– делинквентті мінез-құлық


212
– ерте кезден ішімдік қолдану, наркомания
– девициді сексуалды мінез-құлық
– тұлғаның психогенді патологиялық құрлымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет