230
– баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға
бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа
дағдыларды үйренуге оқыту;
– әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және
олардың пайда болуының алдын алу.
Концептуалдық тұрғыдан профилактикалық технологиялар-
ды пайдаланғанда бұл мәселеге
ақпараттық
тұрғыдан келу
маңызды. Бұл жеткіншектер мінез-құлқындағы әлеуметтік қалыптан
ауытқудың болуы кәмелетке толмаған жеткіншектің ол туралы
білмейтіндігіне негізделеді. Сондықтан жұмыстың негізгі бағыты
кәмелетке толмаған балаларды олардың құқықтары мен міндеттері
туралы, әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар үшін қоғам мен мем-
лекет тарапынан анықталған әлеуметтік қалыптың орындалу қажет
етілетін талаптары туралы ақпараттандырудан тұруы тиіс. Мұндай
іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы іске
асыруға болады.
Әлеуметтік-профилактикалық
тұрғыдан келудің негізгі
мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себеп-
тер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады. Бұл
келістің мәні девиантты мінез-құлықтың себептерін жою мен азайту
үшін мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер
тарапынан және әлеуметтік педагог тарапынан ұйымдастырылатын
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық,
құқықтық және тәрбиелік шаралардың жүйесінде болып отыр.
Егер осы бағыттағы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмесе,
онда жеткіншектер арасында нашақорлықпен айналысу әркімнің
өз шаруасы, ал наркотикті таратқандар ғана жазаға тартылады
деп ойлауы әбден мүмкін болады. Сондықтан жаза олардың наша
қолданғаны үшін де қолданылатынын насихаттау және жаман
қасиеттер мен әдеттерден бойын аулақ салу туралы көптеп насихат
жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алудың маңызды бағытының
бірі ақпараттық және әлеуметтік-профилактикалық келістермен
қатар қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: