Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет87/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

IV т а р а у.
ӘлЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАлыҚ Іс-ӘРЕКЕТТІҢ 
ӘДІсТЕМЕсІ МЕН ТЕХНОлОГИЯсы
4.1 Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен 
технологиясы
4.1.1 Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен 
технологиясы түсінігі
4.1.2 Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен 
технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері
4.1.3 Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу тех-
нологиясының практикасы
4.1.4 Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы 
басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі
Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең 
алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің 
маманы болу үшін ол алдымен физиканың заңдылықтарын оқып 
үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін анатомия, физиоло-
гия ғылымдарын меңгереді. Демек әрбір ғылымның алдында қалай 
оқыту керек, қалай емдеу керек, қалай жүзеге асыру керек деген секілді 
сұрақтар тұрады. Дәл осындай сұрақ болашақ әлеуметтік педагог 
маманының да алдында тұрады. Бұл ғылымның ерекшеліктерімен 
және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұнымен танысып 
болған соң болашақ әлеуметтiк педагог баланың жеке тұлға болып 
қалыптасуына қалай көмектесу керек, оның бойында ауытқу болмау 
үшін оның қалай алдын алуға болады? деген сұраққа жауап іздейдi.
«Әдістеме» – бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты 
бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. 
Біз әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған 


237
кезімізде «әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде 
қолданылады. Атап айтқанда, психологияда, әлеуметтануда, педаго-
гикада және т.б.
Философтардың берген анықтамаларына сүйенетін болсақ, 
«әдіс» 
– бұл зерттеліп отырған объектінің заңдылығынан 
туындайтын іс-әрекетті меңгерудің теориялық және практикалық 
тәсілі. Әлеуметтік педагогика ғылымның бір саласы екендігі бізге 
белгілі. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістерін 
айқындауда біз педагогика ғылымында қолданылып жүрген оқыту 
мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістеріне сүйенеміз. Екіншi жағынан, 
әлеуметтік педагогиканың спецификалық ерекшелігін ескереміз.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің негізгі нысанасы баланың 
дамуы, оның қоршаған ортасы екендігін және оның әлеуметтенуіне 
көмектесетін әлеуметтік педагог қызметі екендігін есте ұстауымыз 
керек.
Әлеуметтік педагог баламен тікелей байланыста немесе баланың 
отбасымен, достарымен, балалар ұжымымен байланыса отырып 
жұмыс жүргізеді. Ол кішкентай уақыттың ішінде проблеманы шешуі 
мүмкін, ал кейде ұзақ мерзім баламен жұмыс жүргізуі мүмкін.
«Әдістер» 
– бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік 
тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен 
әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.
Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымының жаңа саласы болып 
табылатындықтан, әдістер топтары туралы айту әлі ерте. Сондықтан 
әлеуметтік педагог өзінің практикалық жұмысында педагогика, пси-
хология және т.б. ғылымдардың тәрбие әдістерін пайдаланады.
Әдісті таңдап алу әлеуметтік педагогикалық жағдаятқа, баланың 
мінез-құлқына және т.б. мәселелерге байланысты анықталады.
«Әдіс» ұғымы басқа әлеуметтік педагогикалық қызметте «тәсіл» 
және «құрал» деген ұғымдармен де жиі байланыста қолданылады. 
Шын мәнісінде әрбір «әдіс» жекелеген тәсілдердің жиынтығынан 
пайда болады. Олар арнайы мамандардың практикасы арқылы 
жинақталып, ұсыныстары басқа мамандар тарапынан таратылып, 
жария етіледі.
Дегенмен тәсілдер әдістен тыс әлеуметтік педагогтар арқылы 
қолданыла береді. Мысалы, әйгiлi зерттеушi Э. Ш. Натанзон әдістерді 
«дамытушы» және «теңеуші» деп бөлді Дамытушы әдістерге ол 
сенімді, өз күшіне сенуді ынталандыру, көңіл бөлу, өтіну, ренжіген 
кейіп білдіру, сенімді күшейту және т.б. жатқызды. Ал «теңеуші» 


238
әдістерге бұйрық беру, сыңай білдіру, жылы сынау, айыбын бетіне 
басып отыру, көңіл аудармау, сенім білдірмеу, сенбеу, ренжіген кейіп 
таныту, жақтырмаған кейіп таныту, кінәлау, ескерту, айқайлап ұрсу 
және т.б. жатқызды. Тәсілдер мен әдістерді қолдану әлеуметтік 
педагогтың әдістемені қаншалықты деңгейде меңгергеніне ғана 
байланысты болмайды. Оған қандай тәсілдер ыңғайлы, қандай 
құрамдарда пайдаланады, соған да байланысты болады.
Соңғы бірнеше онжылдықта «технология» ұғымы техникалық 
мамандықтар шеңберінен шығып, анағұрлым кең ауқымда өзге 
ғылымдар мазмұнында қолданылып келеді, атап айтқанда өндірісте, 
басқару саласында, математикада, педагогикада және т.б. ғылым са-
лаларында қолданылатын болып жүр. «Технология» 
– сөзi «техно» 
- өнер, шеберлiк, және «логос» 
– ғылым деген сөздерден құралған. 
Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысында «Әлеуметтік техноло-
гия» ұғымы қарқынды қолданылып келеді. Әлеуметтік технологияны 
рационалды мақсатты бағытталған әлеуметтік әрекеттердің әдістері 
мен әдістемесін жасау деп түсіну керек деп келтіреді Е. И. Холос-
това өзінің «Әлеуметтік жұмыстың теориясы» атты кітабында. 
Егер әлеуметтік педагогика іс-әрекеттің ерекше түрі болып 
табылатын болса, онда, әлеуметтік-педагогикалық технология, 
біріншіден, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесін тиімді 
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік педагогтар 
мен тәрбиеленушілерге өзара ықпал етуде жекелеген мекемелер-
де, әлеуметтік қызметте әлеуметтік педагогтар қолданатын әдістер 
мен әдістемелердің жиынтығы; екіншіден, нақтылы әлеуметтік 
педагогтың қызметін рационалды бөлу негізінде әлеуметтік- 
педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың тәсілдері және 
әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудағы тиімді әдістер 
мен құралдарды таңдау мақсатында операцияларды реттеу.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет әлеуметтік ресурстардың 
шектеулілігіне және әлеуметтік проблемалардың сан алуандылығына 
байланысты, әлеуметтік педагогиканың негізгі нысандарының 
көпқырлылығы мен қарама-қайшылықтылығына байланысты 
технологиялық болуға тәуелді. 
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» тех-
нологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы 
Е. И. Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді:
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет