244
Көз жеткізудің шектелген бөлігі – талап ету. Көз жеткізу әңгіме,
сұхбат, лекция, диспут, мысалдар келтіру және т.б. әдістер арқылы
жүзеге асырылады. Әңгіме мен лекция – әлеуметтік педагогтің
бір адаммен жүргізілетін әдісінің монологиялық формасы. Әңгіме
кішкентай балалармен жұмыс жүргізуде қолданылады. Ол уақыт
жағынан шектелген, нақты, жарқын мысалдар мен фактілерге арна-
лады. Ал, лекцияда негізінен күрделі ұғымдар мен құбылыстар сөз
болады. Сондықтан ол жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін
жұмыста қолданылады. Сұхбат және пікір таласу - көз жеткізу
әдісінің диалогтық формасы. Сондықтан бұл әдісті қолданған кезде
белгілі бір тақырып таңдап алынады.
Сұхбат – бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік
педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы ке-
рек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады.
Жасөспірімдер мен жастар үшін көбінде пікір таластыру
әдісі қолданылады. Адамгершілік дағдылары мен әдістерін
қалыптастыруда жаттығу әдісін қолдану өте тиімді. Баладағы
әрекеттер нәтижесінің жиынтығы оның іс-әрекетінде көрініс тауып
мінез-құлқын қалыптастырады. Әрекет, қылығы, мінезі қоғамда
қабылданған мораль нормалары бойынша бағаланады. Мораль нор-
малары балада көз жеткізу әдісі арқылы қалыптастырылады. Олар:
іс-әрекет, іс-әрекетпен байланысты болған жағымды қылықтары мен
мінез-құлқы. Оны мынадай схема түрінде көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: