Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет78/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Девиацидті сексуалды мінез-құлық.
Бұл жеткіншектің жыныстық 


214
қарым-қатынасқа шектен тыс ұмтылуымен, бірақ онда жыныстық 
идентификацияның әлі толық жетілмеген сипатымен айқындалады. 
Сондықтан оның жыныстық мінезі ауытқиды, әсіресе, бұған 
жыныстық жетілуі тез немесе кеш жетіліп жатқан жеткіншектер 
шалдығады. Біріншісінің жыныстық қарым-қатынасқа деген құл-
шынысы әлеуметтік ересектілікке дейін пайда болады. Ал екіншісі – 
өзін көрсету үшін өз құрдастарының сексуалды жағынан алды болу-
ға шектен тыс ұмтылуынан көрінеді. Оның үстіне құрдастарынан 
қалып бара жатқан жеткіншек күлкі, мазаққа қалуы мүмкін. 
Жеткіншектердің сексуалды девиациясы өмірлік жағдайларға бай-
ланысты да қалыптасады.
Девиантты мінез-құлықтың психопатологиялық түрі сол не-
месе басқа психологиялық аурулардың құбылысы болып табыла-
тын психопатологиялық белгілер мен синдромдарға негізделеді. 
Психикалық аурудың мінез-құлқының мотивтері психикалық 
бұзылыстардың негізгі белгілері пайда болғанша түсініксіз болып 
қалады. Қабылдау болып табылатын галлюцинациялар (көз байлау) 
бұзылуы себебінен сырқат ауытқу мінез-құлқын көрсетуі мүмкін, 
мысалы, құлағын жауып немесе бір нәрсені тыңдап қалу, жоқ 
объектіні іздеу, өз-өзімен сөйлесу сияқты қылықтарды көрсетеді.
К. К. Платонов ауытқушылық мінез-құлықтың негізгі түрі 
ретінде адамның гиперқабілеттілік қасиетімен байланысты девиа-
цияларын көрсетеді. Әдеттегі өмірде шектен тыс шыққан адамды 
ортастатистикалық қабілеті елеулі түрде жоғарылаған адам ретінде 
қарастырады. Осыған ұқсас жағдайларда дарын, тектілік туралы ай-
тылады. Бір салада дарындылыққа қарай ауытқушылық күнделікті 
өмірдегі девиациямен сүйемелденеді. Мұндай адам «тұрмыстық» 
өмірге жиі бейімсіз болып шығады. Ол басқа адамдардың мінез-
құлықтарын, қылықтарын дұрыс түсінуге қабілетсіз, тәуелді және 
күнделікті өмірдің қиыншылығына дайын емес болып келеді.
Егер делинквенттік мінез-құлық кезінде ақиқатпен өзара әрекетте
күрес, ал аддиктивтік мінез-құлықта ақиқаттықтан қашып кету 
белгісі байқалса, онда гиперқабілеттілік кезінде ақиқатты бұрмалау 
байқалады. Ол күнделікті өмірді елеусіз деп бағалап, онымен өзара 
әрекет жасамайды, айналадағы адамдардың мінез-құлықтарын 
дұрыс қабылдамай, кез келген оқиғаны теріс белгіде қабылдайды. 
Суицидтық мінез-құлық
. Өзін-өзі өлтіру (суицид) – бұл саналы 
түрде өзін өмір сүруден айыру. Суицидтық мінез-құлық – неғұрлым 
кең ұғым және суицидтен басқа өзіне суицидалдық шабуыл жа-


215
сауды, әрекеттену көріністерін қамтиды. Өзін-өзі өлтірушіліктің 
өзін-өзі өлтіру (нағыз суицид) және өзін-өзі өлтіруге әрекеттену 
(аяқталмаған суицид) сияқты түрлері бар. Мұны суицид және па-
расуицид деп атайды: суицид – ниеттене отырып, өзін-өзі өлтіру, 
ал парасуицид – өлімге әкеліп соқпау ниетіндегі өзін-өзі зақымдау 
актісі. Ғалым А. Е. Личконың пікірінше, жеткіншектердегі суициал-
дық мінез-құлық қыр көрсетушілік, аффектілік сипатта болады. 
Е. Шиф жеткіншектердегі суицидалдық мінез-құлықтарды: алдын 
ала ниеттенетін, жеңуге болмайтын, амбивалентті, импульсті және 
қыр көрсетушілік деп бөледі. 
Ғалымдар А. И. Селецкий және Е. М. Вроно суицидалдық мінез-
құлық көрсететін жеткіншектердің жеке ерекшеліктерін зерттей 
отырып, олардың көпшілігі үшін бұрқ етпелік тән екенін көрсетті. 
Авторлардың мәліметтері бойынша, суицидент жеткіншектердің 
бәріне кейбір эксплозивтілік пен эмоциялық тұрақсыздық тән бола-
ды екен.
Суицидалдық ойдың тууынан оны жүзеге асыруға дейінгі мерзім 
санаулы минуттармен есептеледі, суицидалдықтың алдындағы кезең 
іс жүзінде кездеспейді. Кейініректе Л. М. Анисимова психикалық 
дені сау үлкен адамдарға суицидалдық мінез-құлық түрінде 
байқалатын патологияға жатпайтын жағдаяттық реакцияның алты 
типін бөліп көрсетті:
– эмоциялық дисбаланс реакциясы (жағымсыз эмоциялық 
тітіркендіргіштердің басым түрге айналған бұзылысы);
– сары уайымшылдық жағдаяттық реакция (дүниені сезінудің 
өзгеруі; бұл жағдайда бәрі күңгірт, қалыптасқан жағдайдан шығатын 
жол жоқ, болашақтан күтетін еш нәрсе де жоқ сияқты сезіледі); 
– теріс баланс реакциясы (өмірлік қорытындыларды ұтымды 
жүргізу, болашақты бағалауда жоғары сыншыл деңгейін көздейтін 
реакция);
– жұмылдыру реакциясы; 
– қарсыластық реакциясы (байланыстардан, алғашқы әре-
кеттерден бас тарту жападан-жалғыз қалу сезімімен, тұйыққа 
тірелумен қоса жүреді);
– тәртіпке көнбеу реакциясы (мазасыздық күйді туғызады).
И. Б. Бойко өз кезінде суицидтердің төрт негізгі себебін бөліп 
көрсеткен еді. Бұл себептерге альтуристік және өзімшілдік, сонымен 
бірге фаталистік және аномалиялық әрекеттер жатады. А. Е. Личко 
жеткіншектер арасында кездесетін суицидтердің ең жиі кездесетін 


216
себебіне мыналарды жатқызады: Бірінші, сүйікті адамын жоғалту; 
Екінші, шектен тыс қалжырау жағдайы; Үшінші, өзіндік қадір-
қасиетін осал сезіну; Төртінші, алкогольді, гипногенді психотроп-
ты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын 
жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы; Бесінші, өзін-өзі өлтірген 
адаммен өзін теңестіру; Алтыншы, әртүрлі сылтаулар бойынша 
қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.
Жеткіншектердің сексуалдық ауытқушылығын бағалау қиын, 
себебі сексуальдық норма түсінігінің өзін нақтылау біршама 
қиындықтар тудырады. Сексуалды ауытқушылыққа анықтама бер-
ген А. А. Ткаченко ойынша, бұл түсініктің негізінде сексуалдық 
нормадан сандық және сапалық кез келген ауытқу жатады, ал норма 
қалыптылық түсінігіне аталған популяцияның жасқа және жыныстық 
рөлінің онтогенетикалық заңдылықтарына сай мінез-құлық енеді.
Қазіргі сексополпатологтар сексуалдық девиация шеңберіндегі 
олардың патологиялық және патологиялық емес түрлерін бөліп 
көрсетеді. Патологиялық девиация және оған жататын бұрмалау 
перверзия, парафилия сияқты құбылыстар медициналық өлшем 
белгілерімен шектеліп, ауру ретінде қарастырылады. Патологияға 
жатпайтын девиация, яғни сексуалдық ауытқушылық – дені сау 
адамның әлеуметтік және моральдық нормалардан ауытқушылығын 
қамтитын әлеуметтік-психологиялық ұғым.
Сексуалдық девиацияны патологиялық және патологиялық емес 
формаларға бөлудің себебі бар. Өйткені бұл формалар оларды 
түзету кезінде медициналық сипаттағы шаралармен қатар, басқа да 
ықпал ету шараларын қолдануды көздейді, мысалы, педагогикалық, 
құқықтық және басқа да шаралар. Сексуалдық девиацияның 
патологиялық және патологияға жатпайтын формаларын шектеу 
көбінесе шартты түрде үлкен қиындыққа ұшыратты.
Гипермаскулиндік
(әйелде еркекке ұқсас белгілердің болуы) мінез-
құлық еркектік, тәуелсіздік, әдейі дөрекілік, шамшылдық қасиет-
тері арқылы байқалып, көбіне жанжалшылдықпен және айқын 
көрінетін қаталдықпен қоса жүреді. Мұндай жеткіншектер ер-
келету мен аялаудан қысылады, таза әйелге тән істер мен 
қызығушылықтардан қашып жүреді. Мұндай мінез-құлықтары 
басым белгі – әйелдерге менмендікпен қарау және жыныстық 
әріптес тұрғысынан садистік бейімділікте болу. Гиперфемининдік 
мінез-құлық ер балаларда әйелге тән қасиеттермен, жұмсақтықпен, 
жыныстық серіктестің шектен тыс арсыздығы мен дөрекелігін 


217
кешіруге бейімділігімен ерекшеленеді. Жеткіншек қыздардың 
гиперфемининдік мінез-құлқы өзіне сирек назар аудартады, өйткені 
әйелге тән болатын нәзіктік, әлсіздік және т.б. қасиеттер әйел тура-
лы қоғамда қабылданған жалпы түсінікке сәйкес келіп отырады да 
нәтижеде жұрт назарынан тыс қалып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет