179
Бүгiнгi жағдай бiлiм берудiң негiзгi мекемесi ретiндегi мектептiң
тәрбие
берушiлiк,
тұлғалық-қалыптастырушылық
қызметi
мектептiң тек білім берушілік қана емес, әлеуметтiк және тұлғалық-
дамытушылық, тәрбие берушiлiк жүйе болуын талап етедi. Бұл
мектептiң бiлiм беру жүйесi ретiндегi
анықтамасын терiске
шығармайды.
Сонымен, бүгiнгi мектеп адамның әлеуметтiк қалыптасуы
үшiн оның қоғамдық қарым-қатынас жүйесiне енуiне, оның еркiн,
шығармашылық тұлға ретiнде жан-жақты қалыптасуына жағдай
жасайтын бiлiм берушiлiк-тәрбиелiк жүйе болуы тиiс. Мектептегi
бiлiм берудi жүзеге асырудың жалпы
бағдары тек тұлғалық және
әлеуметтiк болуы мүмкiн емес. Бұл екi бағыт оқыту мен тәрбиенiң
әлеуметтiк-тұлғалық бағдарында гармониялы үйлесiм табуы тиiс.
Бұл бағыттылықты мектеп қандай жағдайда жүзеге асыра алады?
Бүгiнгi жағдайда мектеп осы рөлдi атқара ала ма? Ол үшiн мектеп,
бiрiншiден, өзiнiң қызметiнiң маңызды бөлiгiне оқу процесi енетiн
тәрбие жүйесi ретiнде өзiн жетiлдiрiп отыратын тәрбие мекемесi
болуға тиiс. Екiншiден, тәрбие мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мек-
теп басқа да әлеуметтiк институттармен тығыз байланыста болуы,
яғни отбасыларымен, мектепке дейiнгi, қосымша және кәсiби бiлiм
беру мекемелерiмен, денсаулық, мәдениет, дене тәрбиесi және спорт
мекемелерiмен, тәртiп сақтау органдарымен, әртүрлi қоғамдық
және өндiрiс бiрлестiктерiмен және т.б.
олардың тәрбиелiк,
әлеуметтендiрушiлiк потенциалын пайдалануға мүмкiндiк алуы
тиiс. Үшiншiден, мектептерде және шағын аудандарда әртүрлi
жастағы оқушыларға әрекеттер мен қарым-қатынастың түрлерiн
қамтитын орта болуы тиiс. Төртiншiден, әлеуметтiк тәрбиенiң
мақсатын жүзеге асыру үшiн тек қана әлеуметтiк педагогтар, пси-
хологтар және директордың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары
ғана емес, бүкiл педагогикалық ұжым және оның жақтастарының
бәрi қамтылуы керек. Бесiншiден,
мектепте оқушылардың өздiк
әрекеттерi, өзiн-өзi басқарудың қоғамдық органы, балалар және
жасөспiрiмдердiң қоғамдық ұйымдары, бастамалар көрсету үшiн
мүмкiндiктер мен оқушылардың өмiрлiк
әрекеттерi және оқудағы
таңдау бағытының дамуы қажет.
Сондықтан бүгінгі таңда жалпы білім беретін мекемелердің
әртүрлі типтері ұйымдастырылып, жұмыс істеуде: гимназия, мектеп-
гимназия, лицей және т.б. Олардың барлығы да жалпы білім беретін
мектептер базасында құрылады.