1 бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың теориялық негіздері



Дата23.04.2020
өлшемі59,65 Kb.
#64524
түріСабақ
Байланысты:
инет


Мазмұны

Кіріспе


1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері

1.2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары

2.2 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

2.3 Жеке іс-тәжрибенің сабақ үлгілері

Қорытынды

Әдебиеттер

3

6



6

14

20



20

21

26



32

33

Кіріспе



Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы заңы» қабылданды.

Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның беретін жетістіктерін де атап өткен. Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық- бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек.Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралыхъралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық, атап айтсақ қазақтың ұлы ойшылдары Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жолдарын көрсеткен.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, Д. Б. Богоявленская, А. Л. Яковлевтың, қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінін теориясы мен практикасына қосқан зор үлесі деп білеміз. Осы ғалымдардың еңбектеріне, осы ғылыми тұжырымдама, пікірлерін оқи отырып ойымызда мынадай сұрақтар туындап мазалады: Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты, оны қалаң жүзеге асыруға болады? Біз осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын өту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ң,- деп алдық.

Курстық жұмысын зерттеудегі мақсат :

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.

Алға қойған мақсатқа жету барысында туындаған міндеттер :

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жазылған теориялық білімдерге, психологиялық- педагогикалық ғылыми әдебиеттерге тереңірек тоқталу.

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жасалған оқытудың жаңа технологияларының тиімді жолдарын қарастыру.

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамытуда жасаған озат педагогикалык тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу.

Ғылыми зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілі сабағына танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттері.

Ғылыми зерттеу әдістері : озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау, әңгіме, анкета.

Зерттеу пәні: қазақ тілі екінші сынып.

Зерттеу әдістері: теориалық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесын көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтардың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Оқыта отырып, баланың қабілеттерін мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Аманашвили, И. Т. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы- сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ- келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.

Баланың тұлға ретінде қалыптасу заңдылықтарын психологиялық тұрғыда зерттеген белгілі психолог ғалымдар В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. Р. Выготский, Л. И. Божович, Э. Эриксон, Д. Эльконин, А. В. Запарожец, В.С. Мухина, т.б. бала психикасын дамыту еңбекке баулу жұмыстарында алғашқы адамгершілік, эстетикалық сезім күйлерін қалыптастыруда ойын элементтерін олардың жас және дара даму ерекшеліктерін ескере пайдалану идеясын ұсынады. Ф. А. Флерина, С. Р. Буре, В. И. Логинова, А. Усова, В. Нечаева, Т. Маркова, Т. Тихеева, Н.Тюрина, З. Асланова т.б. педагогтар мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың әдіс- тәсілдерін қарастырып, баланы еңбекке баулу мәселелеріне тоқталады.

Республикамыздағы тәлім тәрбиені халық педагогикасы негізінде қарастырып, ғылыми әдістемелік еңбектер жазған ғалымдар Х. Арғынбаев, С. Касиманов, Ы. Оршыбеков, Н.Сәрсенбаев, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев т.б. зерттеулерінің маңызы зор.

Қазақстанда балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы зерттеу жүргізген белгілі психолог ғалымдар С.Баулаубаев, Т.Тажибаев, Ә. Темірбеков, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ғ. Рахимбеков, т.б. еңбектері жарық көрген. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру әдістемесі туралы айтқанда арнайы зерттеу жүргізген педагог ғалымдар О. Сатқанов, Б. Қалназаров және әдіскер мұғалімдер Ш. Абдуалиева, А. Бакірова, Е. Раимжанов т.б. авторлардың ғылыми әдістемелік еңбектерімен оқу құралдарын атауға болады.

Зерттеу тақырыбына қатысты осы заманғы дәуір талабына орай қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерінің озық идеяларын, баланың жас шамасына қарай психологиялық, педагогикалық аспектіде зерттеу балаларды еңбекқорлыққа өнерпаздыққа тәрбиелеу, еңбекпен жасалған дүниенің көокем көрінісін байқату, өмірдегі, тұрмыстағы сан алуан бұйымдардың адам еңбегінің нәтижесі екенін, оның қалай, неден жасалатынын сезіндіре түсіндіру, таным, сезім әрекеттерін қалыптастыру жайын ғылыми тұрғыдан жете зерттелмегені анықталады.

Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, оларға меңгерілетін әр тарапты қарапайым іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда, өз халқының тұрмыс- салт ерекшелігіне орай дамыту қазіргі дәуір қажеттігінен туындап отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде бала бойында ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы арта түсуде.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім бері ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді, Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педегогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықта жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көоқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары үнемі көтьеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармалығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).

Кеңестік педагогтар мен ғалымдар Л.С Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов. өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясф және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы : 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы – социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұд мәселе қайта көтеріле бастады. Бүдан кейіннақты қабілеттар жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Кириенко), әдеби қабілеттер (В. П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) сияқты зерттеулер.

Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма дазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеружолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем- шығармашыдық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерды дамыту жолдарын айқындайды.

Заманымыздың ұлы ақыны Абайдың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі өлеңдері мен қара сөздерінде кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге юолып келеді. Мәселен, төртінщі сөзінде «Әуелі құдайға сиынып, екінші сөз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайдың- дейді.

Ы. Алтынсарин шығармаларының қайсысы болмасын жастарды еңбек етуге шақырып, адам бойындағы жағымды қасиеттер шыдамдылық, төзімділік, байқағыштық, аңғарымпаздық пен мейірімділік, адамгершілікті тәрбиелеуді марапаттап, жалқаулық, еріншектікті айыптап отырады. Бір сөзінде, ол адам адал, мағыналы өмір сүру үшін, белгілі бір мақсатты әрекетпен айналысуы керек, ол әрекет- еңбек деп ойын түйіндейді.

Ш. Уалиханов қазақ, қырғыз елдерінің ұдттық дәстүрлерінің ортақ екендігін айта келе, халыктың ауыз екі шығармалығына, қолөнеріне, салт- дәстүріне, әдет-ғұрыпына әділ бағасын береді.

Қазақ халқының зиялы арыстары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, І, Жансүгіров, А. Байтұрсынов, Т. Шонанов т.б. ұлттық мектептердің басқа мектептерден ұтымды айырмашалығы, олар балаларды ана тілінде оқытумен қатар қазақ халқының құнды салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, мінез құлқы мен психологиясын үйренуге ықпал ететіндігіне назарларын аударады.

Бұрын соңды айтылған осындай ғылыми пікірлердің теориялық және әдістемелік тұрғыдан тұжырымдап, ғылыми негізде қарастырған этнопедагогика саласының мамандары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова т.б. еңбектерінде кеңінен зерделенеді. Бұл зеттеулерде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні, олардың фольклор үлгілерімен сабақтаса отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мәселелері әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырылған.

Қазіргі заманда жеке адамның шығармашылығы мен шығарма проблемасына философтар, социологтар, педагогтар жіне психологтар көп мән беріп отыр. Психологтар шығармашылық бейімділік дарыны кез-келген адамға тән екендігін дәлелдейді. Педегогика баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жолдары анықталған. Оларға ортақ мәселе – баланы шығармашылық қызметке араластыру. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілетң ұғымының мәнін терең түсініп алуы қажет етеді. «Қабілеттерң - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері. «Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиетің.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген Е. Л. Рубенштейн болса, А. Н. Леонтьев барлық қажеттер алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеруге қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға тартады. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз окушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болды.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңа жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденіс, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.

К. Д. Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олрдың оқуға қызығушылығын орттырып, білімге құмарту керектігіне аса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша,қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбірқызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды. Мұндағы қызығушылық дегеніміз не? Қызығушылық дегеніміз – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бала зейінін бір нәрсеге аударып, оны ерекше таңдап алуы тиіс. Баланы еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болады. Қызығу – баланың саналы іс-әрекеті. Бала алдына мақсат қойып ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мәселен, бала оқуға қызығу үшін олар оқулықтың, пәннің мазмұнын білу, түсінулері керек. Егер оқушының оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу да болмайды. Баланың негізгі қызығуларын мына төмендегідей етіп бөлуге болады.

1. Мақсатты қызығу – оқушы кейбір уақытта алдына бір мақсат қойып, оған жету үшін міндеттерді орындап, алдына қойған мақсатына жетуді қызық көреді. Бұл қызығу түрі көбіне бастауыш сынып оқушыларына үлкендердің ықпалы мен, әңгімесімен болатын жай.

2. Әрекетті қызығу – мұнда бала алдына бір үлкен міндет қоймай істейтін істің нәтижесіне, оның қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегініңағымына қызығады.

3. Қорытындыға қызығу – мұнда бала істейтін еғбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды.

Баланың қызығуын осылайша үш түрге бөлу шартты нәрсе. Қызығу туралы психологтар көптеген еңбектер жазған. Олардың ең көрнектісі мынылар: У. Мак Дугал (1871-1938). Жалпы адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Ал енді Э. Торндайктің айтуынша, адамның қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерімен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әдеттенудің нәтижесінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу қызығу пайда блмайды дейді. Бірінші телрия қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі – механистік тұрғыдан бихевиоризм принципімен орайластырады. Қызығу оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оқушыларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуде ықпалы зор.

Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақ түрлері: сайыс, жарыс, аукцион, концерт, кіріктіру сабақтары нәтижесін беріп жүр. әсіресе, соның ішінде қазақ тілі пәні бойынша балалардың қызығуларын қалай арттыруға болады? Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалық жағдай туғызып, оқушының ой-өрісін арттыру, шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен үлес қосады.

Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық ң атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.ң - деген. Ал ойлауға үйрететінсабақтыерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндер үшін мұғалімнің ролі ерекше. Бұл оқушылар - әлі ойын балалары. Сондықтан да сабақты тартымды еткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекті құралдар, дедактикалықматериалдар ролдік-сюжеттік ойындарды, әрбір 10-15 минут сайын сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолдану қажет. Қазақ тілі сабағының гтамматикасын түсіну үшін балалар көп ой-еңбегін жұмсайды. Бұл сабақты бір сарынды өтсе, онда баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. 1-2 сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты сабаққа ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген ықтасын, қызығушылығын арттырып отыру керек. Ойын – балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде балалардың көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде ойын арқылы шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қалай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады. Сондықтан, ойын баланың дүниетанымының, өміртанымының алғашқа қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері байқалады. Ойын үстінде өмірдегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан, мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Пәнді оқытубарысындаоқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Олар мадақтау, бағалау, көрнекілік құралдар түрлерін, ойын элементтерін қолдану. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылық қабілеттерін оятып немесе деңгейлік жұмыстар жүргізу арқылы дамытуға болады.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты? деген сұрақтар әрбір студентті мазалайды. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілетң ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілет ұғымына берілген психологиялық саны баршылық. Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдый, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т. Тәжібаев. «Қабілеттерң - адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері. Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубинский, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатынын айтады. Қабілеттер мәселен көптеген зерттеушілердің назарын аударып келеді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге де болады. Енді сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғашқы қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылғандәрежемен сипатталады. Біз қоғамда жеке тұлғаны дайындауымыз керек. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығымен тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілетін дамытудың мәні зор. Сонымен бірге ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген. Олар:

Репродуктивті /өнімсіз/-іс-әрекеті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық-жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Қабілеттің 2-ші деңгейі «шығармашылықң ұғымының мәнін ашайық. «Шығармашылықң сөзінің этимологиясы «шығару, ойлап табуң - дегенге саяды. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдырын анықтау психология мен педпгогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын, «шығармашылық теориясынң жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен іздестіру болып табылады. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырды. Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын және де мәселеге назар аударған ғалым Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы – оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық бабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды. Ал М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айтады. Осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономорев оны «дамуң ұғымымен қатар қояды. Көрнекті ғалым Л.С.Выготский «шығармашылықң деп жаңа ашу әрекетін атаған. Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, мынадай қортындыға келдік. Шығармашылық әрекет – оқушының ақыл-ойын, талантын, жалпы өзін дамытатын болса, онда «дамуң терминінің мәнін түсіну қажеттігі туады.

«Дамуң сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару процесі жаңанаң өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген ұғымды береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып, өзгеріп бір деңгейден диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп – диффиренцияланып дами келе, жаңа сапарлардың пайда болуына әзірлік жасалады. Даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактор қатысады:

Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін бала организімінің орта мен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан баланың денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олардың сипаттары, мінез-құлқы және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, олардың еңбекке басқа адамдарға қатынасы, олардың істері мен сөздері, олардың сөздері мен талаптары, дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп, дамитын рухани ортаны құрайды.

Баланың белсенділігі. Даму процесігдегі әрекет ететін үшінші күш болып саналады. Баланың организм терінде дамуы мен оның жеке басы ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Баланың даму процесі, оның қоғамдық белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы басты үш фактордың әсерімен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы: осы факторлардың бірде-бірі, ол қандай да бір кемеліне жетілдірілген болсада, басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер етпейді. Барық іс – осы басты үш күштің өзара әрекет етуінде.

Бастуыш сынып оқушысының жазған шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысында шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамыту мәселесі. Шығармышылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығы, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етті. Бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегідей топтастырдық:

Жаңалықпен бетбе-бет келу.

Шығармашылық белгісіздік екі ұштылық.

Шешімнің жарық көруі.

Шығармашылық акт.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі салалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдылық, белсенділік қалыптастырса еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл күцге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді.

Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады. Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне мақсатына қарай бұл кезеңдер астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Олар да қалыптасып әрі қарай дамып отыратын сапаларда бірі анық көрініп бірі керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанымен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таң жағайып үлгісін құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындай арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзн өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша талпыныс жасайды. Қазіргі бастауыш мектептерде шығармашылық әрекеттен, оқу әрекеті басым жүреді. Сабақта оқушылар біртиптес жаттығулар орындаумен айналысады. Мұндай жаттығулар бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай, бастауыш санып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табысты меңгере алады. Оқушылардың оқу-шығармашылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық шығармашылығы айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтылған. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы туралы пікір Я.А.Коменский еңбектерінде, сонан соң Г.И.Песталоций мен А.Дистербергтің еңбектерінде тереңінен айтылған. Мысалы: А.Дистерберг оқыту барысында оқушының қызығушылығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Көптеген авторлар, педагогтар оқу-танымдық қызығушылықты оқушының ақыл-парасат қабілеті және өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін белсенділігі деп түсіндірді. Ал, Махмутов оқушының оқу-танымдың қызығушылықтарының мәні білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп түсіндірді.

1.2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

Оқу – мектеп жасындағы балардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқцына тығыз байланысты.

Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттерң мен қызығулары, сезім мен ерік сиқты т.б. психикалық үрдістер мен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әр бір оқу жұмысын (тапсырмасын) неүшін, қанлай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жлспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалана білуге, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқц әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);

Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары);

Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);

Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау – белгілі міндетті теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардын) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.

Мектепте оқытудың негізгі міндеттерінің бірі- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, таным қабілеттінің оянуына түрткі болу. Оқушыларды танымдық белсенділігі кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау процестері мен зейіннің тұрақты түрін қажет етеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру – олардың өз бетінше танымдық ынта-ықыласын, шығармашылық қызметін дамытатындай етіп ұйымдастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге арналған оқу әрекеті, екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Шығармашылық әрекеттің оқу әрекетінен айырмашылығы –ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу, проблеманы өзінше, жаңа тәсілмен шешуге талпыныс жасауы. Осы әрекеттердің екі түрінде оқушылар екі түрлі мақсаттар көзделген, әртүрлі міндеттерді шешеді. Мысалы, оқу әрекетерінде белгілі бірережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетке баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылық әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдый білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармашылық әрекет деп түсіндіреді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны-білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Мектептер (соның ішінде шағын жинақталған мектептер де бар) нарық жағдайында оқу - тәрбие процесін жүзеге асыру күрделі проблемаларды бастан кешіріп отыр.

Педагогика ғылымында мектептер мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөнінде мәселе бойынша педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет. Мектептің негізгі белгілерінің бірі сыныптағы оқушылардың қызығушылығында. Ғылым - әдіскерлердің зерттеулері және мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірбиесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Сыныпта оқушылар санының аз болуы мұғалім үшін «қолайсызң жағдай туғызады. Өйткені, мұғалім педагогикалық әдіс-тәсілдердің әртүрлі түрлерін, оқытудың басқа формаларын, техникалық құралдарын көрнекіліктерді қолдану мүміншілігінен айрылады, жаңа материялды түсіндіру кезеңінде қолданылатын проблемалық мәселелерді шешуде, ойлаған нәтижеге жетуде қиыншылықтарға кездеседі.

Сыныптағы оқушылар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап берушің рөлінде болады.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр жүктеме. Оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоциалдық, психологиялық және жалпы интеллектуалдық даму жағынан жағынан да кері әсер етеді.

Жаппай ауызша сұрау оқушылардың белсенділігін арттырмайды, керісінше, оқушылардың жауап беруін тежейді. Мұндай сыныптарда мұғалім оқушылар тарапынан жауап беруден «бас тартуң жағдайларымен жиі кездеседі, оқушылар әлсін-әлсін сұраудан «ығырң болады, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы нәзік байланыс үзіледі.

Мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуде маңызды рөл атқаратын дифференциалды және даралап оқыту мен оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар сыныптарды қабілеті жоғары, орташа және төмен топтардың барлығында да оқушылар болады. Ал оқушылар саны аз сыныптарда оқушылардың барлығы осы топтардың біреуіне ғана енеді немесе әрбір топта бір-бірден ғана оқушы болуы мүмкін.

Оқушылар саны аз сыныптарда әрбір оқушы мұғалім бақылауында болады да, әр оқушы дара ерекшелігін, танымдық қызығушылығын есепке алып, жеке- дара тапсырмалар беруге, әрбір оқушының оқу материалын қалай меңгеретінін біліп отыруға, мінез-құлқын, қабілетін, даму деңгейін зерттеп білуге мүмкіндіктер мол.

Сондықтан мұғалімге сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының оқу белсенділігін дамытатындай етіп мұхият таңдап алуына болады. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірбиесінің, дара-дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмады. «Бұлақ көрсең көзін ашң -деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туында өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мысалы, біздің сынып- кабинетте оқушылар шығармашылығына арналған «Бозтоғайң атты әдеби бұрыш және осы аттас қолжазба журнал бар.

Мұнда оқушылардың әдеби шығармалары бойынша салған суреттері, жазған үздік шығармалары, ертегілері, өлеңдері, жинаған әдеби материалдары т.б. жазылып, апта сайын ауыстырылып тұрады.

Осы бұрыштың «бізде қонақтаң атты айдарында сынып оқушылары кездескен белгілі әдебиет, өнер қайраткері жайлы жас тілші мақаласын оқуға болады.

Балалар Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырзалиев, Шот-Аман Уалиханов, Х.Наурызбаевтармен кездесті. Олар өздерінің балаларға арналған өлеңдерін оқыды, шәкірттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Мәжіліс депутаты, халқымыздың аяулы ақын қызы Ф.Оңғарсынова:

Талай кездесу өткізіп едім, бастауыш сынып оқушыларымен өмірде бірінші рет кездесіп тұрмын,-деп ағынан жарылды. Шәкіртер де мұндай кездесулерде қонақтарға өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп жатады.

Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарды шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.

Шығармашылықтың тұрлері көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері -өнердің биік шыңы. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

«Сөз өнері- адам санасының үш негізіне сүйенеді. 1.Ақылға. 2.Қиалға. 3.Көңілге ң

Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердіңжайын ұғу, ақылға салып ойлау.

Қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы бір нәрселерді тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

Көңіл ісі - түю, талдау.

Яғни, ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі білікте қарастыруымыз керек.

Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев «Педагогикаң еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен .

Ұлы ағартушымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде, яғни оқушыға оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда, мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл- мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы.

Көп жылғы тәжірбиемізде байқағанымыздай «Ана тілің және «Қазақ тілің сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн-бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын тәжірибемізде байқадық.

1.Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әігіме оқып,

оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

2.Әңгіменің,ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға

тапсыру.

3.Ертегіні ұжым болып тыңдау.

4.Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

5.Белгілі мақала негізінде әңгіме жазу.

6.Мәтін бойынша мақал құрастыру.

7.Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.

8.Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.

9.Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру.

10.Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктен өлең, әңгіме

жазу.


11.Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру.

Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.

Төменде өз шәкірттеріміздің шығармашылық жұмыстарынан үлгілер береміз.

Мақалдар:

Теледидар қарама

Көзің тозар

Сағыз шайнама

Аузың тозар

Гүлдана.

Көп сөйлеген адамның досы аз.

Әйгерім.

3. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды,

Жалқау оқушы сағатқа қарайды.

Ерасым.


4. Жақыныңа жәрдемдес

Дұшпаныңмен мейрімдес

Нұргіл.

5. Жақсы сөз – мақтаныштан артық.

6. Бірлікті құртатын өтірік

7.Тұссыз аста дәм болмас,

Доссыз тойда ән болмас.

Арай.


2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫ-ЛЫҒЫН ДАМЫТУ

2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары

Қоғамда дарынды адамдарғадеген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармаылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Мектепте әдебиет сабағында өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып, өзі сүйіп айналасуы тиіс.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Кәзіргі ана тілі пәні әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі – осы. Оқушыларды сөз өнеріне баулу, үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай жаста шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі мол – соны таныстыралық. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен орта буында оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз болса да) шығармашылық тапсырма-міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілдерін білу керек.

- шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жасерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.

- тапсырма-міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт бағдар беріп отыруы:

- шығармашылықпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бұкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;

- мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елітиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады.

Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналасуы және жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды:

- шығармашылық үшін психлогиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамассыз ету;

- шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;

- оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

- мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизімін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісіне мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

- шығармашылық тапсырманың мазмұн - түрін ойлап табу;

- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.

- көркем шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларлы тудыра білу;

- шығармашылық процесті фактілермен мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қортынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Бұның өзі келесі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

2.2. 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бір түр - бұл логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, «ұйқасын тапң ойындарының әсері мол. Мысалы: «ұйқасын тапң ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып қызығып белсенділігі танылады.

Өзінше ноян,

Қорқақ кім...? (қоян)

Тұмсығымен шымшып

Құрт тереді...? (шымшық)

Бата алмас түлкі

Үсті тікен ...? (кірпі)

Анаграмма оқушының білімдік, жазу сауатын байқауға оқушыға әр түрлі заттың атын білуге, не үшін қолданылатын не нәрсе екенін білуге көмектеседі. Қазақ тілі, дүниетану, ана тілі сабақтарында анаграмманы қолдана беруге болады.

Өңірге көйлекке тағатын нәрсе.

Саусаққа тағатын бұйым.

Құлаққа тағатын бұйым.

Мойынға тағатын бұйым.

Б

А



С

Т

Ы



Р

М

А



С

А

Қ



И

Н

С



Ы

Р

Ғ



А

Л

Қ



Ана тілі сабағында батырлар туралы өткенде батырдың қару-жарағының аттары:

Батырдың үстіне киетін киімі.

Куедесін қорғауыш.

Алыстан түйрейтін қару.

Өткір үлкен пышақ түрі.

С

А



У

Ы

Т



Қ

Л

Қ



А

Н

С



Д

А

Қ



Қ

Н

Ж



А

Р

Сабақта қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: сақина салу, ақсүйек ойындары.



Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.

Баланы ұшқыр ойға тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң сөйлетуге үйретеді. «Қайсы кімнің баласы?ң ойыны.

Бұл ойында балаға жанжануарлардаң балалары қайтіп және қалай аталатындығына мән беру. Сұрақтарға жауап бере отырып, баланың ойлау, жауап беруін еске түсіре отырып, бейнесін табуға ойын дәлелдеуге үйрету мақсаты қолданылады. Мұғалім оқушыларға түрлі аңдардың бейнесін келесі топқа жаратып береді. Содан кейін төмендегі сөздерді тіркестіре айтады. Балалар сол айтылған бейнелерді көтереді де атауларын атайды. Осы өлең арқылы бала танымы мен ой өрісі дамиды. Сонымен қатар, жануарлар атымен, тіршілігімен танысады.

Түрлі бөрік тігетін,

Сүда өмір сүретін,

Құндыз баласы құнай.

Құйрығы бұлақ,

Өзі сылаң,

Өте қуаң түлкі күшігі – шырмай.

Көрмеген ештоқып,

Балменен өш болып,

Қашанда маң басқан

Аю баласы қонжық.

Шөлге қатты шыдайтын,

Адамдар оны ұнатқан,

Түйе баласы – ботақан.

Ойын тиімді тәсіл, ойын оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады. Ойларымды тұжырымдайтын болсам, оқушылардың ойлау логикасы бастауыш сыныптан дұрыс қалыптастыру қажет.

Қазіргі мектепті гуманитарландыру идеясы ең алдымен ойластырылған пәнге шеберлікпен жүзеге асырылатын икемді даму үстіндегі оқу-тәрбие жұмысы. Оны сабақ үстінде ұтымды басқарып, түрлендіріп отыру, бүгінгі оқытушы жұмысы педагогикалық қателікиерден сақтандыратын шығармашылық жұмысы болмақ.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағынан оқушы шығармашылығын дамытудың алар орны ерекше. Бастауыш сынапта оқылатын қазақ тілі курсы оқушыларға фонетика, морфология, синтаксис, лексикологиядан мәліметтер береді. Бұл пән бойынша оқущылардың қызығушылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға көптеген септігін тигізеді. Оқушы ойын әрекеті арқылы пәнге қызықса, оның шығармашылық қабілетін де дамытуға болады. Ол үшін мынадай жұмыстар жасадым. Бағдарлама бойынша тақырыпты өткен кезде, оқулықтан тыс тапсырмалар беріп отырдым.

Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы, нәтижесінде одан сөйлем құрап, мәтін жаздырту.

Тақтаға: Әлия қандай қыз?

Ә-әдемі, әдепті, әділетті т.б.

С-сұлу, сүйкімді, сезімтал т.б.

Е-епті, еңбекқор, елгезек т.б.

М-мейірімді, мәдениетті, момын т.б.

Балаларға Әлия бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігін дұрыс қалыптаспаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құрату.

Мысал келлтіре кетейік:

Әлия әдемі әрі әдепті қыз. Әлия жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, еңбекқор, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әлия мінезі жайдары. Әлия мықты дос шығады.

Сын есімдерді тауып астын сызу, сұрақ қою т.б. жұмыс түрлерін орындату.

Салыстыру арқылы сөйлем құрату.

Тақтаға сиыр суреті ілінді.

Өзі- ала доптай.

Сүті – балдай тәтті.

Мүйізі – қарағайдай иілген.

Көзі – көмірдей қап-қара.

Дауысы – пойыздың дауысындай мөңірейген.

Мұндай жұмыс түрлері арқылы балалар біріншіден сын есімді меңгерсе, екіншіден салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы қалыптаса бастайды. Сауаттылығы, шығармашылық ойы арта түсері сөзсіз.

Сөзден сөз тудыру жұмысы.

Мүмкіндік деңгейінде орындалады. Тақтаға «Қарындашң сөзі ілінеді. Осы сөзден мүмкіндігінше сөздер ойылып жазылады. Мысалы: Қар, арық, тарих, шана, т. б. с. с.

Бала өз алдына сөздерді жазып үйрене отырып ойлау қабілеті, байқампаздық қабілеті арта түседі.

Жұмыс әр сабақта өзгертіліп беріліп отырады.

Сөздің соңғы дыбысынан басталадын сөз тудыру.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Жалқы есімдер:

Кісі аттары: Самат, Талғат, Темір, Рақым, Мамыр.

Қыздар есімдері: Жанар (жалғастыру), Рахима, Анар, Рашида, Алмаш, Шынар, Роза т. б.

Жер-су аттары: Шымкент, Рига, Темир, Алматы т. б.

Жалпы есімдер:

Алма, алша, алмұрт, тары т. б.

Деңгейлеп оқыту жұмыс түрлері негізінде пайдалануға болады.

Сөйлем құрату.

Лепті сөйлемдер құра.

Тапсырма: көктем тақырыбына. Алақай, Көктем келді! әттең қар еріп барады! Көктем ауасы неткен керемет еді! т. б.

Хабарлы сөйлемге айналдыр:

Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы тамаша.

Жұмыс барысында оқушыларға ұқсастығын, айырмашылығы мен,ортақ белгілерін тапқыздық.

Балалар өз шағармашылық жұмыстарының жаңа тақырыпқа қандай қатысы бар екенін аңғарды.

Осы көрсетілген жұмыстардың грамматика сабағындағы мақсаты сауатты жазап, сөзбен-сөзді байланыстырып сөйлеуге үйретіп отырады. Бұл, әрине жұмыстың бірінші түрі ғана. Шығармашылық қабілетін арттыруға жұмыс түрлері өте көп.

Соның бірі оқушыларға шығарма жаздыру.

Қиял баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс аңғарып танм біліуне дарындылық қабілеттің қалыптасып ұшталуына зор ықпалын тигізеді.

Шығарма жаздыру мақсаты – тапқырлық, қиял, таңдай білу, сынай білу, мәселені қоя және шеше білу, оған тұжырым жасай білу. Яғни олар:

Cурет бойынша.

Тақтаға сюжетті сурет ілінеді. Балалар өз осы сюжеттті сурет бойыншашығарма жазады.

2.Өмірмен байланыстыра.

Балаларға еркін тақырыпта өз қалаулары бойынша шығарманы өмірмен байланыстырып жаздыру. Мысалы:

«Досң, «Туған елң, «Анаң, «Біздің сыныпң, «Жаман жолдасң, «Табиғатты аялай білң т. б.

3.Тірек сөздер арқылы.

Балалар тірек сөздерді өз қалауынша қолдана алады. Мысалы: «Кім болам?ң тақырыбында. Тақтаға мынадай сөздер ілінеді: оқу, білім, кітап, дәрігер, мұғалім, сынып, мамандық. Енді оқушылардың тірек сөздерді пайдаланып орындаған шығармасынан мысал келтірейік.

Кім болам?

Мен екінші сыныпта оқимын. Мен көп армандаймын. Арманыма жету үшін кітапты көп оқып, оқу мен білімді көтеруім керек. Біздің сынып оқушылары өте арманшыл. Мен дәрігер мамандығында, мұғалім мамандығын да қалаймын. Себебі: ешкім ауырмаса екен деп те, барлық адам білімді болса екен деп те армандаймын. «Күш – білімдең - деген мақал тегін айтылмаса керек. Сондықтан да сабағымды жақсы оқып, үлгілі оқушы болғым келеді. Өскенде халқыма көп пайда келтіретін маман иесі болғым келеді.

4. Ойды, мәтінді, суретті, ертегіні жалғастыру.

Мысал ретінде бәрімізге таныс ертегі «Мақта қыз бен мысықң ертегісін жалғастыру тапсырылды. Ертегі: Мақта қызға мысық қатық әкеліп береді, Мақта қыз мысыққа құйрығын береді.

1-ші оқушы: Осы оқиғадан кейін бірнеше күндер өтті. Мысық өз қателігін түсінді, үлкен адам жұмсаса, қанша тыңдағысы келмесе де есіне не үшін Мақта қыз құйрығын жұлып алғаны есінен кетпеді. Тіл алмау – жаман қасиет екенін түсінді.

Келесі бір түрі бұл белгілі мақал негізінде әңгіме жаздыру.

1.Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру.

2.Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру.

3.Табиғат құбылыстарыны байланысты ойдан жұмбақ шығару.

Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастырып отыру қажет.

Сонымен бірге сақты өте қызықты етіп өткізу үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдану тиімді. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттырады. Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қойма, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластарылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Оқытудың мынадай жаңа технологиялары бар:

Саралап деңгейлеп оқыту, Ақыл-Ой Одиссеясының, Тәй-Тәй бағдарламасы, Сын тұрғысынан ойлау т. б.

Соның ішінде оқытудың жаңа технологиясы: «Сын тұрғысынан ойлауң бағдарламасына кеңінен тоқталайық.

Біздің елімізге Джорж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстанң қоры арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс т. б. кезеңдерінен түзіледі. Бағдарламаны «Бес жолды өлеңң, «Венн көрсетуің, «Жұпта талқылауң т. б. әдістері бар.

2.3 Жеке іс-тәжірибенің сабақ үлгілері.......

Оқушыларың білімді жүйелітүрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұлғасынан ойлауды дамытуң бағдарламасының маңызы ерекше деп ойлаймын.

«Сын тұрғысынан ойлаудың бағдарламасының стратегияларын күнделікті сабағыма қолданып отырамын. Сын тұлғасынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиіді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызыгушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады.

Сынп оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп қорғай білуге мүмкіндік ала алады. Осының дәлелі ретінде 2«Вң сыныбында өткен «Зат есімді қайталау тақырыбын мысалға алғым келеді.

Сабақтың мақсаты:

1.білімділігі: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты таза жазуға дағдыландыру.

2.думушылығы: Тапсырмаларды орындау арқылы, оқушылардың тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, карточкалар, плакат, маркер т. б.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «Көрнектілікң, «Топтастыруң, «Бес жол өлеңң, «Галереяны аралауң статегиялары.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

Оқушыларды берілген саны бойынша нөмірлеп, 4 топқа бөліп отырғыздым.

Қызығушылығын ояту. «Ой қозғауң.

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын

Сөйлемдегі ой иесі боламын.

Не істейді? Сұрағымен көркейемін, толамын.

Жұмбақты оқушылар (зат есім) деп шешеді де, мына сұрақтарға жауап береді.

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімге қандай сұрақтар қойылыды?

Зат есімге мысал келтір.

Мағынаны түсіну.

а) (әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек).

1 топ: Кім? (әнші, ақын, оқушы, дәрігер,...)

2 топ: Кімдер? (балалар, күйшілер, малшылар,...)

3 топ: Не? (ауыл, кітап, қоян, шелек,...)

4 топ: Нелер? (дәптерлер, бақалар,...)

ә) «Суретті билетң ойын арқылы.

(әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атынатайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қалаған бір суретке шағын әңгіме жазады).

Оқулықпен жұмыс. «Ой толғанысң.

1 топ: 307-жаттығу.

2 топ: 308-жаттығу.

3 топ: 309-жаттығу.

4 топ: 310-жаттығу.

Тест (сауалнамалық) жұмыс (4 топқа үлестірмелі карточкалар беріліп орындалады).

«Бес жол өлеңң стратегиясы.

1 топ: тоқылдақ 3 топ: кітап

2 топ: түлкі 4 топ: Абай.

«Көрнектілікң стратегиясы. (әр топ плакатқа зат есімге байланысты сурет салады да, бір оқушы өз тобының суретін қорғап айтып шығады).

«Галереяны аралауң стратегиясы. (Тақтаға ілінген суретті аралап қарап, оқушылар өз пікірлерін жазады).

Жұмбақ шешу. «Ой толғауң. (әр топтан бір оқушы жұмбақ айтады да, келесі топ оны шешіп, сөйлем ойлап айтады).

«Топтастыру стратегиясың.

Ой толғау.

Біз бүгін не үйрендік? Зат есім туралы не білгеніңді айт? Зат есім мысал келтір.

Үйге тапсырма: Ережені білу. 311-жаттығу. Зат есімді тауып астын сызу.

Бағалау: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, бағалаймын.

Сабақты қорыту кезінде оқушылардың сабаққа қатысуы, ынтасы, білімділігі туралы шолу жасадым.

Стратегияларды жүйелі қолданып, үнемі орынды пайдалана білсек, оқушылар өз ойын еркін айтып, қорытынды жасай алады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

«Жақсыны көрмек үшінң - дейді дана халқымыз. Сондықтан жақсы әдіс ұстаздар қауымына дарып, болашағыны қызмет етсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Педагогикалық іс-тәжірибелі практикамда сабақ өту барысында осы аталған жаңа ақпараттық технологияларының элементтерін қолдандым.

Мысалы, Венн диаграммасы, орталықтарға болу бес жолды өлең, жұпта талқылау, инсерт.

Соның ішінде қазақ тілі пәні бойынша ақпан айының 27-ші жұлдызында өткен сабағымның үлгісі мынадай.

Сабағымның тақырыбы – Етістік. Бұл сабақта оқытудың жаңа технологияларының мынадай элементтерін қолдандым: «Қызығушылықты оятуң, «Орталықтарға бөлуң, «Деңгей лік тапсырмалар беруң, «Венн көрсеткішің, «Инсертң.

Сабақ жоспарының үлгісі мынадай.

Күні: 27.02.13ж

Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

334-334 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

Оқушылардан сөз таптару туралы алған білімдерін, яғни ережелерін сұрап алған білімдерін пысықтап, жаңа тақырып сөз табының бірі етістікті түсіндіре отырып, өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп оқушы санасына қалыптастырып, білімдерін кеңейте түсу.

2.Дамытушылық.

Оқушыларға етістікті түсіндіре отырып, суреттер арқылы деңгейлік шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын байыту, дамыту.

3.Тәрбиелік.

оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, өз ойларын нақты әрі ашып айта білуге тәтбиелеу.

Сабақтың түрі: Аукцион сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ережелер жазылған плакаттар, ребус. Етістікке байланысты суреттер, касса, түрлі хайуанаттардың ойыншықтары.

Қолданылатын технология: Тәй-тәй бағдарламасы.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, математика.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық кезеңі.

Балаларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ал енді, балалар үйге не берілді?

Ереже жаттау.

Ал енді балалар сөз таптары дегеніміз не?

Зат есім дегеніміз не?

Жалпы есім нешеге бөлінеді?

Жалпы есім деген не?

Жалқы есім деген не?

Жекеше зат есім деген не?

Көпше зат есім деген не?

Жарайсыңдар балалар ережені жақсы жаттап келіпсіңдер.

Қызығушылықты ояту.

Балалар мынау не нәрсе?

Қорапша.


Қорапшаның жаны барма?

Жоқ.


Қорапшаға сұрақ қойыңдаршы?

Бұл не?


Балалар осы қораптың ішінде бір нәрсе бар, соны табайықшы

Қане тақтаға кім шығады?

Оқушы теріс қарап тұрып қолын қорапқа салып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Ал енді баалалар қораптағы не нәрсе екен?

Күшік

Күшік зат па?



Күшік деген сөзге сұрақ қояйықшы.

Бұл не?


Зат есімнің қай түрі?

Жалпы есім.

Жекеше ме, көпше ме?

Жекеше.


Күшік не істейді?

Үреду, жүреді, жатады, тұрады, тамақ ішеді, үйді күзетеді.

Біз қандай сұрақ қойдық?

Не істеді? Қайтті?

Біз күшіктің іс әрекетіне қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойдық?

Не істеді, Қайтті?

Сонымен балалар бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз етістік. Сөз табының бірі.

Жаңа сабақ.

Ал енді балалар етістік деген заттың іс- әрекетін әрине жанды заттардың іс-кимылын

Білдіретін сөздерді және не істеді, қайтті деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктің анықтамасын оқып, оқушыларға түсіндеремін. Ал енді, балалар бәрәмәз мына жаққа қарайықшы. Бізге бүгін бір дүкенші апай қонаққа келіпті. Оның дүкені «ғажайып хайуанаттарң дүкені деп аталады екен. Балалар жануарлар неше топқа бөлінеді?

Үй жануарлары, жабайы жануарлар.

Енді біздің дүкенші апайымыздың дүкенінде көптеген әдемі де ғажайып хайуанаттардың ойыншықтары бар екен.

Сендер дүкеннен ойыншық алғанды ұнатасыңдар ма?

Ал біздің ойыншық сатып алатын ақшамыз жоқ қой, енді не істейміз?

Енде ше біз бұл ойыншықтарды өз білімімізбен сатып алайық.

Ал енді, балалар біз үш орталыққа бөлініп, жарысып өз білімімізбен ойыншық жинап жарысайық.

Оқу орталығы, жазу орталығы, өнер орталығы.

Балалар дүкенші апайдың кассасында түрлі цифрлар қойылған екен. Сол цифрларды рет ретімен алып, тапсырмасын орындайық.

Суретке қарап, әр орталық өз білімдерін, яғни етістікке байланысты іс-қимыл жасасын. Оқушылар оларға сұрақ қойсын.

Ауызша жаттығулармен жұмыс.

Балалар кіиапиарымыздың 123-ші беттің 334-жаттығуды ауызша орындаңдар.

Суретке қарап отырып, етістікке байланысты сөйлем құрап сұрақ қояйық.

Бала ағаш жарды – не істеді?

Аймен гүлге су құйды – не істеді?

Айнұр ойнады – не істеді?

Әже ұршық иірді – қайтті?

Ұршық иірді.

Белсене қатысқан оқушылар дүкеннен ойыншық алады.

Сергіту сәті.

Дүкеншінің келесі тапсырмасы 335-жаттығу.

Күн күледі – не істейді?

Жер түледі – қайтті?

(Көктем)

Қалың киімді ұнатады – Қайтеді?

Шешіндірсең жылатады – Қайтеді?

Бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы дүкеннен бір ойыншық алады.

Дүкеншінің келесі тапсырмасы 336-жаттығу.

Тақтамен жұмыс.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, өлеңді көшіріп сұрақ қойыңдар.

Ағам жылқы бағады – не істейді?

Атам пішен шабады – қайтеді?

Дәптермен жұмыс.

Ал енді балалар,

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

Қай топтың оқушылыры жылдам әрі әдемі етіп жазса, ойыншықпен марапатталады.

Шығармашылық жұмыс.

1-деңгейдегі оқушылырға суретті парақ таратылып беріледі, олар етістікке байланысты сөйлемдер құрайды.

2-деңгейдегі оқушылармен жұмысты топпен жасаймын, әр топтан бір оқушы шығып суретке қарап іс-қимыл жасайды. Ал қалған оқушылар бұл оқушының қимылына сұрақ қойып, жауап беріп етістіктерді атайды.

10. Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар сонымен, біз қандай жаңа тақырыпты өттік?

- Етістік.

- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

- Не Істейді? Қайтті?

әр оқушыдан мысал кетіріп сұрақ қойып не туралы айтылғанын қорытындылып беремін.

Сонымен балалар, бүгін біз сөз таптарының бірі етістікті өттік. Етістік не істеді, қайтті, не қылды деген сұрақтарға жауап береді екен.

Бүгінгі жаңа сабақ түсінікті ме?

Иә.


Біздің дүкенші апайымыз сынып оқушыларының бәріне риза болды, ойыншықтар ұнады ма?

Иә.


11.Үйге тапсырма беру.

124 беттегі 337 жаттығуды ауызша орындап келеміз, яғни сөйлемді оқып, етістіктерді табамыз. Мысалы: Асан құдықтан су тартты. Асан құдықтағы суды не істеді?

12. Оқушыларды бағалау.

Ал енді, біз үш тобымыздың қайсысы озыпты, топтарды салыстырайық. Ал қай топтың ойыншықтары көп екен?

...

Ал енді, сабаққа кім белсене қатысты?



Кімде ойыншық бар?

Әр оқушы өз пікірін айтады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың есімдерін «Сынып жұлдыздар» тақтасына ілінеді.

Олар «5», «4» деген бағамен бағаланады. «3» деген баға алған оқушылардың есімі тақтаға ілінбейді. Бірақ өз деңгейінде мадақталып, бағаланады.

Қорытынды

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық қызығушылық іс-әрекеттері арқылы қызығушылық қабілеттерін дамытуға болады. Оқушының танымдық қызығушылығын мадақтау, бағалау, ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айтады. Мен бұл пікірге қосыла отырып мынадай қорытындыға келдім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысынды ойын арқылы оқушының танымдық қызығушылығын арттыра отырып, қоғам талабына сай жаңа ақпараттық технология қолдвну арқылы шығармашылық қбілетін дамытуға болады.

Оқушының қазақ тілі юойынша шығармашылық қабілетін дамытуда сөз өнерінің берері мол. Оқушы сөз өнерін пір тұтып, сүйіп айналысуы керек. Сонымен бірге оқушының шығармашылығын дамытудың келесі бір түрі – бұл қоғам дамуына байланысты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көріп біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлеске түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге өз жұмысының тәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауыны немесе жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік алады. Әсіресе қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану өте тиімді болады және қызметтік негізін қалыптастыруда білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналығын да дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді. Қазақ тілі сабағында әр түрлі оқыту технологияларын пайдалануға болады. Әсіресе оқытудың ынтымақтастығы технологиясы, дамыта оқыту технологиясын қолдану өте тиімді. Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, т. б.) пікірінше, бұл технологтя жеке тұлғаның барлы сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.

Пайдаланған әдебиеттер.

Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика – Алматы: 2002.

Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы: 1990.

Сәбет Бап-Баба Жалпы психология – Алматы: 2003.

Қазақ тілін оқыту методикасы (ред. Әуелбаев Ш.) – Алматы: 1987.

Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіруң Алматы: 1999.

Алдамұратов Ә. «Жалпы психологияң Алматы: 1996.

Жұмабаев М. «Педагогикаң Алматы: 1992.



Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуң /Бастауыш мектеп/ 1997 №7, 85-8 бет.

Сардарова Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет