13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері



бет1/6
Дата25.11.2022
өлшемі22,94 Kb.
#159836
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
13 лекция-1


13-МОДУЛЬ. КОНФЛИКТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ


13-ДӘРІС. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ КОНФЛИКТІЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Біздің дәрістің тақырыбы:Мінез-құлық модельдері және конфликтілік мінез-құлық әлеуметтік мәселе ретінде.

Дәрістің жоспары:

1.Конфликт психологиясының негізгі мәселелері және тұлғалық даму;

2.Психологиядағы мінез-құлық модельдерін анықтау;

3.Конфликтілі мінез-құлық моделдерінің психологиялық-практикалық аспектілері.

Дәрістің мақсаты: Конфликт психологиясы негізінде мінез-құлық модельдерін талдау арқылы конфликт ұғымы, мінез-құлықтың психологиялық аспектілері және конфликтілі мінез-құлықтың модельдері терминдерін, конфликтінің алдын алу шарттарын игеріп, тұлғалық дамуда өзін тарату, өз білімін көтеру, өзіне психологиялық көмек бере алу тәсілдерін, дағдыларын студенттерде қалыптастыру.

Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:

1-ОН: Конфликт ұғымы, конфликтілі тұлға, мінез-құлықты басқару, мінез-құлық модельдері, конфликтілі мінез-құлық модельдері ұғымдарын зерттеу негізінде мінез-құлықты рационалды басқара алуды қалыптастыру;

2-ОН: Конфликтілі психологиясының негізгі зерттеулерін талқылау арқылы конфликтінің себептерін, конфликтілік мінез-құлық модельдерін түсіндіру;

3-ОН: Конфликтілі жағдайдағы тұлғаның психологиялық табиғатын талдау негізінде конфликтіде өз эмоциясын басқара алуға және мінез-құлықты өзіндік реттеу тәсілдерін игеруге психотехнологияларды қолдану;

4-ОН: Тұлғаның конфликтілі мінез-құлық ерекшеліктерін психологиялық талдау арқылы өзіндік сананы дамыту үшін конфликтілі жағдайды алдын ала ескерту және конфликтіні шешу әдістерін қолдану;

5-ОН: Конфликт психологиясының теориялық-практикалық негізінде конфликтілі мінез-құлықты реттеуге, конфликтілі жағдайды шешуге бағытталған психологиялық ұсыныстарды құрастыру.

І. Осы дәрісті ұлы Гетенің сөзімен бастағым келеді: «Мінез-құлық –ол әркім өзін көретін айна. Тек көрсетіп ғана қоймайды сол айнада қалай көріну керек деген таланттар болады, сол арқылы қоршағандарға өз қатынасын дәл ұстап алады». Міне адамның өзінің беделін (имиджін) қалыптастырудың құпиясы осында.


Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы, конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы карастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет