Жрви мен тұмауды алдын алу: Тұмауды алдын алудың түрі бары белгілі



Дата07.02.2022
өлшемі21,24 Kb.
#85509
түріБюллетень
Байланысты:
6 так


№6 тақырыбы:
ОБИӨЖ:
1. Жіті респирациялық вирустық инфекциялардың, тұмаудың/грипп және олардың асқынуларының алдын алу шараларына тұрғындарға арнап дәріс жазыңыз (интернеттегі, кіпатханадағы әдебиетпен жұмыс, дәріс ұзақтығы 5-7 мин).
2. Менингококтік инфекцияның алдын алу шараларына ағарту газетін/санбюллетень жасаңыз.
3. Жыныс жолдарымен тарайтын инфекциялардың алдын алу мен бақылаудан тұрғындарға арнап дәріс жазыңыз (интернеттегі, кіпатханадағы әдебиетпен жұмыс, дәріс ұзақтығы 10-12 мин).

1 ЖРВИ мен тұмауды алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:

  • Екпелік алдын алу;

  • Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);

  • Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.

  • Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
    Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Осы мақсаттар А/Н1N1/2009 тұмау індеті даму кезеңінде қазір де көзделген.Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту. ДСҰ жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді ұсында: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда –кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдар

Ақапарттандыру жолымен алдын алу. Жеке және қоғамдық гигиена ережесін қадағалау.
ЖРВИ, Н1N1/pdm2009 (ол ғана емес) тұмауы таралмау үшін алдын алу іс-шараларын қолдану қажет және де әр адамның қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді қолдана отыра, аурудың және тұмаудың таралу қауібін азайта алады. Сондықтан әркім тап болатын жағдаяттарды қарастырайық және жағдаяттардың барлығына нақты қажетті алдын алу іс-шараларын тізіп шығайық.
Дәрімен алдын алу
Тұмауды алдын алу үшін прпараттар барынша түрліше, оларды тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет. Кейбір дәрілік өсімдіктердің вирусқа қарсы қасиеті бар. Көне грек заманында да дәрігерлер тұмау кезінде лимон мен апельсин, бал мен қалампырды қолданған. Көптеген дәрілік өсімдіктердің ішінен тек кейбір түрлеріне ғана тоқталамыз:

    • Пияз, сарымсақ- өсімдіктен шыққан микробқа қарсы заттар фитонцидтерден тұрады;

    • Жалбыз, қарағай – вирусты жойғыштық әрекетке ие және ингаляция үшін қолданылады;

    • Лимон, итмұрын, мүкжидек, итбүлдірген, шырғанақ – дәрумендер көзі, соның ішінде С (аскорбин қышқылы) , оның негізінде дәрумендер сусыны дайындалады (шай, морс, тұнбалар).


2)Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілер жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар.
Менингиттің алдын алу үшін:

  • Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;

  • Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.

  • Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;

  • Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;

  • Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек. 



3)ЖЖБИ алдын алу

  • Мінез-құлықты өзгертуге негізделген консультациялар және тәсілдер

  • Мінез-құлықты өзгертуге бағытталған консультация беру және шаралар ЖЖБИ-дің (АИТВ-ны қоса алғанда) бастапқы алдын алу, сондай-ақ қажетсіз жүктіліктің алдын алу құралдары болып табылады. Олар, атап айтқанда, төмендегілерді қамтиды:

  • * Сексуалдық мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат беру, тестке дейін және одан кейін ЖЖБИ мен АИТВ-ға қатысты консультация беру;

  • * Қауіпсіз секс/тәуекелді төмендету жөнінде консультация беру, презервативтерді пайдалануды насихаттау;

  • * Жасөспірімдер, секс-индустрия қызметкерлері, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер және инъекциялық есірткі пайдаланатын адамдар сияқты халықтың негізгі және осал топтарына бағытталған шаралар; 

  • * Жасөспірімдердің қажеттіліктерін ескере отырып, ағарту және кеңес беру.

  • Бұдан басқа, кеңес беру адамдардың ЖЖБИ симптомдарын тану қабілетін және олардың медициналық көмекке жүгінуі немесе оны өздерінің жыныстық серіктестеріне ұсынуы ықтималдығын арттыруы мүмкін. Өкінішке орай, қоғамдық мағлұматсыздық, денсаулық сақтау қызметкерлерінің тиісті дайындығының болмауы және ЖЖБИ-мен байланысты барлық тұрақты және кең таралған стигматизация, бұрынғысынша осы араласу шараларын кеңінен және тиімді қолдануға кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет