Мал шаруашылығының рөлі мен маңызы, табиғи ерекшеліктері



бет1/3
Дата02.12.2022
өлшемі25,41 Kb.
#160955
  1   2   3
Байланысты:
Документ (2)


К
О
Н
С
П
Е
К
Т

Мал шаруашылығының рөлі мен маңызы, табиғи ерекшеліктері.
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларының нәтижесінде үш жүз жыл бойы жер пайдаланудың және өмір тіршілігінің негізгі нысаны мал шауаршылығы – шаруашылық өндірісінің ерекше түрі болды, бұл ретте жұмыстың басым көпшілігі экстенсивті жылжымалы мал шаруашылығы болып, тұрғындардың басым көпшілігі маусымдық көшіп-қонумен айналысты.Көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі – мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді.Орташа алғанда көшу маршруты 50-100 шақырымды құраған, ал кейбір ру-тайпаларда (мысалы, адай, шекті, табын және т.б.) 1000 – 2500 шақырымға дейін жеткен.Өмір сүру ортасының ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану тәсілдерін айқындап берді, көктеу, жайлау, күздеу, қыстау секілді маусымдық жайылымдарды алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Қысқы жайылымдар үшін көл жағалаулары, өзен аңғарлары, тау шатқалдары, тоғай шеті, мал табындарын қарлы борандардан және үскірік желден қалқалайтын табиғи ықтасындары бар жерлер пайдаланылды. Күзгі, көктемгі жайылымдар қыстауларға жақын, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге орналасты. Жазғы жайылымдар міндетті түрде жауын-шашын сулары көп жиналатын, шөбі қалың өсетін және табиғи су қорлары бар өңірлерден таңдалған.
Түркілердің рухани мәдениеті.
Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған. Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай-ақ түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет