Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары



бет1/4
Дата13.05.2022
өлшемі25,63 Kb.
#142945
  1   2   3   4
Байланысты:
2017 жылғы 14 ақпандағы №66 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің типтік ережелері
ӘТБ Силлабус Искакова ЛМ (1) 4, 14 дарис Жарықтың толқындық қасиеттері

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 бұйрығына
7-қосымша

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Осы Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - ПМПК) қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:
1) психикалық бұзылыстар (аурулар) – баланың бас миы жұмысының бұзылысымен шартталған психикалық қызметінің бұзылыстары;
2) кеңес беру – туындаған проблемаларды еңсеру үшін маманның қажетті нақты іс-әрекеттер туралы ақпаратты, ұсынымдарды ұсынуы;
3) диагностикалау – аурудың немесе ақаудың болуы немесе болмауы дерегін анықтауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
4) үйде оқыту – медициналық көрсетілімдер бойынша балаларға ұсынылған үйде оқыту формасы;
5) диагностикалық топтар – диагноз қою және оқыту мен тәрбиелеуді белгілеу мақсатында түзетуді қолдау жағдайына ұзақ динамикалық бақылау үшін қысқа мерзімде болатын топ.
3. ПМПК қызметтерінің негізгі бағыттары.
1) диагностика және кеңес беру;
2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға білім беру бағдарламасын белгілеу;
3) психофизикалық бұзылыстары бар балаларды тереңдетіп тексеру, емдеу үшiн, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша үйде оқыту қажеттілігі, медициналық қызметтерді алу мәселелерін шешу мақсатында ұйымдарға жіберу;
4) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды, олардың арнайы білім беру қызметіне қажеттілігін есепке алу және жиынтық есеп құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет