145
баласының өз қабілеті мен өзін тұлға ретінде дамыта түсіретін орны,
қарым-қатынас жасау ортасы, сонымен бірге әйелге үлкен азаматтық
құрметпен қарым-қатынас жасайтын орта да – осы еңбек ұжымы.
Шетел ғалымдарының зерттеулері бойынша
адамдар өз еңбектері
мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін, қарым-қатынаста
өзара ықпал ету мүмкіндігінің болуы арқылы дамуға бағыттайтын
орта осы еңбек ұжымы болып табылатындығын айқындады.
Шын мәнінде бүгінгі қоғамдық жағдайда әйел қызметтік өсу
бағытындағы бағдарламаны таңдауға да, тек қана отбасылық
міндеттермен отыруға да, тіпті екеуін қатар қабылдауына да құқылы
болуы тиіс. Ал қоғам оның отбасылық өмірін ұйымдастыруы үшін
де, қызметтік міндеттерін орындауына да
тиісті жағдай туғызуы
қажет.
4. Отбасын жоспарлау мәселесі.
Мыңдаған жылдар көлемінде
адамның биологиялық тұрғыдан өсуі ұлттық дәстүрлер мен
діни сенімдер негізінде отбасындағы бала саны мен тәрбиесінің
бағытын анықтап келді. Соғыстың салдарынан, елдегі эпидемиялық
аурулардың таралуынан және аштық пен жұттан отбасындағы бала-
лар санын жоспарлау мүмкін болмады. Осындай қиыншылықтардан
санаулы ғана бала аман-есен болып өсетіндіктен, аналарымыз бойы-
на біткен нәрестенің бәрін дүниеге әкелуге міндетті болған.
Бүгінгі күні қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
түбегейлі өзгерді. Отбасында көп бала табу қоғамдағы ата-
аналардың әлеуметтік сұраныстарының жеке бастық сипатына қарай
біртіндеп артта қала бастады. Қалалы жерлерде отбасында отырған
аналар болмаса жұмысқа араласқан әйелдер үшін көп балалы болу
қажеттілігі төмендеп кетті.
Отбасында бала санын жоспарлау
мен бала санын шектеудің
шаралары өркениетті ел үшін өте қатігез тәсілдермен шешілуде.
Ана құрсағында пайда болған баланы түсік тастау арқылы дүниеге
әкелмеудің жолы –
ана болашағы үшін қауіпті. Ол болашақ ана-
ны бала сүю мүмкіндігінен айыруы немесе денсаулығына зиян
келтіруі мүмкін. Соған қарамастан дәрігерлердің насихатынан кейін
де қалаусыз нәрестелердің дүниеге келуі олардың физиологиялық,
психологиялық сапасына нұқсан келтіретіндігін көрсетті. Ананың
психологиялық дағдарыс жағдайында жүріп құрсағында бала
көтеруі, оған деген мейірім мен сүйіспеншіліктің болмауы ана
құрсағындағы бала дамуына өзіндік кері әсерін тигізетіндігі белгілі
болды.
146
Осындай маңызды проблемалардың шешімін табу үшін
мемле-
кет көптеген шараларды қарастырды. Сондықтан аналардың қашан,
қанша бала дүниеге әкелетіндігін өз еріктеріне салды. Өйткені
қалаусыз туылған балалар жетім балалар санын арттырмаса, отбасы
ортасы мен ана мейірімін көруі екіталай жағдай болып отыр.
Бүгінгі күні кәмелетке толмаған жастардың балалы болуы
әлеуметтік проблема ретінде басты назарда. Акселерация құбылысы
жеткіншектердің гармоналдық және дене жағынан қарқынды да-
муын қамтамасыз етті. Оның үстіне ата-аналардың тым шектен тыс
қамқорлығы бүгінгі жастардың адамгершіліктік-рухани жағынан
дамуын кешеуілдетіп жіберді. Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда жас
қыз - ана үшін көп қиындықтар туындайды. Онда отбасындағы бетке
басар айыптаулар, мектептегі қалыпты жағдайға келмейтін оқушы
қыздың қылығы, көпшіліктің сыни көзқарасы және т.б.
кәмелетке
толмаған ана үшін үлкен психологиялық дағдарыс жағдайды
қамтамасыз етеді. Сондықтан мектеп оқушыларын және олардың
ата-аналарын болашақ отбасылық өмірге даярлау бағытында
жыныстық тәрбие мен қарым-қатынас мәдениеті тақырыптарында
сауаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру маңызды.
5. Тағы бір аз зерттелген проблемалардың бірі –
Достарыңызбен бөлісу: