Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет49/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу
негізінде 
қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген 
құлшынысының жоғары болуы тән. Бұл көп жағдайда әртүрлі се-
бептерге, яғни баласынан айрылып қалу, балалы болу мүмкіндігінің 
жоқтығы және т.б. себептерге байланысты адамда болатын 
алаңдаушылықты жатқызуға болады. Мұндай жағдайда ата-ана 
бала тәрбиесінде өте сақтықпен жұмыс істейді. Ұзақ уақыт осындай 
жолмен балалы болу мүмкіндігіне ие болған аналар көп жағдайда 
шектен тыс балаға қамқорлық жасайтын болады. Бұл мүмкіндіктер 
біртіндеп өмір барысында сейіледі және уақыты келе нақты тұрақты 
қалыптасқан ата-аналық сезімнің пайда болуына ұласады.
Дистанттық отбасы.
Мұндай отбасыларына қалыпты отба-
сыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби 
қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек


133
өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отба-
сылары кіруі мүмкін. Оған теңізшілер отбасы, геологтар отбасы, 
косманавттар отбасы, әртістер отбасы, әскери қызметтегі адамдар 
отбасы және т.б. жатады.
Дистанттық отбасыларының тұрақтылық туралы ойлары қарама-
қайшы келеді. Бірі олардың мамандығының ерекшелігі отбасын 
тұрақсыз етеді десе, екіншісі, мұндай отбасылары тұрақты да берік 
отбасы болады деп біледі. Әйтсе де, отбасы ата-аналарының екеуі 
де бала тәрбиесі мен дамуында қиыншылықтардың бар екендігін 
жоққа шығармайды. Отбасындағы балалардың әлеуметтенуіне 
ата-аналардың бірінің ықпалы (негізінен анасы) шешуші рөл 
ойнайды. Жұбайлар арасында бала тәрбиесіне қатысты, оның 
мінезіндегі девианттық сипат туралы және отбасындағы тәрбиеде 
қолданылатын әдістер туралы кикілжіңдер мен пікір таластырулар 
жиі орын алып тұрады.
Әртүрлі деңгейлі отбасы.
Мұндай отбасыларындағы жұбай-
лардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады. От-
басы өмірінің қолайлылығы бойынша көзқарас жалпы алғанда 
нақтылы бір уақыт аралығында қалыптасқан және қол жет-
кен нәтижелердің сипаты арқылы және өзге отбасыларының 
көзқарасы мен пікірлері арқылы теңестіріледі немесе компенса-
ция жасалынады. Бүгінгі күні мұндай отбасыларының саны ар-
тып келеді. Отбасылық некенің беріктігі көп жағдайда жұбайлар 
позициясына байланысты анықталады. Мұндай отбасыларына 
көзқарастарындағы мақсаттарын қолдаудағы әркелкілік, ортақ 
қызығушылықтың сәйкессіздігі, болашаққа деген бағдардың бірдей 
болмауы, кикілжіңнің орын алуы және т.б. тән. Кикілжіңнің орын 
алу себебінің басты көзі мен түрткісі қандай жас кезеңінде бол-
масын оның байқалу қарқындылығымен ерекшеленетін қызғаныш 
пен күдік болып табылады. Бұл қызғаныш пен күдік жұбайлардың 
білім деңгейінен туындайтын өзіне деген сенімсіздігінің пайда бо-
луынан немесе арта түсуінен туындап отырады.
Көп жағдайда мұндай типтегі отбасылары бұл құбылысты байқай 
бермеуі мүмкін. Өйткені бастапқыда-ақ, оның мінез-құлқы мен 
білімділігінен туындаған көзқарасы жоғары эмоционалдық күйде 
болғандықтан, оны солай болуға тиісті қалыпты жағдай ретінде 
қабылдағаннан болады. Оның осы мінезін бүкіл отбасы мүшелері 
қалыпты мінез-құлық деп қабылдайды. Соның нәтижесінде


134
отбасында болып жатқан әлеуметтік-психологиялық құбылыстар 
мен кикілжіңді мінезінің салдары деп ойлайды. 
Мұндай әртүрлі деңгейлі жұбайлар отбасындағы ата-аналардың 
өз әлеуметтік орталары болады, өйткені олардың қызығушылығы өте 
аз жағдайда ұқсастық табады. Олардың арасындағы қарым-қатынас 
күрделі және отбасында лидерлік позицияны біреуі ұстанады. 
Аралас ұлтты отбасы.
Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкіл-
дерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған 
балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің 
ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға 
келеді. Мұндай отбасыларына олар араласатын этностық әлеуметтік 
ортаның ықпалы ерекше әсер етеді. Бүгiнгi қазақ қоғамында аралас 
некелердiң, яғни аралас ұлттар өкiлдерiнен тұратын отбасыларының
санының көрсеткiштерi өзгермей отыр. 2000 жылы бүкiл неке-
ге тұрушылардың iшiндегi 20,3%-ы аралас некенi құраған бол-
са, 2004 жылғы санақта бұл көрсеткiш 18,7%-ы берiп отыр. 
Бүгінгі көптеген елдердегі ұлтаралық қақтығыстар мен өзара 
түсініспеушіліктің салдарынан болып жатқан жанжалдардан кейін 
аралас отбасыларындағы татулықтың тұрақтылығына кепілдік беру 
қиын әрине. Әсіресе, отбасындағы тәрбиеленіп жатқан балалардың 
ұлттық көзқарастарында қандай ұстанымды басшылыққа алу 
керектігін шешуде нақтылықты табу қиын.
Жоғарыда қарастырған отбасы типтері өздерінің ерекшеліктеріне 
қарай қарым-қатынас стильдерін қалыптастырады. Олар туралы 
да ғалымдар зерттеулері әртүрлі көзқарастарын білдіріп жүр. Атап 
айтқанда, ғалым-педагог Р. М. Капралова отбасындағы қарым-
қатынас сипатына, басқару стиліне қарай отбасының негiзгi бiрнеше 
түрлерiн ұсынады. Олар төмендегiдей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет