132
тұрғандықтан, оған деген қажеттілік те сезіліп тұрады. Отбасындағы
шаруашылық-тұрмыстық белсенділік пен тәрбиелік қызмет
жалғасын таппағандықтан, ата-ананың бірі ол қызметті өз міндетіне
алады. Кейде ол өз маңызын жойып та жібереді, сондықтан көптеген
отбасыларында ол жаңа әлеуметтік орта құру мақсатымен жүзеге
асырылады. Өмірлік мақсаты алдағы уақытта қайта некеге тұру
арқылы отбасын құру мен оны іске асыру шараларымен байланысты
анықталады. Ажырасқан адамдардың жаңа өміріне бейімделу бары-
сында қалыптасқан көңіл-күйлері мен психикалық жағдайы баланың
ата-анасы мен отбасындағы қарым-қатынасқа, отбасындағы өмір
сүру дәстүріне ерекше әсер етеді.
Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық
емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орын-
дайтын болады. Кез келген мұндай отбасы жесірлік өмірінің кез кел-
ген сатысында дәстүрлі отбасыларына қарағанда отбасы қызметінің
барлық түрлері бойынша едәуір психологиялық және әлеуметтік,
материалдық қиындықты басынан кешіреді. Серігінен айрылған
жесірдің өмірге деген қызығушылығының төмендеуі отбасындағы
балалардың өмір сүру дәстүріне және қоғамға еніп, әлеуметтенуіне
өзіндік әсерін тигізеді. Қарым-қатынас ортасы біртіндеп ата-
анасының ортасына байланысты шектеле бастайды, оның құрамы
тәрбиеге қатысты, тұрмыстық үй мәселесіне, отбасы шаруашылығын
қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты айқындалады. Мұндай
отбасыларындағы бұрынғы тұрмыстық көңіл күй мен белсенді
әрекет түрлерін қалпына келтіру оңайға соқпайды.
Достарыңызбен бөлісу: