Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет45/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

4-кесте.
Отбасындағы әрекеттер сферасының қоғамдық және жеке-
даралық функциялары
Отбасындағы 
әрекеттер сферасы
Қоғамдық қызмет
Жеке-даралық қызмет
Репродиктивтiк
Қоғамдық
биологиялық өндiрiс
Балаға деген сұра-
нысты қанағаттанды-
рушылық
Тәрбие берушiлiк
Жас ұрпақты
әлеуметтендiру. 
Қоғамның мәдени 
үздiксiздiгiн қолдау.
Ата-аналық, балалар-
мен қарым-қатынас 
жасау мен оларды 
тәрбиелеудегi және 
балалармен бiрге өзiн-
өзi дамыту сұранысын
қанағаттандырушылық
Тұрмыстық-
шаруашылық
Қоғам мүшелерiнiң 
денсаулығын сақтау, 
балаларға деген 
күтiм
Отбасы мүшелерiнiң 
бiр-бiрiне тұрмыстық-
шаруашылық қызмет 
көрсетуi


123
4-ші кестенің жалғасы
Экономикалық
Қоғамның кәмелетке 
толмаған және еңбекке 
жарамсыз мүшелерiне 
экономикалық көмек
Отбасы мүшелерiнiң 
бiр-бiрiне мате-
риалдық көмек 
көрсетуi (отбасындағы 
еңбекке жарамсыз 
және кәмелетке 
толмаған мүшелерi 
үшiн)
Бастапқы әлеуметтiк 
бақылау сферасы
Әртүрлi өмiр сүру 
әрекетiндегi от-
басы мүшелерiнiң
моральдық талапта-
ры, сондай-ақ ерлi-
зайыптылардың, ата-
ана мен балалардың, 
отбасындағы аға 
ұрпақ пен орта буын 
өкiлдерiнiң өзара 
қарым-қатынасындағы 
мiндеттерi мен
жауапкершiлiктерi
Отбасы мүшелерiнiң
өзара қарым-қатынасы 
барысындағы 
терiс мiнез-құлық 
пен моральдық 
нормалардың 
бұзылуының болма-
уын қадағалаудағы 
құқықтарды қолдау 
және қалыптастыру
Рухани қарым-қатынас 
сферасы
Отбасы мүшелерiнiң 
тұлғалық дамуы
Отбасы мүшелерiнiң 
өзара рухани жетiлуi. 
Некелiк одақтың
туыстық-достық 
негiзiн бекiту 
Әлеуметтiк-статустық
Отбасы мүшелерiнiң 
белгiлi әлеуметтiк 
статусын ұсыну
Әлеуметтiк 
дамудағы қажетiн 
қанағаттандыру
Бос уақытты 
ұйымдастыру
Демалуды рационалды 
ұйымдастыру. Де-
малу сферасындағы 
әлеуметтiк бақылау
Бос уақытты бiрге 
өткiзудегi қажетiн 
қанағаттандыру, 
демалудағы 
қызығушылықтарын 
өзара байыта түсу


124
4-ші кестенің жалғасы
Эмоционалдық
Индивидтiң 
эмоционалдық 
тұрақтануы және 
олардың психотера-
пиясы
Индивидтiң отбасы-
нан эмоционалдық 
және психологиялық 
қолдау табуы. Жеке 
бақыты мен ма-
хаббатта қажетiн 
қанағаттандыру
Сексуалдық
Сексуалдық бақылау
Сексуалдық қажетiн 
қанағаттандыру
Әлеуметтік педагогикада отбасының әлеуметтендіру процесінде 
атқаратын бірқатар қызметтері анықталған (Ф. А. Мустаева), олар:
Біріншіден,
адамның дене және эмоционалдық дамуы жүзеге 
асады. Балалық шақтағы және ерте жастық шақта қабылдайтын 
мұндай әсерді тек отбасы ғана бере алады, басқа әлеуметтендіру 
институттары мұндай қызметті жүзеге асыра да, орнын толтыра да 
алмайды. Балабақша кезінде, кіші мектеп жасында және жеткіншек 
жас кезеңінде де отбасы баланың әлеуметтенуі үшін маңызды 
әлеуметтендірушілік рөлді атқарады, әйтсе де бірден-бір орта болу-
дан қалады. Басқа да әлеуметтендіру институттарының қызметінің 
ықпалы қосарлана бастайды, бірақ қарттық шақта қайтадан бірден-
бір әлеуметтендіру ортасы болады. 
Екіншіден
, бала өмірінің алғашқы үш жылындағы оның 
жыныстық психологиясының қалыптасуында отбасы маңызды 
рөл ойнайды. Әкенің ұлына немесе қызына деген жеке қатынасы 
шешуші міндетті атқарады, яғни әкенің ұлының агрессивті қарым-
қатынасы мен қызының нәзік әрекетіне деген жеке қатынасы мен 
көзқарасы олардың жыныстық санасының қалыптасуына түрткі 
болады. Ана әдетте балалырының бәріне бірдей мейірімділікпен 
қатынас жасайды. Отбасындағы әкенің бала әрекетіне немқұрайлы 
қарауы немесе отбасында әкенің жоқтығы баланың жыныстық 
әлеуметтену процесінің өтуінде проблема туғызады.
Үшіншіден,
баланың ақыл-ойы жағынан дамуында да отбасы 
жетекшілік рөл ойнайды, сонымен қатар әлеуметтенудің барлық 
кезеңдерінде баланың мәдениеттік қарым-қатынастың мөлшерін 
сезінуге және меңгеруге ықпал етеді.


125
Төртіншіден,
отбасы адамның отбасылық рөлдерді орындаудағы 
әлеуметтік нормаларды меңгеруінде де маңызды орынға ие.
Бесіншіден,
отбасылық және ұлттараралық қатынастарға бағыт-
талған және балалардың өмірлік стилін, өмірлік жоспары мен оған же-
туге апаратын өмірлік талпыныстарын, қызығушылық деңгейлерін 
анықтайтын құндылық бағдары да осы отбасында қалыптасады. 
Алтыншыдан,
адамға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету 
отбасына тән, бұл сипат баладағы өзіне деген бағаға, өзін-өзі 
құрметтеу деңгейіне, өзін-өзі қабылдау шарасына, өзін-өзі жүзеге 
асырудың тиімділігі мен аспектілеріне байланысты болады. 
Отбасындағы адамдардың әлеуметтену процесі оның типіне 
байланысты. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде 
отбасының көптеген типологиялары ұсынылып жүр. Солардың 
ішіндегі мынадай отбасы типінің классификациясын қарастырып 
көрейік: 
1. Отбасындағы балалардың санына қарай: баласыз отбасы, аз 
балалы отбасы, көп балалы отбасы;
2. Отбасының құрамына қарай: толық емес отбасы, жай, яғни 
нуклеарлық отбасы, күрделі отбасы (бірнеше ұрпақ өкілдерінен
тұратын отбасы), үлкен отбасы, аналық отбасы, қайталанған некелі 
отбасы;
3. Құрылымына қарай: бір некеден туылған балалар (әкелері бір, 
бірақ шешелері бөлек), ата-анасының біреуінен туылған (әкесінің 
бұрынғы әйелінен туған балалар мен шешесінің бұрынғы күйеуінен 
туылған балалары бар) әртүрлі туыс балалары бар отбасылар;
4. Отбасындағы лидерлік позициясына қарай: эгалитарлық 
(демократиялық) және дәстүрлі (авторитарлық) отбасылары;
5. Отбасындағы адамдардың ұлттық құрамына, мамандығы мен 
білім деңгейіне байланысты әлеуметтік құрамының біркелкіліне 
қарай: әлеуметтік-гемогендік (біркелкі) және гетерогендік (әркелкі);
6. Отбасылық тәжірибесіне байланысты: жас жұбайлар отбасы, 
жас отбасы, орташа жастағы жұбайлар отбасы, ересек жұбайлық от-
басы, егде жұбайлар отбасы;
7. Отбасындағы психологиялық климат пен қарым-қатынасы-
ның сипатына қарай: қолайлы, тұрақты, қолайсыз, педагогикалық 
әлсіз, тұрақсыз, ұйымшыл, ауызбіршілігі жоқ отбасылары;
8. Географиялық ерекшеліктеріне байланысты: қалалық, ауыл-
дық, оқшауланған отбасы;
9. Тұтынушылық мінез-құлқына байланысты: «физиологиялық» 


126
типтегі тұтынушы отбасы, «интеллектуалдық» типтегі тұтынушылар 
отбасы, аралық типтегі тұтынушылар отбасы;
10. Отбасылық өмірінің ерекше жағдайына байланысты:
студенттік отбасы, некесіз отбасы, некелі отбасы;
11. Бос уақытын өткізу ерекшелігіне байланысты: ашық-жар-
қын отбасылары және оқшауланған отбасы, жабық (бос 
уақыттарын тек өз отбасыларымен ғана өткізетін) отбасылары;
12. Әлеуметтік бейімділігіне байланысты: реактивті, белсенді 
және орташа белсенді отбасы;
13. Отбасылық өмірінің байланыс деңгейіне қарай: дәстүрлі, 
ұжымдық және жеке-даралық отбасы;
14. Отбасының психикалық саулығына қарай: салауатты отбасы, 
невротикалық отбасы, виктомегендік отбасы.
Енді осы қарастырылған отбасыларының ішіндегі бірқатар отба-
сы типтеріне сипаттама беріп, тоқталып өтейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет