143
ден төмендеп кетуі, әсіресе, балалардың,
жұқпалы аурулардың
көбейе түсуі мен мүгедектер санының артуы, денсаулық сақтау
жүйесіндегі тәртіпсіздіктің артуы;
–
еңбек потенциалы сапасының төмендеуі;
–
қоғамның, әсіресе жастар
арасында қылмыстың артуы;
–
мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығы мен ауыр жағ-
дайдағы отбасыларына әлеуметтік қорғаудың мүмкін еместігі, – деп
көрсетеді.
Қазіргі қоғамдық жағдайда көптеген отбасылары бұрынғы
мемлекеттік кепілділіктерден айырылып отыр. Атап айтқанда,
өндіріс орындарының тоқтауы, соның
салдарынан мекемелердің
жұмысшылар жалақыларын төлеуге қабілетсіздіктері, әйел
азаматтардың жұмыс табудағы қиындығы, тегін қызмет көрсету
орындарының барған сайын қысқартылып отырғандығы және т.б.
Осылайша бүгінгі отбасы экономикалық реформалардың құрбаны
болып келеді.
Қазіргі отбасыларының анағұрлым өзекті мәселелері ретінде мы-
наларды атап көрсетуге болады:
1. Тұрғын үй мәселесі.
Жас отау иелерінің тұрғын үй мәселесімен
қамтамасыз етілу жағдайлары қай кезде болсын ең өзекті мәселе
болып келген, бүгінгі нарық заманында да өзекті болып отыр.
Сондықтан жастардың үйленуге асықпауы, үйленгендердің балалы
болуды жоспарламауы немесе шектеуі, бәрі де отбасылық тұрғын үй
мәселесінің шешілмеуінен болып отыр. Жастар арасындағы пәтер
жалдап тұру және отбасы қызметтерін жүзеге
асыру олардың от-
басы міндеттерін шешуде едәуір қиындықтар туғызуда. Уақыт өте
келе жастардың сұранысы мен отбасында тәрбиеленіп отырған бала
тәрбиесінің шығындары бұл мәселені барған сайын қиындата түсері
анық. Сондықтан тұрғын үй мәселесінің жағдайы қаншалықты
қиын болған сайын отбасындағы кикілжің мен түсінбеушіліктің
деңгейі де соншалықты күрделі болмақ.
Осы бағытта жастар саясаты мен демографиялық мәселені ше-
шуде Қазақстандық ғалым М. Тәтімов өз ұсыныстарын да берген
болатын. Онда жастарға арналған бағдарламалар негізінде тұрғын
үй алуға жұмсалатын несиелердің құнын отбасында дүниеге кел-
ген сәбидің санымен біртіндеп шегеріп отыру арқылы жастардың
отбасылық өмірін біршама жеңілдету мәселесін алға тартқан бола-
тын. Осылайша демографиялық жағдайды да біршама түзеуге үлес
144
қосуды қарастырған болатын. Әйтсе де, мұндай ұсыныстар бүгінге
дейін мемлекетіміз тарапынан қолдау таппай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: