Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Талшыбықпен аршы 
қырсық-түйнектен, Ұл мен қызға таяқ бiлiм үйреткен (1490 бәйт),
– деп бiлiмдi меңгеру үлкен табандылық пен шыдамдылықты қажет 
ететiндiгiн, ол үшiн қатаң талап қоюдың маңыздылығын сипаттайды. 
Сонымен қатар, ақын жалпы бала тәрбиесiнде қатаң тәртiптiң болуы 
қашан да ата-ананы қуанышқа бөлейтiнiн 
Жаны жұмсақ 
– 
 қатты 
ұстаған баланың, жарық жүзi ата менен ананың (1215 бәйт) 
– 
деп тәртiпке үйренген балалардың қашан да жауапкершiлiктерiнiң 
жоғары, ата-ана көңiлiнен шығып отыратынын түсiндiредi.


48
Балалар бойында мейiрiмдiлiк пен қайырымдылық негiздерiн от-
басынан сiңiрудiң жолы – баланы алыста тәрбиелеуге бермей, от-
басында тәрбиелеу қажет деп көрсетедi. Өйткенi қолдан ерте шалғай 
кеткен баланың ата-ана мен туыс бауырларына суып кететiндiгiн 
түсiндiре отырып, бүгiнгi қоғамымыздағы балабақшалар мен ба-
лалар тәрбиесiне арналған көптеген мекемелердiң тәрбиесi балалар 
уақытының едәуiр бөлiгiн алатынын алдын ала болжағандай.
Ақынның дастанында адам баласының өмiр сүрудегi негiзгi 
мақсаты дүние жинау емес, жақсы мiнез-құлық пен рухани байлық-
қа қол жеткiзу екендiгiн де түсiндiредi. Ата-ана үшiн ең асыл мұра 
балаларына берген жақсы тәрбиесi екендiгi айтылады.
Қазақ халқының отбасы тіршілігінде ұл баласының орны ерек-
ше. «Ұл туғанда күн туған» деп қазақ халқы ер баласының өмірге 
келуін әулеттің, тектің жалғасы ретінде үлкен қуанышпен күткен. 
Бүл жөніндегі деректер қазақтың мақал-мәтелдерінен де кеңінен 
көрініс тауып, байқалады. «Ұлы бардың өзі бар, қызы бардың көзі 
бар» деп артында ұл баласы қалған адамды өлдіге санамаған. Бұл тек 
қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының түсініктеріне 
тән көзқарас болып табылады. Мұндай түсiнiктер Жүсiп Баласағұн 
көзқарасына да сәйкес келедi.
Отбасы тәрбиесіндегі ұл баланың орны мен жеке басының 
қалыптасуындағы ерекшеліктер Ж. Баласағұнның «Құтты бі-
лік» дастанында кеңінен қарастырылады. Онда ғұлама ақын ұл-
дың шаңырақтың түтінін жалғастырушы ретіндегі рөлін жоғары 
бағалай отырып: 
Әйел алып, бала сүйгін жадырап, Ұлсыз ғұмыр –
қаңыраған шаңырақ! Ұлсыз кісі өлсе

 тұқымы өшеді, Аты өшіп, 
орны құрып көшеді! (3370 бәйт)
– деп суреттесе, қыз баласының 
жат жұрттық, қонақ екендігін ескере отырып, ұл баласы ғана отбасы 
отын сөндірмей текті жалғастырушы болатындығын айтады.
«Құтты білік» дастанының мазмұнында ақын отбасында ұл 
бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін 
көрсетумен қатар, ата-аналарға құнды пікірлерін де ұсынады. Ер 
баланың табиғатына тән қасиеттері мен оны қалыптастырудағы әсер 
ететін факторларды: әкенің жеке басының өнегесі, ауыл ақсақалдары 
мен ортасының ықпалы, отбасындағы және құрбы-құрдастары 
арасындағы қарым-қатынас сипаты, білім-ілім үйрену және т.б. 
нақтылап көрсетеді.
Сонымен қатар, ақын Ж. Баласағұн, ұл бала тәрбиесінде оның 
брйына азаматқа тән қасиеттердi сiңiрiп тәрбиелеудің әкеге па-


49
рыз екендiгiн ескертеді. Өйткені ер азамат жастайынан шынығып, 
салмақты мінез-құлық пен жауапкершілікке тәрбиеленбесе, өскенде 
оның кесірі көрініс береді, ал ол қашан да әкеге сын.
Қазақ отбасындағы жетістіктің көрсеткіші қашанда балалар-
дың өнегесі мен тәрбиесінің нәтижесі болып келген және ол бүгін 
де солай болып отыр. Осы тұста ақын Ж. Баласағұн дұшпаныңа 
күлкі болам демесең, бар күшіңді салып балаларыңды дұрыстап 
тәрбиеле дегенді айтады. Ж. Баласағұн
«Ұл өсіргің келсе дана, 
жүректі, қатты ұстап: үйрет білім, ізетті» (1220 бәйт)
, – деп 
бала тәрбиесінің жан-жақты үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін 
оларға білім беру керек деп санайды. Ұл-қыз тәрбиесінде ата-анаға 
өнер, білімнің барлық түрлерін үйретуді кеңес бере отырып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет