4-схема.
Мораль нормаларының құрылымы
Іс-әрекет
Ә
рекетті қылық
(поступок)
Мінез-құлық
Мораль
нормалары
Жаттығу
әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиет-
тер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі
дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген жаттығулар орындауға
245
тура келеді. Мысалы, бала әдемі әрі сауатты жаза білу үшін ол
көп уақыт жазып жаттығады. Егер біз баланың дастархан басында
отырғанда өзін дұрыс ұстай алмайтындығын байқайтын болсақ, онда
ересектер тарапынан жиі айтылатын ескертулер мен кінә тағушылық
басым айтылуы мүмкін. Әйтсе де қалай өзін ұстай білуі керектігін
үйретуге ешкім де мән бермейді. Ал мектепте ол мәселелер айтыл-
майды. Осы тұста адамшгершілік жаттығулар дегенде баланың
өмірі мен тіршілігі үшін маңызды әдеттері мен дағдыларын бекіту
мақсатындағы ақпараттандыруды, әрекеттер мен қылықтардың
қайталануын түсінуіміз керек.
Балада ұнамды әдет пен қылықты қалыптастыру мынадай
жұмыс тәсілдерін қамтиды: міндетті қоя білу, оны орындау бо-
йынша түсіндіру, осы міндеттерді орындауға деген ынта мен
қызығушылықты ояту, тапсырманың қалай орындалатындығын
практикалық тұрғыдан көрсету, практикалық жаттығуларды
ұйымдастыру, талап қою, тапсырмалардың орындалу талаптары
мен оның нәтижесін бақылауға алуды есіне салу. Біліктілік пен
әдет арасында елеулі айырмашылық бар. Алдымен біз икемділікті,
қабілеттілікті қалыптастырамыз. Кейіннен белгілі уақыт аралығында
жүйелі түрде бекіту мақсатындағы жаттығулар арқылы әдетке ай-
налдырамыз.
Егер жаттығулар жүйелі түрде орындалмаса және баланың
қолынан келетін әрекет қабілеттіліктері әдетке айналдырылма-
са, онда бұрынғы қабілеттіліктерді қайта қалпына келтіру қиынға
соғады. Мысалы, балалар балабақшаға барып жүргенде оларды
ойыншықтарымен ойнап болған соң жинап қоюды үйретеді. Ол
үйде де соған дағдыланып, жиі орындайтын болады. Әйтсе де,
ол мектепке барғанда сөмкесін жинап, оның ішіндегі заттарын
реттеп тұруды дағдыға айналдырмайды. Себебі балабақшада ол
жаттықтыру бақылауға алынған болатын. Ал кейде ол бақылауға
алынбағандықтан, бұл қабілеттіліктер бала бойында болғанымен,
біртіндеп бала дағдысынан шығып қалады. Ендігі жерде баланың
сөмкесін таза ұстап, ішіндегі заттарын түгелдеп отыруды дағдыға
айналдыру қиындық туғызатын болады.
Осы тұста ұлы ғұлама әл-Фараби баланы іс-әрекетке баулып,
тәрбиелегенде оның жас ерекшелігімен қатар дара ерекшелігін және
қызығушылығын да ескеруге кеңес береді. Бұл жөнінде ол: «Әрбір
балаға өзінің ерекшелігіне қарай бір жұмыс белгіленуі тиіс. Өйткенi
– біріншіден, әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке
246
жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол адам,
басқа бірер жұмысқа емес, тек сол жұмысқа жарамдырақ болады;
– екіншіден, бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір
адам бұл жұмысты неғұрлым жетік, білгір және шебер атқарып, бұл
жұмыстың білгірі болып шығады, өйткені ол өзін осы жұмысқа жас-
тайынан үйретеді;
– үшіншіден, көп жұмыстарды бір мезгілде орындап шығу
көп уақыт алады. Сондықтан баланы жұмыспен баулуда әртүрлі
жұмыстарды қатар орындауды талап етпей, бір жұмысты тиянақты
орындап бітіруді талап еткен абзал», – деп балаларды еңбекке
тәрбиелеудің тиімді шарттарын көрсетеді.
Осылайша,
ғұлама баланың жас және дара ерекшеліктерін еске-
ру
арқылы жаттығу тапсырмаларын іріктеу, таңдау жасауда ескеру
маңыздылығын айтады.
Егер әлеуметтік педагог өзінің қызметінде шығармашылық
ойындарды, сюжеттік-рөлдік ойындарды және т.б. да ойын түрлерін
пайдалана отырып жаттығу әдісін қолданатын болса, онда оның
тиімділігі артады. Ойынның құндылығы сонда, біз ойын әрекеттері
арқылы балада қандай қасиеттерді көргіміз келсе, сол әрекеттерге
қалыптастырамыз. Ойын нақтылы жағдайларда ғана тиімді болады.
Ол үшін ойынның негізгі идеясы балаға түсінікті әрі балалар тарапы-
нан қабылданған болуы тиіс, балалар ойынның сюжетін құрастыруға,
рөлдерді бөлуге белсенді араластырылуы тиіс, әлеуметтік педагог
ойын мазмұнын толықтыра, байта түсуде көмектесуі, ойын орын-
далатын ортаның безендірілуі балаларды ынталандыратындай,
қызықтыратындай және оң ықпал ететіндей болуы тиіс, сонымен
қатар балаларға ұнаған ойынды қайталап тұруға мүмкіндік бола-
тындай етіп ұйымдастыру қажет.
Көз жеткізу әдісі
мен жаттығу әдістері бір-бірімен тығыз
байланысты. Жаттығуды орындау барысында бала бірнеше рет
орындалған тапсырманың нендей тиімділік беретінін немесе басқа
да қасиеттеріне көзін жеткізуге мүмкіндік алады.
Әлеуметтік-педагогикалық әдістер арасындағы ерекше то-
бына жататыны
коррекциялау
әдісі болып табылады. Оған
мадақтау, көтермелеу мен жазалау әдістерін жатқызамыз. Бұл
әдістерді қолдануға байланысты көзқарастар бірыңғай емес,
әртүрлі көзқарастар арасында жазалауды қолдану әдіс ретінде
қажеттілік дейтіндер де, жазалау әдісі дегенге қарсы көзқарастар да
кездеседі. Әлеуметтік-педагогикалық ойлардың қалыптасуындағы
247
көзқарастарға жүгінсек, көзқарастарға жүгінсек, коррекциялау
әдісін қолдану баланың жеке басына ықпал етудің ең қиын да
күрделі тәсілі болып табылады екен. Соған қарамастан бұл әдіс
практикада кеңінен қолданыс тауып жүрген әдістердің бірі. Кор-
рекциялау әдісін тиімді пайдалану үшін баланың табиғатын жақсы
білу маңызды. Көтермелеу мен жазалау әдісін қолданудағы мақсат
баланың мінез-құлқында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
болмақ. Сондықтан мадақтау, көтермелеу әдістерін қолдану бала
бойындағы ұнамды қасиеттері мен жақсы қылықтарын бекітуге
бағытталады. Әрекеттегі жетістіктері үшін берілген ескертулер мен
көтермелеулер балада өз әрекетінің нәтижесінен қанағаттану сезімін
қалыптастырады, сонымен қатар оң әрекеттерін бекіту арқылы жаңа
жетістіктерге ынталандырады. Жазалау әдісін қолдану баланың
негативті әрекеттерін тежеуге, ұстамдық танытуға ықпал етеді. Жа-
залау балада жағымсыз сезімнің пайда болуымен, өзінің әрекетінен
ыңғайсыздыққа тап болушылық жағдайымен байланысты бола-
ды. Мадақтау мен жазалау қылық пен оның нәтижесіне жауап беру
арасындағы міндетті түрдегі байланыстың болуымен түсіндірілуі
тиіс.
Әйтсе де, бұл жоғарыда қарастырылған әдістерді пайдаланудың
нақтылы жолын ұсыну мүмкін емес. Соған қарамастан, бұл әдістерді
қолдануда біршама тиімділік беретін және әлеуметтік педагогтың өз
қызметінде ескеруі тиісті болған бірқатар ережелер бар. Олар:
– қолданылатын мадақтау мен жазалау әдісі баланың әрекетіне
емес, оның жеке басына бағытталуы тиіс. Себебі сол әрекетті жа-
сап отырған оның өзі болғандықтан, оның әрекетін тұлғалық
бағыттылығының нәтижесі ретінде қарастыруымыз керек;
– мадақтау мен жазалау әдістері мобильді және жеке-даралық си-
пат алуы тиіс;
– мадақтау мен жазалау әдісін қолдану балаға деген құрметті
қатынасты талап етуі тиіс, бір балаға жиі мұндай әдісті қолдану
олармен жұмыс істеуде қосымша қиындық туғызады;
– әлеуметтік педагогтың практикалық қызметінде бұл әдістердің
әртүрлі типтерін пайдаланған дұрыс.
Коррекциялау әдістерін пайдалану кем қолданылатын әдіс деп
айту дұрыс емес, ол практикада жиі қолданылады. Сондықтан
мұндайда көз жеткізу, қайта көз жеткізу, ескерту, қызығушылығын
өзгерту немесе алмастыру, жазалау секілді әдістерді қолдану қажет.
Қайта көз жеткізу – шын мәнінде баланың санасын қайта
248
құрумен байланысты орындалады. Өмір туралы көзқарастарындағы
қате түсініктер мен қабылдауларды өзгерте салу оңай емес, олар
адамгершілік көзқарастар мен көз жеткізулер арқылы ығыстырылып
тасталуы тиіс. Сонымен қатар, қайта көз жеткізу – бұл көз жеткізу
әдістерінің көпқырлылығын дәлелдейді.
Ескерту – әлеуметтік педагогтар мен тәрбиешілер кеңінен
қолданатын кең таралған тәсіл. Ескерту негативті сипатқа ие бола-
тын бала қылығы мен әрекетінің алдын ала болжамдалуымен бай-
ланысты айқындалады.
Жоғарыда қарастырылған әдістердің барлығы әлеуметтік-
педагогикалық қызметте жиі бір-бірімен тығыз байланыста
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |