Мегофакторларға (мего – өте үлкен, жалпы деген мағынаны
бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады.
Космостың Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін әсері
ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып келген. Бүгінде
бұл жаратылыстану ғылымдарында адамдар өмірінің космостық
әсерлермен байланысы қарастырылып, есепке алынған. XX ғ.
алғашқы үштігі, яғни орыстың әйгілі психиатры В. М. Бахтерев, гео-
физик П. П. Лазарев, биофизик А. Л. Чижевский әлеуметтік ортадағы
қарым-қатынастың бізге берілетін әлемдік энергияның мөлшеріне
байланысты екендігін айта келіп, «қоғамдық құбылыстардың
геофизикалық және космостық құбылыстармен байланысын зерт-
теу, бізге адамзат қоғамының заңдарын ғылыми негізде зерттеуге
мүмкіндік туғызады» – деді.
А. Л. Чижевский тарихи құбылыстардың топталу дәуiрі Күн
әрекетінің максимум топталу кезеңіне сәйкес келеді дейді. Мысалы:
Американың ашылуы, Англиядағы, Ресейдегі революция және т.б.
Бұл мәліметтер бізге космос әлеуметтендіру процесінің мегафакто-
ры ретінде әсер ететінін дәлелдейді.
Планета, әлем – бұлар да әлеуметтендірудің мегафакторы.
Планета – аспан денелерін білдіретін астрономиялық ұғым. Ең ірі
планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің
нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі форма-
лары қалыптасты.
Әлем – біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының
жиынтығын білдіретін әлеуметтік-саяси ұғым. «Планета» және
«әлем» түсініктері бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді.
Әлемнің даму процесі планетаның жағдайына әсер етеді. Бұл
әсерлер, әсіресе, XX ғасырда ауқымды планеталық-әлемдік пробле-
малар ретінде бұқаралық ақпарат, биліктегілер мен көпшілікті ойлан-
дыра бастады. Олар: экологиялық, экономикалық, демографиялық,
әскери-саяси проблемалар. Бұл проблемалар жасөспірімдерді әлеу-
меттендіруде өз ықпалын тигізді. Мысалы, Жер шарындағы атомдық
қаруды қолданудың қауіп тудыруы және т.б.