Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет26/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Тұжырым:
1. Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгiнгi 
қоғамда екiжақты деп қарастыруға болады. Бiрiншiден, көпшiлiк 
нарық талаптарына сай бiлiм мен қабiлеттiң көзi тәрбиеші еңбегiне 
байланысты екендiгiн түсiнiп, оған жоғары баға берсе, екiншiден 
мамандық таңдау мен әлеуметтiк мәнi бойынша әлеуметтік 
педагогикалық мамандықтың мәртебесi анағұрлым төмендедi.
2. Бүгiнгi қоғамда сапалы бiлiм алу бiлiм берушi тұлғаның жеке 
басының сапасына да байланысты екендiгiн көрсеттi. Өйткенi 
бiлiмдi меңгеруде оқытушымен қарым-қатынасқа түсу, жеке 
басының өнегесi, аудиторияға әсерi және т.б. көптеген факторлар 
маңызды.
3. Бүгiнгi әлеуметтік педагог маманы өз қызметiнiң мазмұнын 
қоғам талаптарына сай жаңа технологиялармен толықтырумен 
қатар жеке басының дамуында да әлеуметтендiрушiлiктi жүзеге 
асыруы тиiс. Өйткенi бүгiнгi қоғам талаптары әлеуметтік педа-
гогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесе тұлғаны қоғам та-
лабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершiлiктердi жүктейдi.


78
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Әлеуметтiк педагогтың жеке басына қойылатын талаптар қандай? 
2. Әлеуметтiк педагог қызметiнiң жүйесi және мазмұны неден тұрады?
3. Әлеуметтiк педагог қызметi барысында қолданылатын әдiс-тәсiлдер 
мен құралдарды сипаттап беріңіз.
4. Әлеуметтiк педагогтың кәсiби бiлiмдiлiгiн түсiндiрiңiз.
5. Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы және оны iске асыру 
әдiстемесi тиімді ұйымдастырылуы үшін қандай шарттарды ұсынасыз? 
Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
6. Әлеуметтік педагогтың міндеттері тәрбиешіден, сынып жетекші 
міндеттерінен несімен ерекшеленеді?
7. Қандай тұлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар әлеуметтік 
педагогтың кәсіби қызметінде қажет болып саналады?
8. Қалыпты отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет бола-
ды деп ойлайсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет