Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi



Дата01.05.2018
өлшемі335,03 Kb.



Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі есебі
Есепті кезең               2016 жыл ішінде
Іске асыру кезеңі               1-ші кезең (2015-2017 жылдар)
Мемлекеттік орган

атауы: Маңғыстау облысы әкімінің аппараты


                                   (Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауапты орган атауы)
Жоспарды бекіткен құжат:     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2015ж. № 234 қаулысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.03.2015 жылғы №297 қаулысы
Жоспардың іс-шараларын орындау

Р/с


Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзiмдерi

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат

1

2

4

5

6

7

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Мемлекеттiк қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

1.(5)

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қызметi туралы арнайы тараулардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету


Интернет-ресурстардағы тараулар


2015 – 2017 жылдардың 4-ші тоқсаны


талап етiлмейдi


Облысымыз бойынша жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі туралы арнайы тараулар жұмыс істеуде және тиісті ақпараттарды өзектілігіне қарай жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру мақсатында, сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Маңғыстау облысы әкімнің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ВАК 2016 жылғы 13 мамырдағы хаттамалық ұсыныстарын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың ашылуына және осы кезеңге дейінгі мерзім ішінде сапалы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілді.

Алайда, мониторинг жүргізудің нәтижесінде бірқатар мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өздеріне тиісті тармақтарын орындауда біршама олқылықтар анықталды. Кейбір жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы «Жемқорлықпен күрес» арнайы бетшесіндегі орналастырылған ақпараттар талапқа мүлдем сай емес, көбінесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстар мен қабылданған шараларадың, жоспардың орындалысы бойынша ақпараттардың мүлдем жоқтығы немесе ақпараттардың жаңғыртылуы соңғы рет өткен жылға тұстас келіп, жаңадан ақпараттармен жаңғыртуды жүзеге асырылмағандығы анықталды.

Осыған орай, мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына, қала және аудандардың әкімдеріне, яғни өздеріне тиісті құзырлы органдардың аталған жоспардың тармақтарын толық әрі сапалы, уақтылы орындау бойынша тапсырмалар беріліп, ескертулер жасалып келеді.



Сондай-ақ, Жоспардың төмен деңгейде яғни немқұрайлылық танытып, дұрыс немесе талапқа сай орындалмаған тармақтарын қайтадан сараптап, толық әрі сапалы орындау міндеттеліп, облыс әкімінің орынбасарымен 27.09.2016жылы №10-17/2384, облыс әкімі аппаратының басшысымен 08.09.2016 жылы №10-17-2217 қызметтік жазбалары әзірленді. Қазіргі таңда облыс әкімінің аппаратымен Жоспардың орындалысы қатаң басшылыққа алынып, бақылануда. Сонымен қатар, алдағы уақытта ескертулерден нәтиже шығарылмаған жағдайда тәртіптік жаза қолданылатын болады.

2.(11)

Шекаралық бақылау бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту

ҰҚКД – не ұсыныс

ҰҚКД (келісім бойынша, жинақтау )

2016 жылғы 1 тоқсан

ҚР ҰҚК ШҚ «2015 Әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шекаралық бақылау бөлімімен ҚР ҰҚК-не шекаралық бақылау бөлімшелерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау туралы 2016 жылдың 15 наурызындағы №2902-01-1329-082 ұсыныс хаты жолданды.

3.(14)

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау

БҒМ-не ұсыныс

БҒМ (жинақтау), ИИДБ, ХҚКО, Маңғыстау облысы әкімінің аппараты

2016 жылғы 2-ші тоқсан

Маңғыстау облыстық Білім басқармасымен ұсынылған мәліметке сәйкес, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының конкурсына орналастыру бойынша құжаттарды қабылдау үрдісін автоматтандыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданған.

4.(18)

Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау

АШМ-не ұсыныс

АШБ (жинақтау), қалалар мен аудандар әкімдіктері

2016 жылғы 4-ші тоқсан




5.(28)

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәлiметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тiзiмдерiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастыру


Ақпаратты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында орналастыру

ЭжТҮКШБ (жинақтау), Аудандар мен қалалардың әкімдіктері

2015 жылғы 4-ші тоқсан

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәлiметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тiзiмдерiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында облысқа қарасты қалалар мен аудандардың әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында тізім орналастырылады.


Квазимемлекеттiк және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

6.(32)

Далалық жұмыстарды жүргiзу үшiн облыс бойынша ЖЖМ жеткiзудiң бiрыңғай операторын айқындау бойынша ұсыныс енгізу


ҚР ЭМ, ҚР АШМ ұсыныс

АШБ (жинақтау), ЖКАЖБ, ДБ

жыл сайын


Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста астық және дәнді дақыл өнімдерінің өсірілмеуіне байланысты, егіс жұмыстарын жүргізуге жанар-жағармай материалына қаржы бөлу қарастырылмаған, сондықтан тапсырмадағы мәселе өзекті болып табылмайды.

7.(34)

Кондоминиум объектiсiне қызмет көрсететiн ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртiбiн регламенттеу

ҰЭМ –не ұсыныс

МОЭжТҮКШБ ММ (жинақтау),қала және аудан әкімдіктері

2015 жылғы 3-ші тоқсан


2012 жылдан 2016 жылға дейін Маңғыстау облысы бойынша 410 кондоминиум нысаны тіркелген. Сондай-ақ, тұрғындардан және мекемелерден кондаминиум объектісін тіркеуге қатысты қаражат мәселесі жөнінде ұсыныстар қарастырылмаған.


8.(52)

Облыс әкімдігінің және қалалар мен аудан әкімдіктерінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құру, олардың жұмыс жоспарын бекіту


Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау), қала және аудан әкімдіктері

2015 жылғы 3-тоқсан, тұрақты

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында облыстық мәслихаттың 31 сессиясының № 31-446 шешімімен Облыстық қоғамдық кеңес құрылып, құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен, Қоғамдық Кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы» мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, облысқа қарасты бірқатар қала мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, тиісті жоспарлары бекітілген.

9.(53)

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерiн енгiзе отырып, бiлiм беру мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жоспарын бекiту

ҚР БҒМ-не ақпарат

ББ (жинақтау), ЖС, қала және аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филдиалы және «Жас Отан» жастар қанаты (келісім бойынша)

жыл сайын

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» тармағын іске асыру мақсатында, 25.01.2016ж. №07-нқ бұйрығымен «Білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілді.

2. Ақтау қаласының білім бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі де кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын жүзеге асыруболып табылады. Қалалық білім бөлімінде бұл бағытта арнайы жоспар бекітілген.

Қаланың барлық білім беру мекемелерінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындау мақсатында іс-шаралар қатары өткізілуде.

Сонымен қатар, қалалық білім бөлімі және білім бөліміне қарасты барлық мекемелерде заң бұзушылықтың адын алу мақсатында ай сайын жоспарлы түрде құқықтық оқыту семинары өткізіледі.



Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау

10.(60)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ұсыныс

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша)

2015-2017 жылдардағы 4-ші тоқсан

Өткен кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барлығы 9 сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында анықталып, Басқармаға оларды жою бойынша ұсынымдар берілді.

Бұдан басқа, 3 органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін көптеген құқықты таңдап қолдану фактілері, мемлекеттік қызметшілердің дискрециялық өкілеттіліктері және «жасырын» мемлекеттік қызметтер анықталды.

Барлық мониторинг және талдау бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары Министрлікке, мүдделі органдарға жолданды, сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралды, барлығы 41 ұсынымдар берілді, оның ішінде қазіргі уақытқа 36-ы орындалды.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша сыртқы талдау және бағалау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қатарынан арнайы талдау топтарын құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

11.(63)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті мемлекеттік органдардың сайттарында орналастыруды қамтамасыз ету

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктері,барлық мемлекеттік органдар

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 5 сәуірден кешіктірмей

Көрсетілген тармақты орындау мақсатында қазіргі таңда 26 мемлекеттік органның ресми сайттарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Жоспардың орындалуысы бойынша есептері орналастырылған. Маңғыстау облысының, сонымен қатар:

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес тақырыбындағы арнайы бетшенің қызметі іске қосылған. Арнайы бетшенің қазақша нұсқасында «Ақтау қаласы әкімдігінде 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстарының есебі» жарияланған.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлықпен күрес арнайы бетшесі іске қосылған, алайда ол бетшеде тек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда.

Бейнеу ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Жемқорлықпен күрес» атауымен арнайы тарау қызметі іске қосылған. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда.

Қарақия ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Жемқорлықпен күрес» атауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы арнайы бетшенің қызметі іске қосылған. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда.

Маңғыстау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы бөлім ашылып, ақпараттар жариялануда. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда. Стратегиялық жоспардың орындалуысы бойынша мәліметтер орналастырылған.

Мұнайлы ауданың әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жемқорлықпен күрес» атауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы арнайы бетшенің қызметі іске қосылған. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда.

Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет ресурсында да «Жемқорлықпен күрес» атауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы арнайы бетшенің қызметі іске қосылған. Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттар жариялануда.


2. Көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл

12.(123)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ҚМ-нің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау бойынша ұсыныс енгізу

ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру

Облыс әкімі аппараты (жинақтау) Қала және аудан әкімдерінің аппараты

2016 жылғы 2-ші тоқсан

Маңғыстау облыстық, облысқа қарасты аудандар мен қалалар әкімдіктерінің қаулыларымен мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып бекітелді. Осыған байланысты өткізіліп отыратын мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет-ресурстарына жариялап отыру бойынша үнемі тапсырма беріледі және қазіргі таңда жариялануда.

Сондай-ақ, «Электронды үкімет» және «Электронды мемлекеттік сатып алу» порталымен ЕСЭДО ақпараттық жүйесі интеграциялануда.

Ақтау қаласы әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымын дамыту және жетілдіру мақсатында, БҚАЖ ақпараттық жүйесі мен «Электрондық үкімет» (E-gov) порталы бүгінгі таңда интеграцияланған. Мұның бәрі құжаттар мен азаматтардың арыз-шағымдарының орындалу мерзімін, хат-хабарларды реттеу және ақпаратты қорғау, электрондық құжат айналымына көшу мерзіміне бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, мемлекеттік және әлеуметтік маңызды қызметтерді одан әрі автоматтандыру қала әкімдігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.



13.(127)

Мұнай және мұнай өнімдерін, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар өндірісі мен айналымын бақылау мақсатында қолданыстағы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесін және ілеспелі инфрақұрылымды пысықтау, сондай-ақ уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен пысықтау бойынша ұсыныс енгізу

ӘМ-не ұсыныс

МО ТРжТП РБ (жинақтау), МО ЭжТҮКШБ, ДСБ, ЖПҚББ (келісім бойынша), қала және аудан әкімдіктері

2017 жылғы 4-ші тоқсан

«Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесін жетілдіруге ұсыныс енгізу тапсырылған. Аталған тармақ бойынша «Облыстың жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен ұсыныстар болған жоқ.

14.

Бюджеттік қаражаттарды шығыстау бойынша ашықтықты қамтамасыз ету (Облыс әкімдігінің ресми сайтында ақпаратты жариялау)

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

ҚБ (жинақтау), облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдеріне

жыл сайын

Жекешелендіру тәртібі ҚР Азаматтық Кодексіне, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысы мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. Жекешелендіру рәсімдерін жүргізудің айқындығын сақтау мақсатында сауда жүргізу, мемлекеттік мүліктер тізімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) және БАҚ арқылы хабарландырулар орналастыру бойынша талаптар бар.

Мемлекеттік мүліктер тізімі веб-порталында біртұтас электронды сауда алаңында жария түрде сауда жүргізіледі. Сауда кестесін қосқанда, объектіні жекешелендіру туралы ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді және облыс әкімдігінің және облыстық қаржы басқармасының веб-сайтында орналастырылған.




15.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға жол жоқ» тақырыбындағы студенттер мен жастар арасында тематикалық семинарлар, дәрістер өткізу

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

МО ЖСМБ (жинақтау), қалалар мен аудандар әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты (келісім бойынша)

тұрақты

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментімен меморандум әзірленді. Мақсаты- Маңғыстау облысында жастардың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі және бірлескен іс-қимылды бұдан әрі дамыту болып табылады. Сонымен қатар, облысымыздағы жастар арасындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тараптар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесуге негізделген. Шараға Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Ақтау қаласының орта арнаулы, техникалық. жоғары оқу орындарының студенттері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Оқушы жастармен, студенттермен ағымдағы жылдың ақпанның 15 мен наурыздың 5-і аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастарды сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады. Шараға облыстың ЖОО, колледж студенттері және жоғары сынып оқушыларынан құралған 300-ге жуық жастар қатысты.

Сонымен қатар, жоғарғы, кәсіптік және техникалық оқу орындарында «Таза сессия» акциясы өткізілуде. Акция барысында студенттер арасында анонимді түрде сауалнама жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл мәселелер «Twitter», «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінің парақшаларында үнемі талқылануда.

Облыстық және қала, аудан жастар ресурстық орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тиісті аумақтарда жастарға түсіндіру жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыстық жастар ресурстық орталығының конференц залында жастармен «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, облыстық Ішкі саясат басқармасының өкілдері және өңірдің белсенді жастары қатысты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ММ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 18 сәуірінде облыстық жастар ресурстық орталығы жастарды мемлекеттік қызметке кіруге даярлау заңдарын оқытып- үйретуді қолға алды. Алғашқы дәріс Мемлекеттік қызметке даярлау орталығында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрілігінң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңын түсіндіруден бастады.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылғы 27 мамырда өңір жастарының арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысымен еркін форматта кездесу өткізілді. Кездесуде жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық ақпаратпен қамтамасыз етілді.




16.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту профилактикасы» тақырыбында тренингтік оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдана отырып, семинарлар мен брифингтер,дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктер

барлық мемлекеттік органдар



тұрақты

ҚР Мемлекетік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңды тұрғындарға түсіндіру және насихаттау, департамент пен «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, облыстық әділет және облыстық ішкі істер департаменті, халыққа қызмет көрсету орталығының филиалдарымен бірлесіп әзірленген, меморандумдардың талаптарын орындау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытында семинарлар мен дөңгелек үстелдер, форумдар, брифингтер, тікелей эфирлер, мәдени және спорттық іс-шаралар, флеш мобтар және басқа да іс-шаралар өткізілуде. 2016 жылдың 10 ай кезеңі бойынша ҚР Мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен 8 – форумдар мен конференциялар, 45- дөңгелек үстелдер, 167-семинар және дәрістер, 9 брифинг ұйымдастырылды.


17.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ғаламтор-конференцияларын, «тікелей желілер» өткізуді ұйымдастыру

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚІММ (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктер,

барлық мемлекеттік органдар



жыл сайын

Облыс әкімдігі ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге «ғаламтор-конференциясын» өткізуді жоспарлауда.


18.

Электронды БАҚ-да дыбыс- бейнероликтерді трансляциялауды ұйымдастыру және БАҚ басылымдарында айдарлар ашу


БАҚ-на кеңінен жариялау

ІСБ, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы (келісім бойынша), «Маңғыстау Медиа» ЖШС

жыл сайын

Өңірлік баспа басылымдарында «Адам. Қоғам. Заң» («Маңғыстау» газеті), «Закон и право» («Огни Мангистау» газеті), «Сыбайластыққа жол жоқ» («Ақкетік арайы» газеті), «Жемқорлық дерт, оны жою - міндет» («Қарақия» газеті), «Ресми бөлім» («Мұнайлы» газеті), «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» («Жаңаөзен» газеті) арнайы айдарлары ашылды. Нәтижесінде, баспа басылымдарында 110 астам мақала, электронды БАҚ-да 130 астам сюжет, интернет-сайттарда 120 - дан астам материалдар жарияланды. Ақтау қаласының әкімідігімен ағымдағы жылғы 8 маусымда «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Ашық әңгіме» бағдарламасында қала әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, жер қатынастары және білім бөлімдерінің басшылары А. Тоқтарова, Б. Ізғалиев, Е. Кенған және С. Төлебаева тікелей эфир арқылы қала тұрғындарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында сұхбат берді.

2015 жыл бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, өңірлік баспа басылымдарында «Адам.Қоғам.Заң» ( «Маңғыстау» газеті), «Закон и право» («Огни Мангистау» газеті), «Сыбайластыққа жол жоқ» («Ақкетік арайы» газеті), «Жемқорлық-дерт, оны жою міндет» («Қарақия» газеті), «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» («Рауан» газеті), «Ресми бөлім» («Мұнайлы» газеті), «Жемқорлыққа жол жоқ» («Жаңа өмір» газеті), «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» («Жаңаөзен» газеті) арнайы айдарлары ашылды. Нәтижесінде, баспа басылымдарында 110 астам мақала, электронды БАҚ-да 130 астам сюжет, интернет сайттарда 120 астам материал жарияланды; облыстық телеарна эфирінде «Коррупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы керек» атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша: Облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции - Заслон», «Адам. Қоғам. Заң», «Құқық қорғау», «Әдеп», «Мемлекеттік қызмет», «Қоғам», «Құқық» атты арнайы айдарлары ашылды. Ағымдағы жылдың басынан бері баспа басылымдарында (облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттері, аудандық «Қарақия», «Рауан», «Жаңа өмір», «Мұнайлы», «Ақкетік арайы» газеттері, қалалық «Тумба», «Лада ТВ Плюс», «Жаңаөзен» газеттері) жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 56 аса мақала, электронды БАҚ-да («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы, «Хабар» агенттігі) 50 астам сюжет, интернет сайттарда 40-қа жуық материалдар; облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Жемқорлық», мемлекеттік тілдегі «Жемқорлыққа жол жоқ» бейнероликтерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.


19.

Мерзімдік негізде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында міндетті түрде қоғамдық орындарда орнату, сондай-ақ мақсатты топтар арасында дайындау, тарату (баннерлер, билбордтар, ЛЭД-экрандар)

Имидждік өнімдерді дайындау және орнату, Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Қала және аудан әкімдіктері

тұрақты

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасын жүзеге асыру» атты әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 20 астам дәрістер мен семинарлар өткізілді. 1 бейнеролик, 119 брошюра, 25 плакат, 100 нұсқаулық дайындалып таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында Ақтау қ. – 5, Жаңаөзен қ. – 7, Түпқараған,Қарақия (ауданға қарасты Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Құланды ауылдарында бильбордтар орналастырылған) , Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында – 3 билбордтан орналастырылды.


20.

Мерзімдік негізде тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында міндетті түрде қоғамдық орындарда орнату, сондай-ақ мақсатты топтар арасында дайындау, тарату (жадынамалар, буклеттер, плакаттар, бейнероликтер)

Имидждік өнімдерді дайындау және орнату, Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

Маңғыстау облыстық ІСБ

тұрақты

Сондай-ақ, 2016 жылы МО Ішкі саясат басқармасымен 2016 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында 2 595 000теңге көлеміндегі сомада «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң түсінігін қалыптастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру» бойынша әлеуметтік жоба көзделген. Жобаның шеңберінде, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша шаралар (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.), сонымен қоса тұрғындар арасында бейнероликтер, типографиялық және полиграфиялық баспалар (жадынамалар, буклеттер, плакаттар, баннерлер, билбордтар, т.б.) қарастырылған.

Сондай-ақ, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және көтеру мақсатында, облысқа қарасты қала мен аудандарда 18 бильборд (Ақтау қ. -5, Жаңаөзен қ. 3, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған аудандарында – 2-ден) орналастырылған.



21.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасында тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында арнайы телебағдарламалдардың мерзімді көрсетілімін қамтамасыз ету

Жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдар басшыларының телебағдарламада мерзімді қатысуы және сөз сөйлеуі

Маңғыстау облыстық ІСБ

тұрақты


Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде «Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашығын айтайық» «Көзбе-көз», «Қоғам және әйел» бағдарламаларының жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, құқық қорғау органдарымен бірігіп стратегиялық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде аптасына бір рет «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», сондай-ақ, «Дабыл, Дабыл», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым» бағдарламалары көрсетілді.



22.

Браконьерлік қылмысты анықтау бойынша «БАҚ өкілдерімен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізуді жандандыру

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкіміне ақпарат

Табиғатты қорғау прокуратурасы (жинақтау), құқық қорғау органдары, «Батыс» АБ (келісім бойынша)

тұрақты


Браконьерлік қылмысты анықтау бойынша «БАҚ өкілдерімен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізуді жандандыру бойынша шаралар қабылдануда.

23.

Магистральды мұнай құбырлары мен кен орындарында орналасқан уақытша қоймалардан мұнай өнімдерін ұрлау үшін мұнай құбырларын тесуге ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуын шұғыл тексеру және мониторингілеу бойынша шаралар қабылдау

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау МКД (келісім бойынша, жинақтау), ІІД (келісім бойынша)

тұрақты

«ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған мәліметке сәйкес, аталған тармақтардағы тапсырмаларға қатысты жұмыстарды атқару бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, қадағалау және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, көлеңкелі экономикаға, оның ішінде жалған кәсіпкерлік, заңсыз ойын безнесіне қарсы, мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


24.

Жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру мәселесі бойынша жұмысты күшейту, өткізілген іс-шараларға талдау жүргізу

Маңғыстау облысы бойынша МКД-не, Маңғыстау облысы бойынша ҚІММ-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша МКД (жинақтау), ОП (келісім бойынша), Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)

тұрақты

25.

Заңсыз ойын мекемелерін анықтау бойынша жұмысты күшейту

Маңғыстау облысы бойынша МКД-не, Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша МКД (жинақтау), ОП (келісім бойынша), Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)

тұрақты

26.

Облыс тұрғындарына ҚР қолданыстағы заңнамаларының нормаларын түсіндіру үшін тәжірибелі заңгерлердің қатарынан ақпараттық-насихаттау тобын құру

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ӘД (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша)

тұрақты

Облыс тұрғындары үшін ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру үшін тәжірибелі заңгерлер қатарынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, осы бағытта атқарылып жатырған іс-шаралар мекеменің depjust-mangistau.gov.kz ресми- интернет ресурсында орналастырылған.


27.

«Өзіңнен баста» акциясын өткізу

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша жинақтау), облыс әкімінің аппараты, мемлекеттік органдар, қала және аудан әкімдіктері

жыл сайын

Жыл сайын «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік органдардың қатысуымен, «Өзіңнен баста» акциясы өткізілуде. Өткізілген шаралардың нақты саны мен маңыздылығы және өткізілу мерзімі бойынша ақпараттар nurotan_mof@mail.ru сайтында жариялануда.

Сондай-ақ, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстарда жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдары қызметкерлерінің кірістері туралы ақпаратын жариялау бойынша «Өзіңнен баста!» акциясы өткізілді. Акцияға жалпы саны 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты.



28.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы интернет ресурстарда ақпаратты орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (жинақтау), облыстық басқармалар

тұрақты

Облыс бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулар жұмыс істеуде және тиісті ақпараттарды өзектілігіне қарай жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, кейбір құзырлы органдармен өзіне тисті тармақтарды сапалы деңгейде орындалуы жүзеге асырылмаған. Осы орайда, орындалмаған жағдайда алдағы кезеңде тәртіптік жаза қолданылатындығы бойынша ескертулер беріліп, толық деңгейдегі орындалысы міндеттелінді.

29.

Теледидарда білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айлық циклдағы көрсетілімдерді ұйымдастыру (бала бақшаларда орындар бөлу, және т.б.)

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына ақпарат

ББ (жинақтау), Маңғыстау облысы бойынша ҚІММ(келісім бойынша)

тұрақты


Маңғыстау облыстық Білім басқармасымен ұсынылған мәліметке сәйкес, «Қазақстан Ақтау» телеарнасынан 2016 жылдың 4 ақпанында «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, тікелей эфирде білім саласындағы мәселелері талқыланды.

Маңғыстау  облысының  білім  басқармасының ұйымдастыруымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері қатысуымен Ақтау қаласындағы № 6 мектебінде педагогикалық ұжымның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық семинарлар жүйелі түрде өткізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында мектептерде «Пара алу құрдымға бастар жол», ал колледждерде «Таза сессия!» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинауға қатысты сауалнамалар жүргізілді, сынып сағаттары өткізілді, қабырға газеттері шығарылды. Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізді. БАҚ өкілдері қатысып, облыстық «Қазақстан - Ақтау» телеарнасында жарияланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айына техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының арасында «Өзіңнен баста» акциясы өтті. Шараның мақсаты- студенттер сессия барысында адал жолмен тиісті бағасын алу болып табылады.

Аталған акция аясында басқарма басшысының және орынбасарының 2015 жылғы жеке табысы мен мүлкі туралы ақпарат «Маңғыстау» газетіне (25.06.2016ж №111-112/9077/25) жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Қазақстан-Ақтау» теолеарнасында «Қоғам және әйел» ток-шоуы ұйымдастырылып, аталған бағдарламаға департаменттің, Қазақстанның іскер әйелдер ассоциацысының, облыстық білім басқармасының, облыс әкімдігінің, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы облыстық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Бағдарлама тақырыбы «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру». Бағдарлама барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көтеріліп, талқыланды




30.

Мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру бойынша жұмыстарды күшейту

ҰЭМ-не ұсыныс

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (жинақтау), облыстық басқармалар

тұрақты

Мемлекетік қызметтерді электронды форматтарға ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шаралар электронды түрде жүргізіледі. ҰЭМ-не мемлекеттік органдардың қызметтері туралы интернет ресурстарында ақпарат орналастыру бойынша алдағы кезеңде де ұсыныстар енгізілетін болады.

31.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларға қатысушы облыстың белсенді азаматтарын, журналистерді көтермелеу жұмыстарын ұйымдастыру

Облыс басшылығының Алғыс хатын табыстау

ІСБ, облыс әкімінің аппараты

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктермей

2015 жыл бойынша Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2015 жылдың 18 желтоқсан күні «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттау ұйымдастырылды.

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша: 2016 жылы «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттауды ұйымдастыру жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметі тарапынан а.ж. 30 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы М. Нәлібаевтың қатысуымен 2016 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы туралы брифинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Алтын қалам» конкурсы аясында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларға белсенді қатысқан БАҚ өкілдерін марапаттау жоспарлануда.




32.

Шекаралық бекеттердегі тауарлар мен қызметтерді заңсыз әкету және әкелу саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермау мақсатында, облыстағы жұмыстарды күшейту

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты

ҰҚКД ШҚ (келісім бойынша жинақтау), «Батыс» АБ, «Жағалау күзеті» АБ (келісім бойынша)

жыл сайын

ҚР ҰҚК ШҚ «2015 Әскери бөлімімен» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, атап айтқанда, Қазақстан Республикасның «Мемлекетік шекара туралы» Заңының 64 бабының 4 –тармағының 3 тармақшасында көрсетілген Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғау жөніндегі ҚР ҚМ МКК жан-жақты көмек көрсете отырып, 2016 жылдың өткен кезеңінде «Бейнеу» (теміржол) және «Тәжен» (автомобиль жолдары) өту пункттерінде белгіленген тәртіпте Маңғыстау облысы бойынша ҚР ҚМ МКД мен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданыдағы АІДБ бөлімшелеріне тапсырылған, 6 заңсыз жүк тасу фактілері анықталған.

Қазіргі таңда, шекаралық бекеттердегі тауарлар мен қызметтерді заңсыз әкету және әкелу саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермау мақсатында, облыстағы жұмыстарды күшейту бойынша шаралар қабылдануда.



33.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында арнайы курстар ұйымдастыру

Курстар

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау),

қала және аудан әкімдіктері облыстық басқармалар,



жыл сайын

МО бойынша «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС-де мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды.

Оқытудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша, жемқорлықпен күрес бойынша Жалпыұлттық жоспарының бағыттарын түсіндіру, оны анықтаудың заманауи формаларының ерекшеліктері бойынша кәсіптік біліктілігін арттыру болып табылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер оқу – курстарына жолдануда

Қазіргі таңда «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында» 2015 жыл бойынша барлығы:

10 қайта даярлау оқуынан – 201 мемлекеттік қызметші; 15 біліктілікті арттыру оқуынан – 235 мемлекеттік қызметші өткен.

Ал, 2016 жылғы қазіргі кезеңге дейінгі жағдай бойынша:

8 қайта даярлау оқуынан – 133 мемлекеттік қызметші өткен.


34.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өңірлік комиссия отырыстарында облыс бойынша криминогендік ахуал мәселесін қарастыру

Отырыстар

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау), аудан және қала әкімдіктері, облыстық басқармалар

жыл сайын

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, квазимемлекеттік субъектілермен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын орындау мақсатында комиссия отырыстары өткізіледі.

Комиссияның кезекті отырыстарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының талаптарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру, мемлекетік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуының себептерін мен салдарын анықтау, және олардың алдын алу, қоғамда орын алуына жол бермеу мақсатында мәселелер қарастырылып тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 13 мамырында және 4 қазанында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия мүшелерінің, облыс әкімі орынбасарларының, құқық қорғау органдары басшыларының, қала мен аудан әкімдерінің, облыстық департамент және басқармалар басшыларының қатысуымен Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияларының отырыстары өткізілді.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1) Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;



2) Халыққа қызмет көрсету орталығымен қабылданған мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу