Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалысы жөніндегі



бет1/4
Дата01.05.2018
өлшемі0,79 Mb.
#40367
  1   2   3   4



Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалысы жөніндегі есебі
Есепті кезең               2015-2016 жылдар ішінде
Іске асыру кезеңі               1-ші кезең (2015-2017 жылдар)
Мемлекеттік орган

атауы: Маңғыстау облысы әкімінің аппараты


Жоспарды бекіткен құжат:     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2015ж. № 234 қаулысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.03.2015 жылғы №297 қаулысы
Жоспардың іс-шараларын орындау

Р/с


Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзiмдерi

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат

1

2

4

5

6

7

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Мемлекеттiк қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

1.(5)

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қызметi туралы арнайы тараулардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету


нтернет-ресурстардағы тараулар


2015 – 2017 жылдардың 4-ші тоқсаны


талап етiлмейдi


Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру және сапалы орынадалуын қадағалау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің аппаратымен көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Облыс әкімдігінің 2015 жылдың 29 қыркүйегіндегі №297 қаулысымен бекітілген сәттен бастап Жоспардың орындалысы облысқа қарасты қала және аудан әкімдіктеріне, мемлекеттік органдарға және Жоспардың өздерінке тиісті тармақтарын орындалуына жауапты мүдделі органдарға жүктелді(30.09.2015ж.№10-23-2145телефонхаты). 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген Маңғыстау облысы әкімнің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2016 жылғы 13 мамырдағы №1-2016 хаттамасы әзірленіп, барлық облысқа қарасты мемлекеттік органдарға хаттамалық ұсыныстар берілді. Әр ай сайын жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың ашылуына және осы кезеңге дейінгі мерзім ішінде сапалы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілді.

Алайда, мониторинг жүргізудің нәтижесінде бірқатар мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өздеріне тиісті тармақтарын орындауда біршама олқылықтар анықталды. Кейбір жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» арнайы бетшесіндегі орналастырылған ақпараттар талапқа мүлдем сай емес, көбінесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстар мен қабылданған шараларадың, жоспардың орындалысы бойынша ақпараттардың мүлдем жоқтығы немесе ақпараттардың жаңғыртылуы соңғы рет өткен жылға тұстас келіп, жаңадан ақпараттармен жаңғыртуды жүзеге асырылмағандығы анықталды.

Осыған орай, мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына, қала және аудандардың әкімдеріне, яғни өздеріне тиісті құзырлы органдардың аталған жоспардың тармақтарын толық әрі сапалы, уақтылы орындау бойынша тапсырмалар беріліп, ескертулер жасалды.

Сондай-ақ, Жоспардың төмен деңгейде яғни немқұрайлылық танытып, дұрыс немесе талапқа сай орындалмаған тармақтарын қайтадан сараптап, толық әрі сапалы орындау міндеттеліп, облыс әкімі аппаратының басшысымен 13.07.2016ж. №10-17-1761 және 08.09.2016 жылы №10-17-2217 қызметтік жазбалары, телефонхаттары жолданылып тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдың аяқталуына байланысты жылдық қорытынды кезең(сонымен қатар 2015 жылғы) бойынша орындалысы жөніндегі ақпараттар сұратылып және ресми сайттарға ақпараттарды орналастыру жөнінде облыс әкімінің орынбасарымен 27.09.2016жылы №10-17/2384телефонхаты(қызметтік хаты) жолданды. Хатта алдағы уақытта ескертулерден нәтиже шығарылмаған жағдайда тәртіптік жаза қолданылатындығы ескертілді. Қазіргі таңда да облыс әкімінің аппаратымен Жоспардың орындалысы қатаң басшылыққа алынып, бақылануда. Сонымен қоса облыс әкімдігіне ұсынған соңғы ақпараттарын жинақтап, ескере отырып, ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізілді.



Маңғыстау облысы әкімдігінің және облысқа қарасты барлық қала, аудандардың және мемлекеттік органдардың (басқармалардың) ресми интернет-ресурстарында олардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелері» туралы арнайы тараулар жұмыс істеуде және тиісті ақпараттарды өзектілігіне қарай жаңарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

2.(11)

Шекаралық бақылау бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейне тіркеуіштермен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту

ҰҚКД – не ұсыныс

ҰҚКД (келісім бойынша, жинақтау), МО ІІД, МКД (келісім бойынша)

2016 жылғы 1 тоқсан

ҚР ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі «ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі «ҚР ҰҚК ШҚ бақылау бөлімшелерін тексеріп қарау жабдықтарымен, шекаралық және радиациялық бақылау құжаттарын тексеру бойынша техникалық құралдарымен, жинақтаушы және шығыс материалдарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» №20 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №34 бұйрығы бекітілген.

Шекаралық бақылау бөлімшелері бойынша:

ҚР ҰҚК ШҚ «2015 Әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шекаралық бақылау бөлімімен ҚР ҰҚК-не шекаралық бақылау бөлімшелерін портативтік бейне тіркеуіштермен жабдықтау туралы 2016 жылдың 15 наурызындағы №2902-01-1329-082 ұсыныс хаты жолданған.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасымен сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі басшылығының деңгейінде, шекара бақылау бөлімдерінде және бөлімшелерінде қызмет атқаратын, шекара нарядының құрамын портативтік бейне тіркеуіштермен жабдықтау мәселесін 2017 жылдың аяғына дейінгі мерзімде шешу жоспарлануда.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен ұсынылған хатында: «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ «мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың қажеттілігінің жоқтығы мәлімденген.

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бойынша: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері арасындағы қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен іс-әрекеттер фактілерін фиксациялау бойынша техникалық құралдарының нормаларына сәйкес портативті бейне тіркеуіштер төмендегідей көрсеткіште:

Анықтамалық: Ағымдағы жылы 317 портативті бейне тіркеуіш сатып алуға жергілікті бюджеттен 93 млн. 071 мың теңге көлеміндегі қаражат бөлінген.

3.(14)

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау

БҒМ-не ұсыныс

БҒМ (жинақтау), МО ИИДБ, ХҚКО, Маңғыстау облысы әкімінің аппараты

2016 жылғы 2-ші тоқсан

ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ-нің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының конкурсына орналастыруға қатысты құжаттарды қабылдау үрдісін автоматтандыру бойынша 2016 жылғы 22 шілдедегі № 01.1-09/3461 ұсыныс хаты жолданды(хаттың көшірмесі қосымша жалғанады).

4.(18)

Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау

АШМ-не ұсыныс

АШБ (жинақтау), қалалар мен аудандар әкімдіктері

2016 жылғы 4-ші тоқсан

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қала аумағында орналасқан мал сою пункттері мен ішкі сауда нысандарындағы ветеринариялық-санитарлық зертханалар, ветеринариялық дәрігерлер және «Ақтау қалалsқ ветеринариялық стансасы» ММ-нің тарапынан жануарлардан алынатын өнімдерге жүргізілетін сараптама, сараптама нәтижесімен берілетін акт және ветеринариялық анықтамалар кідіріссіз беріледі.

«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ тарапынан ет және ет өнімдері, мал сою нысандарынан ветеринариялық анықтамасы, зертханадан өткен сараптама актісімен базарларға барады. Сүт және сүт өнімдері, балық, жұмыртқа өнімдерін зертхананың болмау салдарынан, келген құжаттарымен өнімді жіберген жерде зертханадан өткен құжатпен сатылуда. Жаңаөзен қаласында мал дәрігерінің жетіспеушілігінен ветеринариялық санитарлық сараптама зертханалары ашылмауда. Мал өнімдерімен айналысатын жеке және коммуналдық кәсіпкерлерге ешқандай әкімшілік кедергілер келтірілмейді(ветеринариялық анықтамалар мен зертханадан өткен сараптама актілерінің көшірмелері расталған құжаттары ретінде қосымша жалғанады).

Бейнеу ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-мен ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аталған аудан бойынша кәсіпкерлерге жануарлардан алынған ет және сүт өнімдерін сату барысында қауіпсіздігін растайтын құжатты (сараптама актісін) беретін зертханалар жоқ.

Түпқараған ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мен ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аталған аудан бойынша кәсіпкерлерге жануарлардан алынған ет және сүт өнімдерін сату барысында қауіпсіздігін растайтын құжатты (сараптама актісін) беретін зертханалар жоқ.

5.(28)

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәлiметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тiзiмдерiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастыру


Ақпаратты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында орналастыру

ЭжТҮКШБ (жинақтау), Аудандар мен қалалардың әкімдіктері

2015 жылғы 4-ші тоқсан

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәлiметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тiзiмдерiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында облысқа қарасты қалалар мен аудандардың әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында тізім орналастырылу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтау қаласы әкімдігінің аппаратымен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтер,тұрғын үй алған азаматтардың тізімдері Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (aktau.gov.kz), әлеуметтік желілерде(Facebook) және БАҚ-ның(«Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Лада», «Тумба» газеттерінде) беттерінде жариялануда.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің аппаратымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тізімін, сондай-ақ бірінші рет тұрғын үй алу тізімі кезегіне өтініш берушілердің назарына мақала түріндегі нұсқаулықты, азаматтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Жаңаөзен қаласының әкімдігінің ресми интернет ресурсы (zhanaozen.gov.kz) сайтына және де жергілікті «Жаңаөзен» газеті басылымдарына жариялануда.

Бейнеу ауданы әкімдігінің аппаратымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми интернет – ресурсында (beineu.mangystau.gov.kz) тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі орналастырылды, сонымен қатар тұрғын үй алудың тәртібі орналастырылып, аудандық «Рауан» газетінде жарияланып, ұдайы жаңартылып отырады. 2016 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 4 азаматқа 4 пәтерлі 1 коммуналдық үй пайдалануға берілді.

Қарақия ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік тұрғын үй қорынан және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тізімін, сондай-ақ бірінші рет тұрғын үй алу тізімі кезегіне өтініш берушілердің назарына мақала түріндегі нұсқаулықты, азаматтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Қарақия ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсы (karakia.gov.kz) сайтына және де жергілікті «Қарақия» газеті басылымдарына жариялануда

Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тізімін, сондай-ақ бірінші рет тұрғын үй алу тізімі кезегіне өтініш берушілердің назарына мақала түріндегі нұсқаулықты, азаматтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Маңғыстау ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсы (mangystau.gov.kz) сайтына және де жергілікті «Жаңа Өмір» газеті басылымдарына жариялануда.

Мұнайлы ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік тұрғын үй қорынан және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тізімін, сондай-ақ бірінші рет тұрғын үй алу тізімі кезегіне өтініш берушілердің назарына мақала түріндегі нұсқаулықты, азаматтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсы (munaily.gov.kz) сайтына және де жергілікті «Мұнайлы» газеті басылымдарына жариялануда.

Түпқараған ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік тұрғын үй қорынан және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тізімін, сондай-ақ бірінші рет тұрғын үй алу тізімі кезегіне өтініш берушілердің назарына мақала түріндегі нұсқаулықты, азаматтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Түпқараған ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсы (tupkaragan.mangystau.gov.kz) сайтында «электронды кезек» айдарында және де жергілікті «Ақ кетік арайы» газеті басылымдарына жариялануда.

Квазимемлекеттiк және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

6.(32)

Далалық жұмыстарды жүргiзу үшiн облыс бойынша ЖЖМ жеткiзудiң бiрыңғай операторын айқындау бойынша ұсыныс енгізу


ҚР ЭМ, ҚР АШМ ұсыныс

АШБ (жинақтау), ЖКАЖБ, ДБ

жыл сайын


Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста астық және дәнді дақыл өнімдері өсірілмеуіне байланысты, егіс жұмыстарын жүргізуге жанар жағармай материалдарға қаржы бөлу қарасытырлмайды. Өңірде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қолданыстағы егіс алқаптарының көлемі 2-10 гектардан аспауына байланысты өтінімдер түскен жоқ. Сол себептен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар берілген жоқ. Егер өтінімдер түскен жағдайда министрлікке қаржы қарастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар жолданатын болады.

7.(34)

Кондоминиум объектiсiне қызмет көрсететiн ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртiбiн регламенттеу

ҰЭМ –не ұсыныс

МОЭжТҮКШБ ММ (жинақтау),қала және аудан әкімдіктері

2015 жылғы 3-ші тоқсан


Қазіргі уақытта облыс бойынша 1500 астам пәтерлі тұрғын - үй бар. Олардың ішінен тіркелген кондоминиум нысандарының саны - 453, кондоминиум нысандарын басқару органдарының саны - 152.

Маңғыстау облысы бойынша қазіргі кезде тұрғын үй инспекциясы бөлімі Ақтау қаласының әкімдігінде құрылған, алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 17.01.2017 жылғы № 38-9/25-И хатына орай, қала мен аудандардың әкімдіктеріне тұрғын - үй инспекциясы бөлімін құру туралы тапсырма берілді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері анықталған (41-2 бабы). Бұл өз кезегінде, кондоминиум нысандарының ортақ мүмкін ұстауға арналған пәтер иелерінің қаражаттарының шығындалуын қадағалауды бақылауға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласы бойынша «Тұрғын үй қатынастары инспекциясы» РК «Тұрғын үй қатынастары туралы» / 12 т.,.2 б./ заңына сәйкес, жалпы үлестік жекеменшік құқықығына жатқызылатын жеке және заңды тұлағаларды, мемлекеттің жеке (бөлек) жекеменшігіне жатқызылатын тұрғын үй және тұрғын үйге жатқызылмайтын жекелеген мүліктік кешені, жеке және заңды тұлғалардың жұмыстарын жүзеге асыратын басқарма болып табылады. Басқарма мәселелері және кондоминиум объектісін ұстап тұру тұрғын жайдың меншік иесінің қатысуымен талқыланады. Кондоминиум объектісін ұстап тұруға басқарма органдарымен жасасқан келісімшартына сәйкес сервистік қызметтер субъектілерімен жүзеге асырылған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кіреді. Жалпы мүлікке жеке (бөлек) меншігіндегі тұрғын жайдан басқа кондоминиум объектілерінің бөліктері (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, подвалдар, пәтер аралық немесе жалпы үй инженерлік жүйелері және жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, жер учаскелері) кіреді.

Кондоминиум объектілерін ұстап тұру бойынша басқарма органдары шығыстарының әдістемелері ҚР ҰЭМ бұйрығымен 2015 жылғы 26 наурыздағы №246 «кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктерін ұстап тұруға шығыстарының сметаларын есептеу әдістемелерін» бекіту туралы бұйрығымен реттеледі. Кондоминиум объектісінің жалпы мүліктерін ұстап тұруға шығыстар сметасын есептеу әдістемелері кондоминиум объектісімен басқарма органдарының шығындарын қалыптастырудың жекелеген жолдарыр белгілеу мақсатында, әзірленеді. Кондоминиум объектісінің жалпы мүліктерін ұстап тұруға келесі шығыстар:

1)Кондоминиум объектісінің жалпы мүліктерін пайдалануға беру және жөндеу;

2) жер учаскелерін ұстап тұруға;

3) коммуналдық қызметтерді пайдалану бойынша жалпы үй аралық есептеу құралдарына сатып алу, орнату, пайдалану және тексеруге;

4) кондоминиум объектісінің жалпы мүліктерін ұстап тұру үшін пайдаланылған коммуналдық қызметтерінің төлеміне;

5) алдағы күрделі жөндеу жұмыстарына.



8.(52)

Облыс әкімдігінің және қалалар мен аудан әкімдіктерінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құру, олардың жұмыс жоспарын бекіту


Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Облыс әкімінің аппараты (жинақтау), қала және аудан әкімдіктері

2015 жылғы 3-тоқсан, тұрақты

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданып, күшіне енді. Бұл Заңның және кеңестің негізгі қызметі мемлекеттік ұйымдардың шешімдер қабылдауына қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңда кеңесті құру механизмі қарастырылған. Қоғамдық кеңес қызметінің мерзімі,  кеңес мүшелігіне ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптар анықталған. Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде жергілікті өкілетті орган – мәслихат басшысы басқаратын жұмыс топтарымен конкурстық негізде қалыптасады.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіруі болып табылады. Қоғамдық кеңестер қызметі бес қағидат негізінде жүзеге асады: қоғамдық негіздегі, автономдық, дербестік, жариялық, ашықтық және кеңес мүшелерін кезең кезеңімен ротациялау.



Маңғыстау Облыстық мәслихаттың 2016 жылдың 6 ақпанында 31 сессиясының № 31-446 шешімімен Облыстық қоғамдық кеңес құрылып, құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен, Қоғамдық Кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы» мәселесі қарастырылды.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 29 желтоқсанда облыстық қоғамдық кеңес отырысының №15/16 бұйрығымен бекітілген 2017 жылдағы жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Жаңаөзен қалалық әкімдігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы қызметтері туралы (О деятельности руководителя департамента по Мангистауской области национального бюро по противодействию коррупции Агенства РК по государственной службе и противодействию коррупции и акима г.Жанаөзен по предупреждению коррупции) мәселелер қарастырылатын болады(жоспардың толық нұсқасы облыстың ресми интернет-ресурсында /mangystau.gov.kz/ Қоғам айдарында жарияланған).

Сонымен қатар облысқа қарасты қала мен аудандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, тиісті жоспарлары бекітілген.

Ақтау қаласы Қоғамдық Кеңестің 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 7 отырыс өткізілді. Аталған отырыстарда 54 мәселе қаралып, оларға тиісті ұсынымдар берілді.

2016 жылдың 9 ақпанында өткен отырысындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сипаттағы қаралған мәселелері төмендегідей:

1.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 15 желтоқсандағы №16/152 «Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу».

2.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы».

4.«Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

5.«2016 жылга арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылау туралы.

2016 жылдың 10 наурызында өткен екінші отырысында қаралған мәселелер:

1.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

2.Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №6/62 «Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4.«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

5.Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/335 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы».

6. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 «Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы».

7.«Жер салығының тарифін жоғарылату туралы»

8.«Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

2016 жылдың 16 мамырында өткен үшінші отырысында қаралған мәселелер:

1. «2015 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы».

2.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

3.«Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №6/62 «Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

4.«Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

5.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

6.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 3 шілдедегі №30/283 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Ақтау қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

7. «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы».

8. «Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы».

2016 жылдың 13 шілдесінде өткен төртінші отырысында қаралған мәселелер:

1.«Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 1757 «2016 жылға Ақтау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы».

3.«Ақтау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы».

4.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

5.«Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы заңсыз сауда-саттық пен қызмет көрсету туралы ақпарат».

2016 жылдың 15 қыркүйегінде өткен бесінші отырысында қаралған мәселелер:

1.«Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2016 жылғы II жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».

2.«Ақтау қаласындағы қала ішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы».

3.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы».

4.«Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

5.«Ақтау қаласында тұрғын-үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы».

6.«Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы».

7.«Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2016 жылдың 20 қазанында өткен алтыншы отырысында қаралған мәселелер:

1.Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.Ақтау қаласы нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы.

2016 жылдың 8 желтоқсанында өткен жетінші отырысында қаралған мәселелер:

1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы туралы.

3. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 5 ақпандағы №37/352 «2016-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

4. Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы.

5.Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы.

6. 2014-2019 жылдарға арналған Ақтау қаласында тозығы жеткен үйлерді жою қалалық мақсатты бағдарламасының іске асырылуы туралы. Сонымен қатар, 08.12.2016 жылы 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Ағымлдағы жылдың 3-тоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері» бойынша мәселе қаралатын болады.

Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 2016 жылдың 23 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 9 бабы 5 тармағына сәйкес қалалық қоғамдық кеңес құрылып, комиссия құрамы бекітіліп, тұрақты түрде әртүрлі мәселелерді қамти отырып жұмыстар жасалуда.

Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №41/287 шешімімен ұсынылған саны 11 адамнан тұратын аудандық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңестің құрамын мақұладады. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері 9%, білім саласы өкілдері 27,5%, газ тасымалы саласының өкілдері 9%, темір жол саласының өкілдері 9%, денсаулық сақтау саласының өкілдері 9%, мәдениет саласының өкілдері 9%, кәсіпкерлік саласы 27,5% құрайды. Қоғамдық кеңес құрамын аудандағы барлық сала өкілдерінің болуын басты назарда ұстады. Бұл аудан тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастыру отырысында Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы мен төралқа мүшелері сайланды.

Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмысы 1 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кеңес отырысына аудан тұрғындарын толғандырған мәселелер енгізілді: жер реформасы бойынша облыстық комиссиямен қаралатын мәселелер туралы, полицияның жұмыстары туралы  жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін жұмыстар туралы.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 18-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды жария рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, сондай-ақ Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау болып табылады.

Қоғамдық кеңес  жыл  қорытындысы бойынша 26 отырыс өткізді. Сонымен қатар әкімдіктің және мәслихаттың 25 нормативтік құқықтық актілері ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.

Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағыты – мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижелері туралы есептерін тыңдау болып табылады. «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» аудан әкімінің есебі тыңдалды. Тыңдауға аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғам мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Жер реформасына қатысты мәселелерді талқылау, оларды саралау және түсіндірме беру жөнінде 6 маусым күні Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары және облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аудан белсенділері, әртүрлі сала басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері және село тұрғындары қатысты. Баяндама бойынша ескертулер мен ұсыныстар қорытынды хаттамада жинақталып, жауапты мемлекеттік органдарға  жолданды.

Бір жылға бекітілген жоспарға сәйкес, аудандық денсаулық сақтау саласының, жергілікті полиция басшысының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды.

Қазан айында Денсаулық сақтау саласының 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы тыңдалып, талқыланды. Отырыс соңында Қоғамдық кеңес  тиісті шешім қабылдап, денсаулық сақтау саласының үйлестірушісіне әртүрлі аурулардың өсімін азайту үшін сараптама жасап, 2017 жылға жоспар жасақтап Қоғамдық кеңеске жолдауды тапсырды.

18 қазанда «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  9 айда атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Баяндама бойынша ескертулер мен ұсыныстар қорытынды хаттамада жинақталып, жауапты мемлекеттік органдарға  жолданды.

20 қазанда Жергілікті полицияның  есебі туралы Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы  өтті. Бейнеу аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Н.Борановтың атқарған жұмыстарына Қанағаттандырарлық деген баға берілді. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, ауылдық елді мекендерде етек алып келе жатқан мал ұрлығының алдын алып, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырылды.

24 қарашада село әкімінің есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері село әкіміне өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, оң бағаларын  берді.

29 қарашада Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы болды. Мұнда жергілікті полицияның 10 айда атқарған жұмыстары талқыланды және Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі А.Халмұрадовтың Бейнеу тұрғындары алдындағы баяндамасы тыңдалды. Аудан тұрғындары алдында Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Отешов баяндама жасады. Отырыс соңында  Бейнеу аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Н.Борановқа аудандағы тәртіп бұзушылықтың алдын алып, қадағалау тапсырылды. Ал, Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигіне жергілікті учаскелік полиция инспекторларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету және штаттық бірлікті көбейту жөнінде ұсыныс берілді.

Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің мүшелігінен өз өтінішімен екі адам мүшеліктен шығарылып, орнына конкурс жарияланып, жаңа мүшелікке екі адам қабылданды.

Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесі 2016 жылы 25 мәселе қарап, тиісті шешім қабылдап, өз ұсыныстарын берді. Қазіргі таңда тиісті мекемелер берілген ұсынысты орындау мақсатында іс-шара жоспарын қабылдап, жұмыс жүргізуде. Қаралған мәселелер қадағалауға алынды.

Ауданның Қоғамдық кеңесі жүргізген барлық жұмыстары аудандық БАҚ-та жарыққа шығарылады, сондай-ақ аудандық әкімдіктің ресми сайтында «Қоғамдық кеңес» атты арнайы айдары жұмыс істейді. 

Қоғамдық кеңестер азаматтық бағдарламаларды дамытудың негізгі институты болуы тиіс және барлық азаматтарды оларды толғандыратын өзекті мәселелер айтуға жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлесіп және осы мәселелер бойынша шешу мәселелерін қарастыруға шақырамын.Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңес мүшелері айына екі рет сейсенбі және жұма күндері Ұстаздар үйі, Қоғамдық кеңес кабинетінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қабылдауға ниет еткен азаматтар алдын ала 2-18-49  номері арқылы жазыла алады.

Қарақия ауданының Қоғамдық Кеңесі 2016 жылдың 27 қаңтарында аудандық мәслихаты сессиясының №32-341 сессиясының шешімімен құрылған.

Маңғыстау ауданының Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №385-V Заңына және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға байланысты алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99 қадамына сәйкес 2016 жылдың наурыз айында құрылды. Кеңес құрамы 17 адамнан сайланды. Аудандық Мәслихаттың сессиясында оның дербес құрамы және Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.

Қоғамдық кеңестің қызметінің ауқымы кең, нәтижелі болуы үшін қоғамның, яғни, жұртшылықтың жоғары белсенділігі, жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы, ортақ мүдде үшін іс қимыл бірлігі жоғары болуы керек. Аталған құрылымдар жүйесі белсенді болған кезде, Кеңестің алғашқы қадамдары ұйымдық мәселелерді нақтылауды қажет етті.

Атап айтқанда: жедел қызметтерді атқару үшін кеңес Төралқасын құру, кеңес қызметінің қағидаттарын, функциялары мен міндеттерің, өкілеттіктерін оқып үйрену, түсіндіруге арналды, екі мәрте семинар, тренингтер ұйымдастырылып, ақпараттық мақсатта аудандық өкілді органның сайтына орналастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің 5 жалпы жиналысы, онда 10 мәселе, Кеңес төралқасының 10 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Қоғамдық кеңестің жоғарғы органы болып табылатын наурыз айындағы отырысында Қоғамдық кеңестің, оның Төралқасының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша қызмет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттер, өткен жылдың айтулы оқиғасы-Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алу, «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала елі» идеяларын насихаттау аясындағы ұйымдастырушылық, саяси көпшілік жұмыстарымен ұштастырыла жүргізілді.

Қоғамдық кеңестің сәуір, мамыр айларындағы негізгі қызметі елдің бүкіл-халықтық талқылауына ұсынылған «Жер кодексінің» төрт бабына сәйкес өткізілген жиындар мен пікір алмасу, түсінік жұмыстарына арналды.

Сондай-ақ өткен жылы аудан орталығы Шетпе ауылының 50 жылдығы аудан тұрғындарының жоғары белсенділігі, бірлік, патриоттық өрлеу жағдайында атап өтілді. Осы және жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты алынған шаралар шеңберінде елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымдарын жетілдіру, экологиялық жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысан обьектілерінің салынып, пайдалануға берілуі, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы т.б көптеген мәселелер, Қоғамдық кеңестің ұдайы назарында болды.

Шетпе және осы елді мекеннің құрамдас бөлігі, соңғы жылдары бой көтерген «Ащыбұлақ» тұрғын үйлер массивіндегі көшелерге 38 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілді. Аудандағы іргелі ауыл шаруашылығы қожалықтары орналасқан Мырзайыр және Басқұдық елді мекендері Шөлтөбе-Шетпе газ құбырына қосылды.

2016 жылға арналған аудандық бюджетіне төрт ретөзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, толықтай игерілді, 2017 жылға арналған аудан бюджеті 7,7 млрд. теңге болып бекітілді. Осы қаржыдан тыс облыстық бюджет көзінен қаржыландырылып, Шетпенің аталған Ащыбұлақ шағын ауданынан осы жылы 900 оқушылық мектеп құрылысының салынатын болып белгіленді.

Қоғамдық кеңестің және оның Төралқасының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, ол жоспар енді басталғалы отырған ауыл әкімдері мен аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру жиындарында айтылған ұсыныстар мен сын ескертпелерінен туындайтын міндеттердің шешім табуы үшін нақтылана түсетін болады.

Мұнайлы ауданы мәслихатының «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Қонысбаевамен «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Аталған жоспардың аясында жылдық қорытындысы бойынша 6 іс – шара қарастырылды. Сонымен қатар 2017 жылға арналған жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің жоспары бекітілген.

Түпқараған ауданының Қоғамдық Кеңесі 2016 жылдың 30 қаңтарында аудандық мәслихаты сессиясының №32-341 сессиясының шешімімен құрылған.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары да жасақталуда.



(Аталған қалалар мен аудандардың мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген Қоғамдық Кеңестері құрамының мүшелерінің құрамы мен жоспарларының көшірмесеі жалғанатын болады).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет