Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлшем алу туралы мағлұмат беру және өлшем алу әдістерін үйрету



Дата15.09.2017
өлшемі41,29 Kb.
#32995
түріСабақ
Түнгі көйлекке өлшем алу.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға өлшем алу туралы мағлұмат беру және өлшем алу әдістерін үйрету.

  2. Түнгі көйлектің өлшемдерін алу,өлшем элементтері бойынша орналастыру ретін үйрету және алынған өлшемдерді барлық киім үлгілеріне қолдана алу қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа,үнемшілдікке,киім киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:
Білімділігі: оқушыларға түнгі көйлек туралы мағлұмат беру, өлшем алуды үйрету; Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелілігі: оқушыларды, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: дайын түнгі көйлек түрлері
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих, бейнелеу өнері, биология,
Сабақтың әдісі. Теориялық сабақ, Сарамандық, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі :

  1. сыныптың сабаққа дайындығын байқап,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
    2. Өткен сабақты қайталау.
    1. Өлшем алу не үшін керек?
    6. Түнгі көйлек тігу үшін қанша өлшем аламыз?
    7. Мо дегеніміз қандай өлшем?
    8. Бел орамы қалай өлшенеді?


Жаңа сабақты түсіндіру.
Киім тікпес бұрын алдымен сантиметр таспамен өзіңіздің немесе өзіңіз киім тігетін адамның тұлғасын өлшеп алуыңыз қажет. Тұлғаға сәйкес келетін конструкцияны жасаған кезде оның өте дәл өлшемдерін үш топқа ажыратуға болады:

1.орамдар(мойын,иық,білек,кеуде)

2.ендер(артқы бой,кеуде.)

3.ұзындықтар(белге және қолға дейін)

Әдетте өлшем көйлек-көншік немесе жеңіл көйлек сыртынан алынады.Өлшем алу кезінде адам еркін,әрі қимыл тұрысын өзгертпей тұруы керек.Өлшемді алдымен алдыңғы жағынан,одан кейін артқы жағынан өлшейді.Түнгі койлек ұйықтаған кезде киетін киімнің бірі.Түнгі койлек макта матадан,шыт,сәтен,бөз,бәтістен тігеді.Бұл маталар жұмсақ әрі жеңіл,мыкты болады,ылғалды жақсы тартады және ауа жақсы өткізеді.

Түнгі көйлектердің пішімі әр түрлі болады.Олар қысқа және ұзын,жеңсіз және жеңдері бар,жағалы және жағасыз иыққа түскен тігісі бар және тігісі жоқ болып келуі мүмкін.Жағалары да әр түрлі болып келеді.Түнгі көйлектерді сәндеу үшін шілтерлер,кестелеу,мережка,апликация қолданылады.

1.Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді.

2.Белін алдын ала жіппен буып қояды.

3.Таспаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды.

4.Ұзындық өлшемдері толық,ен өлшемдері жартылай жазылады.

5.Өлшем әйел адамның оң жағында,ер адамның сол жағында тұрып алынады.

Қазақша өлшем алу.

Қазақ халқы киім тігу барысында өлшем бірлігі ретінде,адам денесі мен дене мүшелерінің өлшемдерін алғанда,құлаш,шынтақ,аршын қатарлы өлшемдерді пайдаланса,тігін тіккенде пішкен кезде бұдан кішкене өлшемдерді қол өлшемдерін қол өлшемдерін-қарыс,сүйем сынақ суйем т.б. жиі қолданған.Киім пішкендегі өлшем қолтық-қолдың басы мен қолтықтың арасындағы қашықтық.ал шынтақ-қолдың ортангы саусағының ұшымен шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық.

Елі- сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі немесе шамамен 2см-ге тең.Төрт еліден сәл үлкен өлшем-тұтам.Бүгілген саусақпен алақан арасындағы алақан аралығы.Тұтам зер,таспа өлшемдерін алуға қолданылады



Түнгі көйлекке өлшем алудың нұсқау картасы.



Өлшем атаулары.

Өлшем белгілері.

Өз өлшемің

1

2

3

4

Кеуденің жартылай орамы.

Жеңнің ұзындығы

Кеуде ұзындығы

Артқы бой ұзындығы



КЖО

Жең ор


КҰ
АБҰ







Қосымшалар







1

2

Жең қосымшасы

Кеуде қосымшасы




ЖҚ
КҚ

7
8

Жаңа сабақты бекіту. Сонымен, бүгінгі сабақта түнгі көйлектің сызбасын құрастырып және сән журналынан калька қағазына үлгі түсіріп үйрендік.

Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атаңдар?
1) Кеуде айналымы;
2) Бел айналымы;
3) Мойын орамы;
4) Бөксе айналымы;
5) Кеуде биіктігі;
6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
7) Иық ұзындығы;
8) Қолдың ұзындығы;
9 ) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы;
10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.
Үйге тапсырма: тігіс түрлерін қайталау, жасалған пішім үлгісін аяқтап кел

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет