1-лекция. МАРКЕТИНГТIҢ МӘНI МЕН НЕГIЗГI ТҮСIНIКТЕРI ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ.
Маркетингтүсiнiгi,мәнi,мазмұны.
Маркетингтіңмақсаттары,принциптерi,қызметтерi.
Маркетингтүрлерiменсалалары
Маркетингтiңнегiзгiтұжырымдамалары
Маркетингконцепцияларыныңдамуы
Маркетинг түсiнiгi, мәнi, мазмұны
"Маркетинг" терминi ағылшынша "market" (нарық) сөзiнен шыққан және дәл мағынасы нарықпен байланысты кәсiпкерлiк әрекеттi бiлдiредi.
Маркетингтiң көптеген анықтамалары бар. Маркетингтi экономикалық үрдiс ретiнде, шаруашылық қызметi ретiнде,бизнес концепциясы ретiнде бiрнеше аспектiлерi қаралады.
Экономикалық процесс ретiнде маркетинг дегенiмiз тұтынушыға қарай жылжытуға бағытталған тауарды кiм шығарғанын (өндiрушi), кiмге арналғанын (тұтынушы), және осыған байланысты басқа да қызметтердi атқаруға бағытталған iс-әрекет деп айтуға болады. Осы аспектiде маркетинг нарықта жүрiп жатқан қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, ақпараттық айырбасты жүргiзушi, оны реттеушi құрал болып табылады.
Маркетингтi шаруашылық қызметi ретiнде қарастыратын болсақ, өндiрiс мақсатына жету үшiн бiрнеше қызмет атқарады. Оның iшiнде ең негiзгiлерi- өндiрiстi бастауға фирманың дайындығы, өнiмнiң шығарылуы, қаржылық экономикалық жағдайын қамтамасыз ету.
Маркетингке бизнес концепциясы ретiнде мынадай анықтама бередi. Маркетинг- айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттiлiктi қанағаттандыруға бағытталған адам қызметiнiң түрi. Бұл аспектiде маркетинг нарықты жан- жақты, жүйелi зерттеуге, тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн және талғамдарын табуға, оларға өндiрiстi бейiмдеуге бағытталады.
Маркетингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды мазмұнына қарай былай топтастыруға болады.
Маркетингті тауарлар мен қызметтерді өткізу және сату ретінде қарастыратын анықтамалар. Мұнда негізінен өткізу қызметіне және тауарды нарыққа жылжытуға назар аударылады. Бұл көзқарас шектеулі, өйткені оның авторлары маркетингті өткізу, сату және жарнамаға теңейді. Осыған орай, Ф. Котлердің «өткізу – маркетинг мұзтауының ұшар басы ғана, маркетинг міндеттерінің бірі ғана, тіпті ең елеулісі де емес» деген cөзін келтіргеніміз жөн.
Маркетинг менеджменттің маңызды міндеті ретінде қарастырылады, мұнда ол фирманың өндірістік-өткізу әрекетінің басқару жүйесі деп беріледі. Бұл, амал-тәсіл маркетингтің жалпы экономикалық құбылыс ретіндегі
табиғатын ашпайды.Маркетингті менеджмент доктринасына ұштастыру, нарықтық қатынастарды тиімді қалыптастыру құралы ретіндегі оның әлеуметтік-экономикалық негізін айқындауға мүмкіндік бермейді.
Маркетинг – қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат. Мұндай көзқарасты ұстанатын авторлар маркетингті әлеуметтік-экономикалық жағынан қарастырады, бірақ мұнда оның мақсаттары тым мінсіздендірілген (идеализированы). Бұл көзқарас нарықтық экономиакасы дамыған елдердегі фирмалардың маркетингтік қызметіне сәйкес келеді.
Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеуге және қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік үдеріс ретінде қарастырылатын анықтамалар. Бұл көзқарастар маркетингтің әлеуметтік сипатын көрсетеді.
Маркетингтің теориясы мен тәжірбиесін зерттеу, оларды сынай ұғынып, мағынасына жетіп, фирмаға қатысты маркетингті авторлық түсіндіруін қалыптастыруға, оның қағидаларын, әдістері мен міндетті қызметтерін сипаттауға мүмкіндік береді. Маркетинг – бұл нарықты жан- жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және маркетингтің екі жақтылығын бөліп көрсетеді, ол екі маңызды аспектілерден – тұжырымдамадан және іс-әрекеттен тұрады.