Лекция. Маркетингтiң МӘнi мен негiзгi түсiнiктерi және мазмұНЫ. Маркетинг түсiнiгi, мәнi, мазмұны. Маркетингтің



бет4/8
Дата12.10.2022
өлшемі71,9 Kb.
#152703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ìàðêåòèíãòi? Ì?íi ìåí íåãiçãi ò?ñiíiêòåði æ?íå ìàçì?ÍÛ.

3. Маркетинг түрлерi мен салалары


Кесте 2. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлерi



Маркетинг түрлерi Сұраныс



түрлерi

Маркетингтiң мiндетi мен
мақсаты

Конверсиялық маркетинг: барлық немесе бiрнеше нарықтың сегменттерi тауарды қабылдамайды

Жағымсыз сұраныс

Тауарды жақсарту, бағаны төмендету, өткiзу арналарын жақсарту, қоғамның пiкiрiн өз
мүддесiне сай өзгерту

Креативтiк маркетинг (дамушы маркетинг): жасырын сұранысты әйгiлеуге бағытталған маркетинг

Жасырын сұраныс

Нарықтың сыйымдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарды iздеп
табу

Ремаркетинг: сұраныс төмендеген жағдайда қолданылатын маркетинг

Төмендейтiн сұраныс

Жаңа нысаналы нарықты табу. Оған сәйкес тауардың қасиеттерiн өзгерту, коммуникацияны тиiмдi
жүргiзу

Синхромаркетинг: сұраныс өндiрiс күшiнен бiршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндiрiс көлемi нарық қажетiнен көп болса
қолданатын марктинг

Тұрақсыз сұраныс

Сұранысты уақыт мерзiмi бойынша реттеу, икемдi баға қолдану

Демаркетинг: қанағаттандыра
алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг

Артық сұраныс Б

ағаны көтеру, өтiмдi ынталандыру
шаралары мен сервистi азайту, сұраныс көлемiн төмендету

Қарсы әрекет жасайтын маркетинг: тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы
қолданатын маркетинг

Иррационалды сұраныс (өлшемге келмейтiн
сұраныс)

Бағаны кенет көтеру, тауардың қол жеткiзуiне шек қою, тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушыларға ақпарат тарату

Ынталандырушы маркетинг: ынталы әдiстер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг

Сұраныс жоқ Бағ

аны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтiмдi
ынталандыру шараларын қолдану

Демеушi маркетинг: сұранысты бiр
деңгейде сақтауға арналған маркетинг

Сұраныс толық қанағаттанған

Тауардың сапасына және қызмет
көрсету қасиеттерiне көбiрек нзар аудару

Маркетингтiң нақты жүзеге асырылуы кәсiпорынның салалық сипатына, оның ұсынылатын тауарларының пайдалану орнына байланысты болады. Осыған байланысты маркетингтiң бiрнеше саласы кездеседi.


Өнеркәсiп маркетингi дегенiмiз өндiрiс үдерiсiнде тұтынылатын тауарлармен, қызметтермен, оларды тұтынатын және сауда-саттықпен айналысатын фирмалар шұғылданатын маркетинг түрi.
Қызмет маркетингi дегенiмiз өнiм ретiнде қызметтермен шұғылданатын маркетинг түрi.
Халықаралық маркетинг -кәсiпорныдардың сыртқы экономикалық әрекеттерiнде қолданылатын маркетинг түрi.
Банк маркетингi дегенiмiз жалпы капитал нарығында және оның жеке салаларында, соның iшiнде банк саласында, несие саласында, құнды қағаздар

нарығында болып жатқан үрдiстердi зерттеудi және есепке алуды болжайтын банктi басқару жүйесiн сипаттайды.


Бейкоммерциялық маркетингтi иституционалды маркетинг деп те атайды. Оны ұйым және жеке тұлғалар өздерiнiң идеяларын тарату үшiн қолданады. Бейкоммерциялық маркетинг дегенiмiз нақты ұйымдар және олардың әрекеттерiне мақсатты аудиторияның позициясын және қатынасын ұтымды өзгерту немесе қалыптастыру үшiн қолданатын маркетинг түрi.
Инвестициялар маркетингi- бұл маркетингтiң жаңа бағыты. Оның негiзгi сипаттамасы тезхнология және өндiрiстi ұйымдастыру болып табылады.
Интеллектуалды өнiмдер нарығындағы маркетинг. Тауар ретiнде интеллектуалды өнiммен маркетинг әрекетiн жүргiзу ерекше тәсiлдердi қажет етедi


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет