Лекция. Маркетингтiң МӘнi мен негiзгi түсiнiктерi және мазмұНЫ. Маркетинг түсiнiгi, мәнi, мазмұны. Маркетингтің



бет7/8
Дата12.10.2022
өлшемі71,9 Kb.
#152703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ìàðêåòèíãòi? Ì?íi ìåí íåãiçãi ò?ñiíiêòåði æ?íå ìàçì?ÍÛ.

Қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы

  1. жылдардың басында экологиялық және тұтынушылық қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: олар фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыру.

Әлеуметтік-этикалық тұжырымдама негізінде тұтынушылар мүддесі (consumer, s satisfaction), қоғамның игілігі (community welfore), компания пайдасы (company,s profit) болғандықтан, бұл «3-С» тұжырымдамасы деп те аталады. Ол қоршаған ортаны жақсарту императив ретінде болуын және кәсіпкерлік қызметтің қоғамның даму мақсаттарына сай келуін қажет етеді. Бұл тұжырымдама қоршаған орта экологиясының бұзылуына, табиғи ресурстардың жетіспеушілігіне, халық санының көбеюіне және әлеуметтік қызмет саласының нашар ахуалына байланысты дамыды.Ф.Котлер тұтынушылар құқығын қорғау қозғалысының дамуына байланысты.«Coca- Cola» компаниясы қызметінен өте қызықты мысал келтірген (16,66, б).
Әлеуметтік-этикалық (қоғамдық) маркетинг негізінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты экологиялық маркетинг тұжырымдамасы пайда болды. Ұйым қызметінің экологиялық аспектілері және өндіретін өнімдердің экологиялық қауіпсіздігі оның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады.
Маркетинг тұжырымдамаларының жіктелуі шартты сипатта болып келетінін атап өткен жөн.
Қазақстандық кәсіпорындарда маркетинг тұжырымдама негізінен қызмет ету түрі ретінде дамуда.
Тәжірбие жүзінде фирмалар мен кәсіпорындар, ұйымдар тауарлар мен қызметтерге сұраныс пен ұсыныс жағдайына байланысты әр түрлі тұжырымдамаларды пайдаланады.Әрбір фирма сыртқы ортаның әлеуметтік- экономикалық факторлары мен өзінің мақсаттары, даму-деңгейі және мүмкіндіктерін ескере отырып, сәйкесінше, өндірістік, тауарлық, өткізу, маркетингтік, қоғамдық маркетинг тұжырымдамаларын таңдауы мүмкін.
Осыған орай, қазақстандық компаниялардың басшыларынан пікір сұрау нәтижесінде, олардың көбінің қызметі маркетингтің өткізу тұжырымдамасына сәйкес келеиіні анықталады. Республикадағы нарықтық экономиканың даму шамасына қарай маркетингті енгізу кешенді сипатта өтуі керек және әрбір ұйымның қызметі бақарудың қазіргі нарықтық тұжырымдамасына сәйкес қайта бейімделуі қажет. Маркетинг тұжырымдамасын тәжірбие жүзінде енгізу –сатып алушы нарығының қалыптасуы, нақты тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті қайта бейімдеу.
Қазақстандық әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына сәйкес, кәсіпорындар әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманда негізгі болып саналатын әлеуметтік немесе қоғамдық маркетинг тұжырымдамасын пайдалануы керек.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет