Сабақ жоспары Бөлім: Адам және Әлем



Дата10.02.2022
өлшемі27,44 Kb.
#131370
түріСабақ
Байланысты:
Амирова Т.М 9 класс КСП


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:

Адам және Әлем

Педагогтің аты-жөні

Амирова Т.М

Күні:




Сынып:

Қатысушылардың саны:25

Қатыспағандардың саны:

17
сабақтың тақырыбы

Отбасы татулығы –қоғамдағы татулық



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары

Рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес өзінің мақсаттары мен жетістіктерінің мүмкіндіктерін анықтай білу

Құндылығы:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Татулық, сыйластық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға «отбасы», «әке», «ана» ұғымдарын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

  • оқушыларға отбасының ұрпақтарына ықпалы туралы түсіндіру;

  • оқушыларды өздігінен үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу;

  • оқушыларды отбасында татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.






Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уакыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)
1.Жағымды көңіл күй(1-3 мин)

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, түгендейді, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексереді.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы татулығы – қоғамдағы татулық» деп аталады.
Адам үшін өмірдегі ең қымбат орта – оның отбасы. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жас ұрпақты саналы өмір сүруге лайықты етіп тәрбиелейге септігін тигізеді.
Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.



Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.

https://www.youtube.com/watch?v=mMurFFNCP2Q





2. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме (3-4 мин)



Мұғалім сабақтың дәйексөзін оқып, таныстырады.
«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»
Ыбырай Алтынсарин
Мұғалім сұрақтар қою арқылы дәйексөзді талдап, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.

  1. Отбасындағы қандай құндылықтар бала тәрбиесінде маңызды деп ойлайсыздар?

  2. Отбасындағы және қоғамдағы мінез-құлық нормаларының байланысы қандай? Жауаптарыңызды дәйектеп түсіндіріңіздер.

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Баланың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ екендігінмәңгілік сақталып қалуы қажеттігін ұғындырады.
Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алысқан соң, мұғалім өзі қорытынды жасайды.

Оқушылар
Ыбырай Алтынсариннің қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.

Презента ция, слайд.
Жұмыс дәптерлері Оқулық,

3. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

Мұғалім алдын ала оқуға берілген оқулықтағы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Әкпаржан Ақылбайдың «Қайран менің жан анам...» атты әңгімесінен үзіндіні талқылайды.
Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алысқан соң, мұғалім өзі қорытынды жасайды.



Оқушылар мәтінге қатыс-ты қойылған сұрақтарға бай-ланысты өз ой-ларын білдіріп, ортаға салады.

17-сабақ

4. Оқиға айту (әңгіме)(4-8 мин)

Мұғалім тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында, оқушыларға отбасының қалыптасу тарихы туралы бейнебаянды көрсетеді. Оқушылар бейнебаяннан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-пікірлерін білдіреді.

Оқушылар бейнематериал дар бойынша өз ойларын ортаға салып, бөліседі. Әр адам отбасы үшін баға жетпес құнды-лық екендігін ұғынады.

https://www.youtube.com/watch?v=OyVbXa1ydB8



5. Шығарма-шылық жұмыс

Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіріп береді.
1-тапсырма. Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, отбасы өнегесі туралы ой-пікірлеріңізді ортаға салып айтыңыздар.
Әл-Фараби: «Ғылымды игерген, бірақ тәрбие көрмеген адам қоғамды қайғы-қасіретке жетелеуі мүмкін».
Бауыржан Момышұлы: «Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас, ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас».
Сергей Михалков:«Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады».
2-тапсырма.Суретші Карим Муллашевтің «Ана мен әже» картинасының репродукциясын қарап, өз отбасы құндылықтарыңыз туралы пікірлеріңізді, естеліктеріңізді ортаға салып, деректі құжаттар, газет-журналдар және фотоматериалдардан таныстырылым даярлаңыздар.

Оқушылар
тапсырмаларын орындап, сыныпқа таныстырады.

https://www.youtube.com/watch?v=mUQaPm0KJ9g



7. Үй тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға алдын ала оқу үшін үй тапсырмасын береді.
Оқулықта берілген (103-бет) Ақын Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңін оқып, өз аналарына деген сүйіспеншіліктері туралы эссе жазу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.



Оқулық

8.Жобалық іс әрекет

«Менің құрдастарым» жобасының үшінші кезеңінде өз замандас, құрбы-құрдастарыңызға жалпы сипаттама беру қажет. Ол үшін БАҚ материалдарын пайдаланыңыз.

  1. Қызықты радио және телехабарлардың, газет, журнал басылымдарының қандай кейіпкерін мысалға келтіресіз?

  2. Олар өздерінің қандай әрекеттерімен атақты, танымал болды?

Оқушылар бірлесіп жоба жұмысын орындайды.

Жоба күнделігі

9. Топпен ән айту



Мұғалім оқушыларға отбасындағыәке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, ата мен келіннің, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысы әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі болатынын айтып, топпен ән айту бөлігінде,оқушылармен бірге «Перзент парызы» әнін орындайды.
Сөзін жазған Бауыржан Есебаев
Әнін жазған Жарылқасын Дәулет

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға әннің мәтіні көрсетіле-ді.
https://www.youtube.com/watch?v=_EdOhiv_KvQ

10. Сабақтың қорытынды сәті

Мұғалім сабақ соңында оқушылармен бүгінгі сабақты қорытындылайды.
Балалар, бүгінгі сабақта сіздер отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі екенін түсіндіңіздер. Жеке адамның бойындағы ар-ұяттын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, отбасы ең қымбат және ең үлкен құндылық екенін жадымызда мәңгілік сақтайық.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге түйіп алайық.
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі. Жақсы қасиеттерді жүрекке сақтап алуға тырысады.



Баяу компози-ция қойылады.
https://www.youtube.com/watch?v=nK9wWSJA9MY


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет