Футболшының жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын құру. Футболшыларды дайындау үрдісінде спорттық шеберлік пен керекті ойын дағдылары
қалыптасады. Шеберлік пен дағдының қай спорт
түрінде болса да, ең жоғары жетістіктерге жету
үшін жаттығуларды бірнеше рет қайталау керек,
сонда ғана текшеберлік пен дағдылар қалыптасып
ағзаның барлық мүшелерінің, жүйелерінің
дамуына мүмкіндік туады. Спорттық көрсеткіштері, көптеген факторлармен құбылыстары,
оның ішінде спортшының дайындық тəжірибесі, ағзаның күйі жəне пайдаланған жаттығу
əдістері, құрал-жабдықтар, ойынның географиялық өткізілу жері жəне т.б. факторларға тəуелді құбылыс екенін ұмытпау керек. Яғни футболшының функционалдық дайындығын дамытуда
бапкердің ең басты міндеті – жаңа, футболшы
ағзасына тиімді жəне спортшының организмінің
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ойыншының
атқаратын қызметіне карай керекті əдістемені
пайдалану. Дайындық кезінде футболшылар
жаттығулардың бірнеше түрін жасайды: жарыс
жаттығулары, арнайы-дайындық жаттығулар
жəне т.б. Белгілі, жалпы дайындық жаттығулары
үш топқа бөлінеді. Жалпы дайындық жаттығулар
футболшылардың жалпы дене күш дайындығына
негізделген. Бұларға əртүрлі жаттығулар
жатады, олар ойын үрдісіне жақын жəне
мүлде ұқсас болмауы да мүмкін. Жалпылай
жаттығулар арқылы спортшының денесінің
физикалық сапаларын арттыруға болады.
Футболшылардың жаттығуларын негізгі жəне
қосалқы деп екіге бөледі: арнайы дайындық
жаттығулары құрамына, ең алдымен, футбол
ойынының арнайы қозғалыстары енеді. Осы
арнайы дайындық жаттығулары ойында болатын
қимыл-қозғалыстарға ұқсас келеді, машықтану
үрдісінде қайталаудың əсерінен дағдылы ойын
қозғалыстардың сапалары артады. Маусым
аралық дайындықта бапкерлер футболшыларды
дайындаудың əртүрлі əдістемелерін қолданады.
Бірақ та сол əдістемелердің қайсысы тиімді?
Кейбір бапкерлер физикалық дайындыққа көп
көңіл бөледі, ал кейбіреулері техника-тактикалық
дайындық басты мəселе деп ойлайды. Біздің
ойымызша, футболшыларды дайындаудағы ең
тиімді бағыты ол жаттығу процесінің кешенді
өтуінде. Яғни маусым аралық дайындық
кезеңінде бапкерлер футболшылардың физикалық, техника-тактикалық дайындығына көп назар
бөлінуі керек. Ал жаттығулардың керекті бағытта
болуын қадағалау ағзадағынегізгі физиологиялық
жүйелердің күйлерінің көрсеткіштері болып
табылады. Осы күрделі мəселелерді шешуінде
біз футболшылардың спорттық көрсеткіштерінің
өсуіне бағытталған əдістемелерді қолдандық.
Біз маусым аралық дайындықта Каспий Банк
командасына зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Зерттеуде апталық жаттығу циклінде екі əдістеме
қолдандық. Бірінші топ дəстүрлі əдістемемен
жаттықты. Ал екінші топта қолданған əдістемеде
техника-тактикалық дайындықты жетілдіру үшін
кішкентай доптарды, өлшемін пайдаландық.
Екі топта адамдардың артериалдық пульсі,
артериалдық қан қысымын, қан айналудың үнемдiлiк коэффициентiн анықтадық.