Тәрбие сағаты
|
Мектеп: Абылай хан атындағы №140 мектеп
|
Күні:
|
Мұғалім: Шағдар Ж
|
Тақырыбы
|
«Теңге-ұлттық құндылығымыз!»
|
Сынып: 7 «Г»
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағаны:
|
Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар
|
Тақырып бойынша тыңдаушылардың білімдерін кеңейту, грамматикалық мәліметтерді қолдануын ұйымдастыру
тыңдаушылардың есте сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту
|
Тәрбие бағыты
|
Ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Рухани – адамгершілік тәрбие
Отбасы тәрбиесі
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
|
Оқушылардың көпшілігі:
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
|
Кейбір оқушылар:
Алған білімді өмірде қолдана алады.
Өз ойын толық жеткізе алады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
|
Құндылыққа баулу
|
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
-өмір бойы оқуға дайын болу;.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Ассамблея, этностар
|
Қолданылатын әдіс - тәсілдер
|
«Тұжырым картасы» әдісі, «Шеңберлі ақпарат» әдісі.
түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Сурет, нақыл сөздер
|
Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер
|
интерактивті тақта, маркер
қима қағаз, А3 формат, стикер
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған іс - әрекет
|
Оқушылардың
іс- әрекеті
|
Жағымды көңіл -күйтуғызу.
«Ой шақыру»
|
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Психологиялық треннинг
Слайд «Ақша тарихынан»
Лексикалық минимум:
Ұлттық валюта-теңге
|
|
Білу
|
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
|
|
Қолдану
|
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
|
Әр топ өз тілінде құттықтауларын айтады, өнерлерін көрсетеді.
|
|