Сабақтың атауы Жұрнақ пен жалғау. 297-301-жаттығулар. Мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі36,64 Kb.
#46397
түріСабақ

Пәннің аты: қазақ тілі

Уақыты: 23.01.2017


Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жұрнақ пен жалғау. 297-301-жаттығулар. 

Мақсаты

Жұрнақ пен жалғауды ажырата алады.Сөйлем ішінен қосымшалы сөзді таба білу, сөз құрамына талдай білу дағдылары жетіледі.Топта жұмыс істей білу, бір- бірімен пікірлесу дағдылары қалыптасады



Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Алдымен әр оқушы жеке-жеке жазады, содан кейін топта бір-бірінің жазғандарын толықтырады.
1.Түбір сөз
2.Қосымша
3.Жұрнақ
4.Жалғау.
5.Туынды сөз
6. Түбір сөздің белгісі 
7. Жұрнақтың белгісі
8. Жалғаудың белгісі  Үй тапсырмасын тексеру: 296-жаттығу. Оқу, талдау.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1. «Күн шуағына жылын» әдісі.

Гүл, заңгер, тігінші, ана, кітап, жазушы

Берілген сөздердің ішінен түбір сөзді тап.

Түбір сөздердің соңғы буынын алып тастап оқып көру.

Кү , гү , кіта , , ан- бұл буындардың мағынасы бола ма?

Әрине жоқ. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

-Түбір сөзді одан әрі бөлуге болмайды. Өткен ережелерін естеріне түсіріп айтады.

2 «Суретке жан бітір». Балық, кітап, жылқы, ас домбыра, дәрі, қобыз, ғарыштың суреттеріне жқрнақ жалғап туынды сөз жасау. Ережесін айту.

3. «Не қажет?» әдісі

1.Балалар серуен..... шық....

2. Олар орман.... .іші...... кел.....

3. Биік өскен ағаш........ көр.... .

- Не байқадыңдар, не қажет болып тұр?

-Қосымшалар, яғни жалғаулар қажет. Жалғаулар сөзбен сөзді байланыстырып тұрады.

ІІІІ. Өткенді пысықтау.


  • Қосымша деген не? Түрлері.

  • Жалғау деген не? Жұрнақ деген не? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Білімдерін тексеру.

Көркем жазу: Ее Екібастұз

Оқулықпен жұмыс. 297-жаттығу оқу, талдау.



Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тиісті белгілермен белгіле. Ұлуды сипаттап айт. Топқа бөлініп:

  • 298-жаттығу. Жалғау не үшін керек екенін, кітап туралы мақал-мәтел айт.

  • 299-жаттығу. Жұрнақ пен жалғаудың қайсысын бұрын жалғадың? Осыдан өзің қандай қорытынды жасадың?

  • 300-жаттығу. Жұрнақ екенін дәлелде.




Сергіту сәті

«Көңілді күн» би ырғағымен билейді

Ой толғаныс

«Қай үйге кіремін?» ойыны.
Ойынның шарты: сөздерді құрамына қарай ажыратып, тиісті үйге кіргізіңдер.
Жұрнақ .Жалғау 
Аңшы, кәсіпкер, баспахана,қонаққа, өнерпаз,қысқы,балалар,шанамен,күйші.
Ойтолғау. 
«Күшік», «үйшік» сөздеріне Венн диаграмасын толтыру.
Күшік туынды сөз. Үйшік Ү. Қорыту.

  • Жұрнақ деген не?

  • Жалғау деген не?




Үйге тапсырма

301- жаттығу. «Медеу мұзайдынында» әңгіме құрау.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет