220
азайтуға және өзін қабылдауға деген субъективті ықтималдылықты
арттыруына мүмкіндік береді.
Баланың өзіне деген бағасының төмендігі девиантты мінез-
құлықтың әртүрлі типтеріне байланысты болады. Өзіне құрметтің
төмендігі балада антиқалыпты мінез-құлықтың артуына жағдай
туғызады; антиәлеуметтік топтар мен олардың іс-әрекеттеріне ара-
ласа отырып, жеткіншек өзінің құрдастары арасындағы беделін
арттыруға тырысады, осылайша отбасында және мектепте болмаған
өзін мойындатудың әдіс-тәсілдерін ойлап табады.
Көптеген жеткіншектерде өзіне деген бағаның жоғары қойылуы
төменгі бағаға қарағанда басым болады, ал уақыт өткен сайын бұл
тенденция күшейе түседі. Әйтсе де, кейбір жеткіншектер үнемі жолы
болмағандай күй кешеді.
Біріншіден, олар өздерін жеке тұлғалық қасиеттерге ие емеспін
деп ойлайды, сондықтан тұлғалық құнды әрекеттер жасау қолымнан
келмейді
деп біледі, соның салдарынан теріс қасиеттерге ие бо-
лады және теріс әрекеттер жасайтын болады. Осы тұста ғұлама
әл-Фарабидің «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» деген
еңбегінде адам жаны туралы мынадай айтқан тұжырымы бар: «Дене
сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның
саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы
болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер
мен тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның
өзінің және бөлшектерінің жайы нашар
халде болуының әсерінен
әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және
сорақы әрекеттер жасалады»,
–
деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір
әсерлер жиынтығының нәтижесі екенін айтқан.
Екіншіден, оларға маңызды болған жағдайлар өзгелер үшін
маңызды емес немесе оң қарамайтын секілді болып көрінеді;
Үшіншіден, олар өздерінің субъективті тәжірибелерінің алғашқы
екі жағдайының нәтижесінде болған теріс әсерлерді жоятын не-
месе жеңілдететін психологиялық тұрғыдан қорғанудың механизм-
дерін тиімді пайлана білмейді.
Мұндай жеткіншектердің өзін құрметтеуге деген сұранысы күшті
болғанымен, әлеуметтік қолжетімді әдістермен өзін қанағаттандыра
алмайды, сондықтан олар көп жағдайда девиантты мінез-құлықты
әдістерге жүгінеді. Яғни, өзінің
қоғам қойып отырған мінез-
құлықтарын орындай алмайтындығын білгеннен кейін оған кері
221
бағыттағы мінез-құлық арқылы өз мінезін мойындатуға талпынады.
Осы әрекеті арқылы мақсатқа жете ме? Бірақ олар өздерін қандай да
бір дәрежеде жеттім деп санайды. Өйткені ішімдік ішкен жағдайда
жасаған әрекетін ол саналы түрде орындамағандықтан, ол өзін зар-
дап шегуші ретінде қабылдамайды, керісінше ол бұл қылығын
мақтаныш етуі мүмкін.
Девиантты мінез-құлық бастапқыда
арнайы кері мақсатты
әрекеттерді көздемейді. Жеткіншек қоғам талаптарын орындауға
талпынады, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оны орын-
дау мүмкін болмайды. Бұл жерде маңызды рөлді оның девиантты
мінез-құлықты құрдастары атқарады. Девиантты топ, егер бала кері
әрекеттер жасауға іштей дайын болса, девиантты әрекеттерді жасау-
ды жеңілдетеді; осындай әрекеттерге барғандығын қолдайды және
ол үшін мақтап, көтермелеп қояды; девиантты әрекеттерге тосқауыл
болуға мүмкіндік туғызатын жеке және әлеуметтік бақылаудың
тиімді механизмдерін төмендетеді. Мұндай жағдайда үнемі сырт-
тан жақсы әсерлер мен бақылау арқылы бала назарын үнемі өзіне
аударып отыратын құбылыстар қажет болады. Осы тұста ғұлама
Ж. Баласағұн баланың жүрген ортасының
жеке басының қалып-
тасуына өте маңызды ықпалды әсерінің бар екендігін айта отырып,
бала өзінің табиғатына жақын тұстарын үйреніп алуға бейім болаты-
нын былай суреттеген:
Достарыңызбен бөлісу: