6-кесте.
Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн
әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң кезеңдері, функциялары мен
әдіс-тәсілдері
Әлеуметтiк-
педагогикалық
қызметтiң кезеңдерi
Әлеуметтiк педагог
қызметiнiң функция-
лары
Әлеуметтiк педагог
қызметiндегi әдiс-
тәсiлдер
Бала асырап алатын
отбасыларын iздестiру.
Ақпараттық қызмет
Анкеттеу, сұхбаттасу,
интервью және т.б.
Бала болған отбасы
мен мекемелерге бару,
қатысу және т.б.
Делдалдық қызмет
Бақылау, сұхбат.
Болашақ ата-аналарды
зерттеу.
Диагностикалық
қызмет (алғашқы диа-
гностика)
Анкета жүргiзу,
сұхбат.
Болашақ бала асырап
алатын және оның
қоршаған ортасын
зерттеу.
Диагностикалық
қызмет (тереңдетiлген
диагностика)
Анкета жүргiзу, тест,
сұхбат, көз жеткiзу,
құжаттарды зерттеу.
Лекциялар оқу, әңгiме
жүргiзу, видеофильм-
дер көрсету арқылы
түсіндіру жұмыстарын
жүргізу
Бiлiм берушiлiк,
оқытушылық қызмет
Лекция, сұхбат,
бақылау, көз жеткiзу,
жаттығу.
Баланы қабылдап
алған отбасына
тапсыру, орнала-
стыру, қабылдап
алған ата-аналармен
тереңдетiлген оқу
курстарын жүргiзу.
Жаттықтырушылық
қызмет.
Лекция, сұхбат, пiкiр
алмасу, әңгiмелесу
және т.б.
Кестеде көрсетiлген бала асырап алу кезеңдерiне толық тоқталып
өтейiк.
1-кезең бала асырап алушы отбасыларын iздестiрумен байланыс-
ты. Бала асырап алушы өзiнiң тегін, аты-жөнін, мекенжайын, бай-
ланыс телефондарын, жасын, өз балаларын және олардың жасын,
асырап алғысы келетiн баланың жынысын көрсетiп тиісті орындарға
арыз береді. Бұл кезеңде әлеуметтiк педагог ақпараттық қызметтi
255
атқарып, басқа да мамандармен бiрге сұрақ-жауап жүргiзудiң
анкеталық жұмыстарына дайындалады.
2-кезеңде бала асырап алушыға анкета толтыру ұсынылады.
Онда ата-аналар өз отбасыларына смипаттама бередi, өз өмiр
сүру дәстүрлерiн сипаттайды. Отбасы мүшелерiнiң дiни сенiмдерi
мен ерлi-зайыптылардың денсаулық жағдайлары, отбасының
материалдық жағдайы, бала асырап алудағы себептерi және басқа
да қосымша мәлiметтер көрсетiледi. Бұл анкетаны немесе басқа да
мәлiмет беретiн құжатты әлеуметтiк педагог басқа да мамандармен
бiрге талқылай отырып, баланы асырап алуға сенiп тапсыратын от-
басын iрiктеуге алдын ала диагностика жасайды.
3-кезең. Мұнда бала өмiр сүрiп жатқан балалар үйiне немесе от-
басына бару қарастырылады. Бұл кезеңде әлеуметтiк педагог бала
мен болашақ асырап алушы отбасы арасында делдалдық қызметтi
атқарады. Ол баланы бақылауға алады, оның тәрбиесімен кiм
айналысатындығы туралы сұхбаттасады.
4-кезең. Мұнда отбасына тереңдетiлген зерттеу жүргiзу
қарастырылады. Әлеуметтiк педагог арызбен және анкетамен та-
нысып болған соң бала асырап алатын отбасымен, ата-аналармен,
отбасындағы басқа да мүшелерімен танысады. Ондағы мақсат -
отбасындағы психологиялық климатты анықтау, отбасы мүшелерiнiң
бойындағы жағымсыз әрекеттердi айқындау. Кейiннен әлеуметтiк пе-
дагог басқа мамандармен бiрге отбасын қоршаған ортаны (көршiнi,
әрiптестердi, достарды және т.б.) зерттеп, бақылауға алады. Ол
әңгiме, сұхбат, анкета және т.б. әдiстерi арқылы жүзеге асырылады.
5-кезең. Бұл кезеңде болашақ ата-аналар арнайы курстан өтiп,
оқытылады. Онда бала орналасқан мекемеде 2-3 күндiк лекциялар
ұйымдастырылып, теориялық бiлiмдер мен практикалық дағдылар
қалыптастырылады. Мұнда әлеуметтiк педагог оқытушылық
қызметтi атқарады.
6-кезең баланы асырап алған отбасына тапсырумен байланысты
болады.
Әлеуметтік педагог баланы қамқорлыққа алуда өзінің қызметтік
функцияларын сәтті жүзеге асыру үшін балалықты қорғау бо-
йынша заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды, әлеметтік
педагогиканың негіздерін, әдістері мен формаларын; балалар мен
жасөспірімдердің тұлғалық дамуының негізгі заңдылықтарын,
олардың сұраныстарының, қызығушылықтары мен мотивтерінің
ерекшеліктерін және оларды қанағаттандырудың дәрежесін;
256
әлеуметтік саладағы жұмыстың ерекшелігін; отбасыларымен
жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын, формалары мен әдістерін;
әлеуметтік педагог қызметі мен аталмыш мекеменің функцияла-
ры мен құқықтарын және нормативтік құжаттарын; еңбекті қорғау
ережелерін, қауіпсіздік техникасын; отбасын диагностикалық
зерттеу жүргізудің әдістемелерін, тұлғаның дамуын; өз жұмысын
бағдарламалау мен талдау жасаудың әдістерін білуі тиіс.
Әлеуметтік педагог жұмысты өзіне бектіліп берілген
микроучаскені зерттеуден бастауы тиіс. Микроучаскені зерттеу екі
бөліктен тұрады:
1. Педагогқа бекітілген учаске мен мектеп орналасқан мөлтек
ауданның құрылымын зерттеу. Әлеуметтік- педагогикалық қызметті
ұйымдастыру бойынша кәсіби байланыстарды орнату. Мектеп
орналасқан микроауданның әлеуметтік паспортын зерттеу.
2. Мемлекет тарапынан қамқорлық пен әлеуметтік педагогикалық
көмекке мұқтаж балалары бар әлеуметтік қауіпті отбасыларының то-
бын айқындау.
Қамқорлық пен әлеуметтік- педагогикалық көмекке мұқтаж бала-
лары бар отбасыларын айқындағаннан кейін әлеуметтік педагог бала-
ларды педагогикалық, психологиялық, медициналық, тұрғыдан диа-
гностика жасап, отбасылық қарым-қатынасты анағұрлым тереңірек
зерттейді. Кешенді диагностиканың нәтижесі бойынша нақтылы от-
басымен немесе баламен жүргізетін жұмыстың бағдарламасын жа-
сайды.
Ережеге сәйкес әлеуметтік педагог баланың және оның
отбасының барлық проблемаларын тек өзі ғана шешуі мүмкін
емес. Сондықтан, баламен немесе отбасымен жұмыс жүргізуді
жоспарлаудың кезеңдерінде қойылған міндеттерді шешуде қандай
педагогпен, психологпен, мекемемен және ұйыммен өзара әрекет ету
қажет болатындығын айқындап алуы қажет. Әлеуметтік педагогтың
қызмет барысында қолданатын шараларының кешені әлеуметтік
жетімдіктің алдын алу, баланы биологиялық отбасында тәрбиелеудің
жолдарын қарастыру, клиенттердің өз проблемаларын өз беттерінше
және ақылмен шешуге бағдар беру идеясынан туындайды.
Әлеуметтік педагог өз қызметтерін ұйымдастыруда олар жұмыс
жүргізетін отбасы мүшелері оларға мамандардың көмек көрсетуге
дайын екендігін сезінетіндей етіп құруы тиіс. Ол үшін әртүрлі
әдістер мен тәсілдер қолданылады, олар жеке даралық және топтық
терапия, құрастырылған әлеуметтік педагогикалық профилактика,
257
кешенді қолдау көрсету және т.б. Осы тұста «Табысқа жету жағдайын»
тиімді пайдалануға аса мән беру қажеттігін естен шығармау ке-
рек. Онда клиенттің бойында көрініс тапқан оң өзгерістерге көңіл
бөлу қажет. Мұнда әсіресе әлеуметтік педагогтың байқампаздық,
салыстыру қабілеттілігі, биязылығы секілді тұлғалық және кәсіби
қасиеттері маңызды орынды иеленеді.
«Таңдау жағдайын» пайдалануда (яғни, мысалы ата-аналар ба-
лалар тәрбиесімен айналысады немесе ата-аналық парызынан айы-
рылады деген мәселе қойылғанда, таңдау жасау) тек қана отба-
сы туралы ғана білімдердің болуы жеткілікті емес, сонымен қатар,
оның әрбір мүшесінің тұлғалық сапалары мен оның түпкі мотивтері
туралы да білу маңызды. Мұндай жағдайда асығыстық шешім жа-
сау қауіпті және нақтылы мөлшерде байқампаздық қажет. Бұл жерде
жағдайды кәсіби аргументті қарастыру қажет болады.
Әлеуметтік педагогтың отбасыларымен жүргізетін жұмысының
жоспары нақтылы жағдайға және ондағы проблеманың қиындығына
байланысты жеке өзінің көзқарасы тарапынан жасалады. Жоспар
белгілі бір уақыт мерзімін қамтитын бір немесе бірнеше айға ар-
налып жасалуы да мүмкін. Күрделі әлеуметтік-педагогикалық
мәселелерді шешу үшін әлеуметтік, медициналық, психологиялық
немесе педагогикалық көмек көрсетудегі бағыттар қарастырылатын
бірнеше жоспарды пайдалануға болады.
Әлеуметтік педагогтардың тәрбиеленушілерімен жүргізетін
жұмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Шартты түрде
оларды мынадай үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1. Әлеуметтік педагогтың келушілермен жеке дара жұмыс жүргізу
формасы (сұхбат, кеңес беру, бақылау, қарым-қатынасты реттеу,
коррекциялық жұмыстартар жүргізу және т.б.);
2. Реабилитациялық мекемелердегі, халықты әлеуметтік қорғау
мекемелеріндегі, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы,
клубтық және басқа да мекемелердегі мамандармен кешенді
әлеуметтік педагогикалық және басқа да көмек түрлерін көрсету
мақсатында жүргізілетін бірлескен жұмыстары.
3. Кооперативтік жұмыс формасы
– бұл әлеуметтік педагогтар-
дың, қараусыз қалған балалармен және наркомандармен және т.б.
күресу, кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында
ұйымдастырылатын көпшілік шаралар мен қайырымдылық акция-
ларын өткізу үшін құрылғын әртүрлі мекемлер мен ұйымдардың ма-
мандары мен басшыларының бірлестіктері.
258
Әлеуметтік педагогтың жұмыс формалары анағұрлым көпқырлы.
Олардың барлығы дерлік адамдарға өмірлік жолдарында кездескен
қиыншылықтарды жеңуге көмек көрсетуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |