Тұжырым: 1. Жетім, әлеуметтік жетім.балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу қоғамның адам тәрбиесіне және адам мен қоғамдық қатынастарды ізгілендіру ұстанымдарынан туындаған мәселе. 2. Жетім балалардың қоғамға енуі мен қоғамның адам тәрбиесі- не қойып отырған талаптарын орындаудың бірден бір шарты не- месе жолы –
ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу арқылы әлеуметтендіру болмақ. 3. Бала асырап алу мен қамқорлыққа алу –
баланы әлеуметтендірудің ең тиімді жолы. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. «Қамқорлық», «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдарының
айырмашылығы мен ортақ сипаттарына түсінік беріңіз.
2. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға кімдерді
жатқызуға болады?
3. Жетiм балаларды қамқорлыққа алу мекемелерінің қызметіне сипат-
тама беріңіз.
4. Жетім балаларды асырап алу мен қамқорлыққа алудың жолдарын си-
паттап түсіндіріңіз.
5. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог
қызметiнiң функциялары неден тұрады?
6. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-
педагогикалық қызметтiң құрылымына кезеңді сипаттама беріп,
түсіндіріңіз.
7. Әлеуметтiк педагог қызметiндегi әдiс-тәсiлдердің ерекшеліктері
қандай?
8. Тәрбиесі қиын балалар мен жеткіншектер тәрбиесіндегі психолог пен
әлеуметтік педагог функцияларын қалай ажыратып көрсетер едіңіз?
9. Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп
болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз
(сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау объектілерін және т.б.).
10. Микроауданның әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау үшін
оның зерттеу бағдарламасын дайындаңыз.