Механикалық зақымдау (өожайынның қоректік затын пайдалану) және улы аттармен улау. Тениоз кезінде асқорытудың бұзылуы, қаназдылық, жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның түпкілікті және аралық қожайын ретінде болуы, яғни адамда финналық сатысының дамуы (цистицеркоз). Тениоз ауруымен ауырғанда адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға, өңешке және жұтқаншаққа өтуі мүмкін. .Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады. Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып, қантамыр арқылы көз, ми, бұлшықет ұлпаларында цистицеркке айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады. Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы, ол өлуге алып келеді, көз цистицеркозы адамдарды соқыр етеді. Цистицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді.
Алдын алу шаралары
Жеке шаралар:
піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу;
Қоғамдық шаралар:
санитариялық- ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру;
Тениаринхоз
Тениаринхоз – қоздырғышы ауыз – нәжісті механизмі арқылы таралатын, көбінесе асқазан жолдарының зақымдалуымен, токсикалық – аллергиялық реакциялармен және диспептикалық бұзылу белгілерімен сиппаталатын антропанозды биогельминтоз.
Қоздырушысы
Қоздырушысы Taeniarhynchus saginatus (синон. Сиыр немесе қарусыз цепень) аш ішекте паразиттік өмір сүретін таспа тәрізді ірі цепень. Құрамында өте көп мүшелері (проглоттид) бар, оның әрқайсысында 150 мыңға дейін жұмыртқа бар, ұзындығы 7-10 м, басында 4 сорғышы болады.
Жұмыртқалары жұмыр, жұқа және мөлдір қабығында 6 қармағы бар, қоршаған ортада тез бұзылады. Әр бір жұмыртқада екі контурлы көлденең сызықты қабыршақпен қоршалған ұрық болады.
Сиыр цепенінің даму барысында иелері ауысып отырады. Ақырғы ие адам, аралық ие – ірі қара мал және де енеке (буйвол), зебу, қодас. Африкада сиыр цепені личинкаларының сирек жағдайда қарақұйрық пен киіктің денесінде паразиттік өмір сүргені тіркелген. Бірақ жабайы жануарлар тениаринхозды таратуға қатыспайды.