Алған «практикалық Қазақ тілі»



Дата23.08.2017
өлшемі144,27 Kb.
#25490
Ақтоғай ауданы

Агрономия орта мектебі




9-орыс сыныбына арналған

«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ»

курсының бағдарламасы

Бағдарламаның авторы: Қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Байманова Жадра Касеновна


2016 жыл


Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер – білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. «Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерге» жасалды.

«Практикалық қазақ тілі» курсының мақсаты – ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:



  • оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;

  • тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі сыныптарда алған тероиялық білімдерін жүйелеу;

  • тероиялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру.

Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест

жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кенесбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі»(лексика,фонетика), С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (морфология), М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» (синтаксис) атты еңбектері пайдаланылды.

Курстың жүргізетін жұмыс түрлері.


  1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.




  1. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.




  1. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.




  1. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың даңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу




  1. Деңгейлік тапсырмаларын орындау.



Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже.
- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;
- сауатты жазу, сауатты сөйлеу;
- өзіндік ой дербестігінің болуы.

«Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасының мазмұны

Барлығы – 34 сағат

Апталық сағаты – 1

1-тақырып.Кіріспе сабақ.Тіл білімінің салалары

Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы ұғым түсініктерін кеңейту.



2-тақырып.Фонетика. Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары.



3-тақырып.Дауыссыз дыбыстардың емлесі. Фонемалардың құрылыстық және өзіндік ерекшеліктері, сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен фонемалар жүйесінің ара қатынасын зерттейтін заңдылықтар.

4-тақырып.Орфография мен орфоэпия.

Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.



5-тақырып.Үндестік заңы.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың үйлесімі. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы. Ассимиляция мен диссимиляция.



6-тақырып.Буын.Тасымал.Екпін.

Буынның сипаты. Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.



7-тақырып.Бақылау жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.

8-тақырып.Сөздердің көп мағыналығы. Сөз мағынасының өзгеруі. Лексиканың салалары туралы.

9-тақырып.Синоним. Омоним. Антоним.

10-тақырып.Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы. Сөздік қор мен сөздік құрам.

11-тақырып.Диалект және кәсіби сөздер. Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламалары.

12-тақырып.Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.

13-тақырып.Бақылау жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау.

14-тақырып.Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.



15-тақырып.Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.

16-тақырып.Сөз таптары. Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы. Зат есім жасайтын жұрнақтары.

17-тақырып.Сын есім. Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы туралы.

18-тақырып.Сан есім. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы туралы. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

19-тақырып.Есімдік. Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы туралы. Есімдіктердің түрлері.

20-тақырып.Етістік.Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.

21-тақырып.Есімше мен көсемше. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері.

22-тақырып.Етіс. Етістің түрлері.

23-тақырып.Үстеу.Туынды үстеулердің жасалу жолдары. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

24-тақырып.Бақылау жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау.

25-тақырып.Синтаксис Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы.Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

26-тақырып.Сөйлем. Оның құрамы.

27-тақырып.Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.

28-тақырып.Сабақтас құрмалас сөйлем. Олардың түрлері. Жасалуы, жалғаулықты. Жалғаулықсыз түрлері.

29-тақырып.Аралас құрмалас сөйлем.

30-тақырып.Бақылау жұмысы. Тест. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

31-тақырып.Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөзі.

32-тақырып.Пунктуация. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.

33-тақырып.Сынақ сабағы. Тест тапсырмалары.

34-тақырып.Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткен материалдарды қайталау.

Тақырыптық оқу жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Қолданатын әдістер

Күтілетін нәтижесі

Ескерту

1

Кіріспе сабақ. Қазақ тілі білімі

1

Әңгімелесу

Салыстыра,

дәлелдей





2

Фонетика. Дауысты дыбыстар

1

Түсіндіру

Талдай, қорытындылай




3

Дауыссыз дыбыстарының емлесі

1

Талдау, салыстыру

Білу дағдыларын меңгеру




4

Орфография және орфоэпия

1










5

Үндестік заңы

1

Деңгейлік тапсырмалар







6

Буын. Тасымал. Екпін

1










7

Бақылау жұмысы

1

Тест. қайталау







8

Сөздердің көп мағыналығы

1

Түсіндіру







9

Синоним. Омоним. Антоним

1

Жаңа технология элементтері

Тілдік және әдеби білімдерінің толығуы




10

Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы

1










11

Диалекті және кәсіби сөздер

1

Түсіндіру







12

Тұрақты сөз тіркестері

1










13

Бақылау жұмысы

1










14

Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы

1

Білімін тексеру

Лексикалық білім мен біліктілікке жету




15

Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау

1

Топтық жұмыс







16

Сөз таптары. Зат есім

1










17

Сын есім

1










18

Сан есім

1










19

Есімдік

1

Кубизм әдісі

Практикалық танымдық




20

Етістік

1

Баяндау







21

Есімше мен көсемше

1

Жинақтау

Шығармашылық




22

Етіс

1

Етіс

Тапсырмаларды еркін талдау




23

Үстеу

1

Салыстыру

Орындай алу




24

Бақылау жұмысы

1










25

Синтаксис. Сөз тіркесі

1

Білімін тексеру







26

Сөйлем

1

Түсіндіру







27

Салалас құрмалас сөйлем

1

Ойландыру







28

Сабақтас құрмалас сөйлем

1

Сын тұрғысынан ойлау

Білім мен біліктілікке жету




29

Аралас құрмалас сөйлем

1

Талдау







30

Бақылау жұмысы

1










31

Төл сөз. Автор сөзі

1

Қайталау







32

Пунктуация

1

Түсіндіру







33

Сынақ сабағы

1










34

Қорытынды сабақ

1

Білімін тексеру

Өтілген тақырыптардан алған білімдерін пысықтау





Курсты жүргізетін мұғалімдердің пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

  1. М.Мырзахмет. Абайтану тарихи. Алматы «Ана тілі» 1994ж. 192 б

  2. М.Мырзахметұлы. Ұлы Абайды таныту тарихы // Абай.-2006ж. №1.6 б

  3. Н.Оралбаева. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

  4. А.Байтұрсынов. Тіл тағдыры. Алматы. Ана тілі 1992ж, 8 б

  5. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы 1988 ж

  6. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2013-2015 жж.

  7. Қазақ әдебиеті. Алматы 1999 ж

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Абай Құнанбаев, Шығармаларының толық жинағы, 1-2 томдар. Алматы, 1995 ж

  2. З.Ахметов. Лермонтов и Абай, Алматы, 1954 ж

  3. М.Әуезов. Абай Құнанбаев, Алматы, 1995 ж

  4. Б.Габдуллин. Этические воззрения Абая. Алматы, 1970 ж

  5. Қазақ тілі. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. «Болашақ балапандары балалар шығармашылығы мен балалар шығармашылығы мен балалар баспасөзінің мемлекеттік емес мекемесі». Алматы «Рауан» 1997 ж

  6. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000 ж

  7. Г.Ахметов. Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1989


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет