Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт: Х ғасыр.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған ғұлама: Әл-Макдиси.
Ø Ғылым мен білімнің дамуы
Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: ислам.
Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб.
Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалымдардың бірі ретінде танылған: Әл-Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Наср әл-Фарабидің өмір сүрген уақыты:870 – 950 жж.
IХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы:Әл-Фараби.
Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген қала: Фараб аймағындағы Отырар қаласы.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің Отырар қаласында білім алған тілі: қыпшақ.
Достарыңызбен бөлісу: |