v Ақ Орданың қалалық мәдениеті дамиды.
v Сығанақ Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды.
Ақ Орданың ханы Мүбәрак (1320-1344 жж.):
v 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды.
v Алтын Орданың ханы Өзбек пен Мүбәрак ханның арасындағы күресте Мүбәрак жеңіліске ұшырап, қырғыздар жері мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.
Ақ Орданың күш-қуатын нығайтқан хан: Ұрұс хан (1361-1376 жж.)
v Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп тәуелсіз хандық болды.
v 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге шығарады.
v 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады.
Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның Еділ бойынан Сыр бойындағы иелігіне оралуының себебі: Орта Азияда Әмір Темірдің күшеюі.
v Ұрұс хан жол бойында өзіне көмектесуден бас тартқан Маңғыстау билеушісі Түй-Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды.
Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты: Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу.