(603 – 704 ж.)
Ø Батыс-Түрік қағанатының жер аумағы
Батыс-Түрік қағанатының құрылған уақыты: 603 жыл.
Батыс-Түрік қағанатының солтүстік-батыс шекарасы жетті: Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін.
v оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендері дейін жетті.
v солтүстік-шығыста Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығы.
v оңтүстік-батыста Тарым, Әмудария өзендері.
Батыс-Түрік қағанатының орталығы Шу өзенінің бойындағы: Суяб.
Батыс-Түрік қағанатының жазғы ордасы: Мыңбұлақ (Жамбыл облысы).
Батыс-Түрік қағанатының негізгі этникалық-саяси ұйытқысы: Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі жерді мекендеген «он тайпа».
Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар Дулулар, нушебилер.
Батыс-Түрік қағанатының өзге атауы: «Он тайпа» мемлекеті.
Ø Қағанаттың саяси жағдайы
Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі: Тардуш (Дато) қаған.
v Тардуш қаған шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.
Батыс-Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі: Шегу (610-618 ж.) мен Тон (618-630 ж.) қағандарының билік құрған мезгілі.
Шегу қаған мемлекеттің шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, батыста Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.
Батыс-Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған:Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |