Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы



бет89/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас гамма нейтронды сәулеленумен жұтылған гамма мөлшерін өлшеуге арналған.



ИД-1дозасын өлшеуіш толымы: 1-ИД-1 дозасын өлшеуіш, 2-заряд құрылғысына арналған ұя, 3-құты, 4-окуляр, 5-ұстағыш, 6-қорғауыш, 7-ЗД 6-ның зарядты құрылғысы, 8-зарядты-контактілі ұя, 9-зарядты құрылғысының тұтқасы, 10-бұру айнасы.


Аспап толымына 10 ИД-1 мөлшері өлшеуіштер мен ЗД-6 зарядты құрылғысы кіреді. ИД-1 мөлшері өлшеуіші 100рад/секундке дейінгі мөлшер қуаты кезінде 20-дан 500 радиусқа дейінгі диапазондағы аралас гамма нейтронды сәулеленудің жұтылған мөлшерін өлшейді. Өлшенетін мөлшер есебі өлшеуіштің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі.
ИД-1дозасын өлшеуіш толымымен жұмыс істеу тәртібі:

  • ЗД-6 тұтқасын ұстап тұрып, ИД-1 айналдыра, тұтқадағы үш қырлы зат көмегімен бітеуішті бұрап алу керек;

  • ЗД-6 тұтқасын «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек;

  • ИД-1-ді ЗД-6-ның зарядті-контактілі ұясына кигізіп, окулярмен бақылай отырып, айна бұрылуы арқылы шкаланың максимальді жарықтандырылуына жету қажет;

  • өлшеуішті басып, окулярмен бақылай отырып ИД-1шкаласында жіп бейнесі «0» белгісіне қойылғанша тұтқаны «Заряд» тілі бағытымен бұрау керек;

  • өлшеуішті ұядан шығарып, оны жарыққа бағыттай отырып жіп орнын тексеру керек; тік жағдайда жіп бейнесі «0» белгіде болуы керек;

  • ИД-1 бітеуішін бұрау керек.

Басқа өлшеуіштер тұтқаның бір шеткі жағдайынан келесіге дейін 10 - 15 толық зарядталмаған немесе 3 - 4 толық зарядталған өлшеуіштерді тұтқаны бастапқы жағдайына қайтармай заряд беру арқылы «Заряд» тілі бағытымен тұтқаны бұра отырып зарядталады. Заряд алғаннан кейін ИД-1 –дің соңғы өлшеуішін алып, тұтқаны «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек.
ИД-1 ионизациялайтын сәулелену әрекеті аймағында жұмыс істеу уақытында киім қалтасында болады.
ИД-1 көрсеткіштерін есептеу кезінде, гамма-нейтрон сәулелену мөлшерін шкаладағы жіп бейнесі арқылы анықтайды. ИД-1 көрсеткішіне жіп бүгілу әсерін болдырмау үшін, есепті жіп бейнесінің тік жағдайы кезінде жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет