Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет85/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№46 Жеке қорғану құралдары.
Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған. Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді.
Жеке қорғаныш құралдары радиоактивтік (улағыш) заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналған. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары мен теріні қорғау құралдары жатады. Тыныс органдарын қорғау құралдарына – сүзгіш противогаздар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта-дәкелі таңғыштары жатады. Теріні қорғау құралдарына – Л-1 жеңіл қорғаныш костюмі, жалпыәскерлік қорғаныш толымы және пневмокостюм жатады. Сүзгіш противогаздартыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Протвогаз беттік бөлім және сүзгіш қораптан тұрады. Беттік бөлім адамның көзі мен бетін улағыш, радиоактивтік заттар, биологиялық аэрозольдер тиюінен қорғауға және тазартылған ауаны тыныс органдарына жеткізуге арналған. Сүзгіш қорап демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді. Бұл үшін ол түтінге қарсы сүзгімен және арнайы өнделеген УЗ-дың буы мен газын өткізбейтін активтелген көмірмен жарақталған.
Дем алғанда зақымдалған ауа сүзгіш қорапқа түскенде зиянды қоспалардан тазарып, одан кейін беттік бөлігі мен тыныс органдарына барады. Дем шығарғанда ауа беттік бөлімнің астынан арнайы тесік арқылы сыртқа шығады. Булар мен газдардың сіңірілуі адсорбация, хемосорбация және катализ есебінен, ал түтін мен аэрозольдердің сіңірілуі сүзу арқылы жүзеге асырылады.
Адсорбация – адсорбент деп аталатын қатты дене бетінің газдар мен буларды өзіне сіңіруін айтады. Адсорбент ретінде ағаш көмірі пайдаланылады. Ағаш көмірінде бәрінен гөрі хлор, хлорпикрин, зарин, заман, иприт жақсы сіңіріледі.
Хемосорбациядеп улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың активтендіріл-ген көмірге жағылған химиялық активті заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуін айтады. Синил қышқылы, фосген УЗ сіңіріп алады.
Катализ – катализаторлар деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі.
Түтіндер мен аэрозольдердің сүзілуі жиі тор құратын талшықты материалдардан жасалған түтінге қарсы сүзгілермен жүзеге асырылады. Сүзгіден өткенде түтін мен аэрозольдің бөлшектері талшықтарда тұрып қалады.
Тұмылдырықтар адамның тыныс органдарын зиянды газдардан, булардан, аэрозольдер мен шаңнан қорғауға арналған. Арналу мақсатына қарай тұмылдырықтар шаңға қарсы, газға қарсы және газ бен шаңнан қарсы болып бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарына мақта-дәкелі таңғыштар және шаңға қарсы маталы маскалар жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін арналған.
Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) және химияға қарсы жеке пакет (ИПП-8) жатады.
Жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) жаппай жоятын қару әрекетінің ауыр зардаптарын болғызбау мақсатында өзіне-өзі және өзара көмектесуге, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және бетін қайтаруға арналған.
Химияға қарсы жеке пакет (ИПП-8) терінің ашық жерлері мен киімге тиген тамшылы-сұйық УЗ-ды зиянсыздандыруға арналған. ИПП-8 газсыздандыратын ерітіндісі бар шағын шөлмек және мақта-дәкелі бес тампоннан тұрады.
Теріні қорғау құралдары адамдарды УЗ-дан қорғаумен қатар, тері қабаты мен киімді радиоактивтік заттардан және биологиялық құралдардан зақымданудан қорғауға арналған.
Жалпыәскерлік қорғаныш толымы газсыздандыру, дезактивация және дез-инфекция жұмыстарын атқару кезінде тері қабатын, киімді УЗ, биологиялық құралдар мен радиоактивтік шаңнан бірнеше рет қорғауға арналған. Ол қорғаныш плащынан, қорғаныш шұлық пен қолғаптардан тұрады. Жағдайдың ерекшіліктеріне байланысты оны жамылғы түрінде, плащ түрінде және комбинезон түрінде киіп пайдалануға болады.
Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы:§7.7.-327 бет оқып шығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет