Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


Дәлдігі жоғары қаруға келесі түрлер жатады



бет83/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәлдігі жоғары қаруға келесі түрлер жатады:

  1. Басқарылатын қанатты ракеталар

  2. Баллистикалық ракеталар

  3. Авиациялық бомбалар

  4. Авиациялық кассеттер (бума)

  5. Артиллериялық снарядтар

  6. Торпедалар

  7. Барлау-соққылық кешендер

  8. Зениттік ракеталық кешендер

  9. Танкке қарсы ракеталық кешендер



Басқарылатын авиациялық бомбалар.

  1. Жарықшақты авиациялық бомбалар жарылған кезде көптеген жарықшақтар шығып, жарылыс болған жерден айнала 300 метр қашықтыққа дейін ұшады. Адамды қыру үшін арналған.

  2. Фугасты авиабомбалар әртүрлі құрылыстарды қиратуға арналған. Көбіне олардың бәсеңдеткіш әрекетті жарылғыштары болады да, олар бомба тасталғаннан кейін біраз уақыттан соң автоматты түрде іске қосылады.

  3. Шарлы авиабомбалардың көлемі теннис добынан футбол добына дейін болады және онда диаметрі 5-6 мм 300-дей металлдан жасалған ұсақ шарлар болады. Шарлардың ұшу радиусы 1,5-15 метр. Кейбір бомбалар бірнеше мың кішкене шарлар, инелер салынып жарақталады. Олар арнайы бумаларда (кассеттерде) тасталады.



Көлемдік жарылыс оқ-дәрілері. Бұл топқа вакуумдық бомбалар жатады. Вакуумдық бомбаларда ұрыс заряды ретінде сұйық көміртекті этилен не пропилен тотығы, метан пайдаланылады және ұшақтан парашютпен түсірілетін шағын контейнер түрінде болады. Белгіленген биіктікте контейнер ашылып, ішіндегі қоспа сыртқа шығып, газ бұлты түзіледі де, ол арнаулы жарғышпен жарылады. Жарылған кезде дыбыстан тез жылдамдықпен тарайтын соққы толқын пайда болады, бұған қоса жарылыс кезінде температура 2500-30000 С-ға жетеді. Жарылған жерде футбол алаңының аумағындай өлі кеңістік пайда болады.
Өртегіш қару.

  1. Напалм - өртегіш заттардың ең көп тараған түрі. Оның негізі – бензин (90-97%) және қойылтпа ұнтақ. Өте тез тұтанады және ылғал беттерге жабыса береді. Жану узақтығы 5-10 мин, температурасы 1000-1200о С. Судан жеңіл болғандықтан, суда да қалқып жана береді.

  2. Пирогель – напалмдарға ұнтақ н\е жоңқа тәрізді натрий, магний, фосфор, алюминий, көмір, сұйық асфальт, селитра және ауыр майларды қосу арқылы жасалады. 6000 С кезінде тұтанып, көз қаратпайтындай ақ н\е көкшіл жалын болып жанады. Жану температурасы 28000 С-ға жетеді.

  3. Ақ фосфор – жартылай мөлдір, балауызға (воск) ұксас улы және қатты зат. Ауадағы оттегімен қосылып өздігінен тұтана алады, жалыны жарқылдап жанып, көп ақ түтін шығарады. Жану температурасы 900-12000 С-ға жетеді. негізінен напалм мен пирогелге тұтандырғыш ретінде пайдаланылады.



Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы: §7.4.-313 бет, §7.5.-317 бет оқып шығу және көшіру. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет