Байланысты: Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен
Дәріс№41 Заманауйзақымдау құралдары Ядролық қару дегеніміз жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы. Ядролық қару қолданумен атқарылатын міндеттерге байланысты ядролық жарылыстар әр түрлі биіктікте, ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында жасалуы мүмін. Сондықтан оларды келесідей жіктеу қабылданған:
Биіктегі.
Ауадағы.
Жер бетіндегі.
Су бетіндегі.
Жер астындағы.
Су астындағы.
Биіктегі ядролық жарылыс – ракеталар мен ұшақтарды жер бетіндегі объектілер үшін қауіпсіз биіктікте (10 км. астам) жою мақсатымен жасалатын жарылыстар. Бұл жарылыста радиоактивтік зақымдану жою факторы болмайды.
Ауадағы ядролық жарылыс – 10 км-ге дейінгі биіктікте жасалатын жарылыс. Бұл жарылыс түрінде жарқылды аумақ жерге (суға) тимейді. Олар төмендегі және жоғарыдағы болып бөлінеді. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, төменгі жарылыстағы өткір радиация мен электромагниттік импульс.
Жер (су) бетіндегі ядролық жарылыс – жер (су) бетінде жасалатын жарылыс, онда жарқылды аумақ жер (су) бетіне тиеді, ал шаң (су) бағанасы түзілген сәттен бастап жарылыс бұлтымен қосылады. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивтік зақымдану, электромагниттік импульс.
Жер (су) астындағы ядролық жарылыс – жер (су) астында жасалған және ядролық жарылғыш зат өнімімен араласқан орасан көп топырақ (су) көтерілумен сипатталады. Бұл жарылыста жарық сәулелену мен өткір радиация болмайды.
Жарылыс болған нүкте ядролық жарылыстың центрі деп, ал оның жер (су) бетіндегі проекциясы эпицентрі деп аталады.
Ядролық жарылыстың жою факторлары мыналар: соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивтік зақымдану, электромагниттік импульс.
Соққы толқын – ядролық жарылыстың негізгі жою факторы. Ашық жерде адамдар ме техника соққы толқынның лақтыру әрекетінен жойылады, ал көлемді ғимараттар артық қысымның әрекетінен қирайды.
Жарық сәулелену – бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Жарық сәулелену тері қабатын күйдіруі, көзді зақымдауы (уақытша көрмей қалу), әр түрлі жанғыш материалдар мен объектілерді жандырып, дүмпітуі мүмкін.
Өткір радиация – ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма-сәулелер мен нейтродардың ағыны. Бұл зақымдаушы фактор организмнің құрамындағы атомдар мен молекулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік фукциялары бұзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.
Радиоактивтік зақымдану – дегеніміз атмосфераның жерге жақын қабатының, ауа кеңістігінің, төңіректің ядролық жарылыс кезінде оның бұлтынан радиоактивтік заттардың түсуі. Төңіректің радиоактивтік зақымдануы радиация деңгейімен сипатталып, рентген сағатпен өлшенеді.
Ядролық жарылыстардан аса күшті электр магнит өрістері пайда болады. Бұл өрістер қысқа мерзімде ғана болатындықтан оларды электр магниттік импульс деп атайды. Ол жер бетіндегі және төменгі ауадағы ядролық жарылыстар кезінде неғұрлым толық білінеді. Электрмагниттік импульс ең алдымен өнеркәсіпте және басқа объектілерде болатын электрондық және электротехникалық аппаратураға әсер етеді.
Ядролық зақымдану ошағы деп ядролық жарылыстың жою факторларының тікелей әрекетіне ұшыраған аумақты айтады. Ол ғимараттар мен құрылыстардың жаппай қирауымен, коммуналдық-энергетикалық шаруашылық желілердегі апаттармен, радиоактивтік зақымданулармен және адамдардың едәуір шығындалуымен сипатталады.
Химиялық қару – бұл улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Адам организміне әерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:
Жүйке жансыздыратын УЗ.
Теріні іріңдеткіш УЗ.
Жалпы улы УЗ.
Тұншықтырғыш УЗ.
Психохимиялық УЗ.
Тітіркендіргіш УЗ.
Биологиялық қару дегеніміз биологиялық құралдармен жарақталған арнаулы оқ-дәрілер мен ұрыстық аспаптар. Ол адамдарды, ауыл шаруашылығы жануарларын және ауыл шаруашылығы егістерін жаппай құртуға арналған.Биологиялық қару ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін: Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық аурулардың (оба, тулерямия, холера, бруцеллез, сібір язвасы) қоздырғыштары; вирустық аурулардың қоздырғыштары ( шешек(оспа), қызба); риккетсиозды қоздырғыштар (таңбалы қызба, Ку қызбасы, бөртпелі сүзек «тиф»); бопалық аурулардың қоздырғыштары.
Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың (ящур), ірі қара обасының, шошқа обасының, сібір язвасының, маңқаның (сапа), жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары.
Өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, жүгері және басқа дақылдардың солу қоздырғыштары, өсімдіктердің зиянкес жәндіктері және басқа да химиялық заттар.