Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»
Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.
Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!».Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!».Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа – бұ-рыл!», пәрмендері бойынша орындалады.
Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағытта жалғастыру керек.
Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?