Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


Дәріс№45 Жаппай зақымдау қаруынан қорғану құралдары



бет84/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№45 Жаппай зақымдау қаруынан қорғану құралдары
Радиоактивтік заттардан қорғанысты паналармен қатар радиацияға қарсы тасалар да қамтамасыз етеді. Олар радиоактивтік заттардан қорғаумен бірге, жарықтық сәулеленуден, өткір радиациядан, соққы толқыннан қорғайды. Радиацияға қарсы тасалар ретінде ғимараттардың подвалдары, үйлердің ұралары, көкөніс қоймалары, тұрғын және өндірістік үй-жайлардың цокольдық және бірінші қабаттары пайдаланылуы мүмкін. Тасалардың жабдықталуы панадағы нормаларға сәйкес заттармен, бөлмелермен, су, электр тоғымен жабдықталады. Тасалар әрбір 5-6 сағат сайын желдетіледі, бұл үшін тарқыш қораптағы ысырмалар 15-20 минутқа ашылады. Желдету кезінде адамдар тыныс органдарын қорғау құралдарын киюге тиіс. Бұл уақытта өтпелі жел болмау үшін есіктер тығыз жабылуы керек. Тамақ пен су ішкен уақытта есіктер мен желдеткіш қораптарды ашуға болмайды. Азық-түлік пен суды мұқият қымталған күйде сақтау керек.
Осы заманғы дозиметрлік аспаптардың барлығы иондау әдісінің негізінде жұмыс істейді. Иондаушы сәулелердің әсерімен оқшауланған көлемде, газдың электрлік бейтарап (нейтралды) атомдары оң және теріс иондарға бөлінеді. Егер осы көлемде тұрақты кернеу келтірілген екі электродты орналатырсақ, ода иондалған газда электродтар арасында зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондаушы ток деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның шамасын өлшеп, радиоактивтік сәулелердің қарқыны туралы білуге болады.
Доза қуатының өлшеуіші ДП-5В аспабы әр турлі заттардың гамма-сәулелену бойынша гамма-радиациясы мен радиоактивтік ластануының деңгейін өлшеуге арналған және бетта-сәулеленуді байқауға арналған. Радиация деңгейін өлшеу 1 метр биіктікте, яғни адамның негізгі өмірлік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі.
Аспапты жұмысқа дайындау реті:

  1. Ауыстырғыштың тұтқасын «РЕЖ» жағдайына қою керек.

  2. Бас телефондарын киіп, оларды өлшегіш пультке қосу керек.

  3. Блоктыңайналма экраның «К» жағдайына қойып, телефонның шертпесін қадағалау керек. Телефон дұрыс жұмыс істегенде телефондағы шертпе біріншіден басқа барлық поддиапазонда естіледі.

  4. Ауыстырғыштың тұтқасын «РЕЖ» жағдайында, детектілеу блогының экранын «Г» жағдайына қойып, құнлақтың төменгі бөлігіне жайғастыру керек. Аспап жұмысқа дайын.

Поддиапазондарды ауыстырып тұрып зақымдану дәрежесін өлшеуге кірісу керек. Зақымдану өлшеулері арнайы кестеге сай есептеледі. Ұзақ жұмыс істегенде әрбір 30-40 минуттан кейін аспаптың жұмыс режимін тексеріп отыру керек.
Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы:§7.9-337;§7.10.-343 бет оқып шығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет